Жаңалықтар

Ал әзірше бәрі керісінше болып тұр

Ал әзірше бәрі керісінше болып тұр. Теледидардың түймесін басып қалсаң – орысша, радионы ашып қалсаң – орысша, далада жүрсең де, кеңсеге кірсең де – орысша. Орысша, орысша, орысша… Мұндайда өзінің бет-бейнесін жоғалтып алғандарға өкпе артудың өзі орынсыз сияқты болып көрінеді екен кейде. Алайда «Әкесін сабағанды көріп жүрміз, арбаның доңғалағына байлап қойып сабағанды бірінші көруім», - деп бір әпербақанның айтқанындай немесе «Бояушы бояушы дегенге сақалын бояйды» дегендей өзінің халқын ғайбаттап немесе оны мансұқ етіп опа тапқысы келетін қандастарымыздың қылығы еш қалыпқа симайды. Адам табиғатына сатқындық жат. Арға дақ түсіретін осынау келеңсіз құбылыстан кім де болса бойын аулақ салуға тырысады. Алда-жалда пәнәйі бір себептермен осындай абыройсыз атаққа ілініп кеткен пенде пұшайман күйге түсіп, қатты күйзелуші еді. Ал біздің қазіргі жаңа қазақтарға «Ұлтыңды жамандап ұшпаққа шықпайсың» десең, «Сонда қазақ боламын деп өмір көшінен қалуым керек пе?!» деп ырбаңдайды. Өкінішке қарай осындай «көзқамандар» (көрнекті ғалым Р. Бердібай енгізген термин) барған сайын көбейе түсуде. Олардың көбейгені соншалық – мемлекеттік деңгейге дейін көтеріліп, Үкіметтің биік мінбесінен Үкімет басшысының аузымен (Ә. Қажыгелдин) қазақ тілі өзге тілден артық болмау керек деген емеуріндегі әңгімелер айтылды. Мұндай сөздерді естігенде асып-тасып төрге озбақ түгілі өз елінің босағасынан әрең сығалап жүрген қайран тілдің жағдайы есіңе түсіп, еріксіз қынжыласың. Ал көзқамандарымыз басқаша ойлайды. Белгілі қаламгер Төлен Әбдікұлының айтқанындай, олар ұлттың өзіне қарсы, қазақ тілінен шала сауаттылар өздерінің надандығын тілдің жұтаңдығы деп ұғып, білмейтін тілі туралы төрелік айтып, дәстүрді білмейтіндер дәстүрді жоққа шығарып, оқыған үш кітабы ішіне симай бүкіл зиялы қауымға ақыл үйретіп, өз халқының ар-намысына тиіп, найсаптықтың небір үлгісін көрсетуде («Егемен Қазақстан», 21-наурыз, 2001-жыл). Сөз ұғар адамға бұдан артық не айтуға болады. Бүгінде аяқ басқан сайын кездесетін осындай «найсаптыққа» жақында өзім де куә болдым. Мұндайда ішегіңді тартып «Астапыралла» дегеннен басқа амалың қалмайды екен. Енді өзімді жаман түс көргендей тіксіндірген әңгіменің желісін оқырманға баяндап берейін Міне 31-телеарна. Экранда бір топ адам әңгіме-дүкен құру үстінде. Олардың арасында көпшілікке таныс бейнелер мен есімдер де жоқ емес. Мысалы, танымал саясаткер, белгілі оппозиционер Сейдахмет Құттықадам, танымал телешолушы, саясаткер Гүлжан Ерғалиева.
22.07.2013 04:59 3559

Ал әзірше бәрі керісінше болып тұр. Теледидардың түймесін басып қалсаң – орысша, радионы ашып қалсаң – орысша, далада жүрсең де, кеңсеге кірсең де – орысша. Орысша, орысша, орысша… Мұндайда өзінің бет-бейнесін жоғалтып алғандарға өкпе артудың өзі орынсыз сияқты болып көрінеді екен кейде. Алайда «Әкесін сабағанды көріп жүрміз, арбаның доңғалағына байлап қойып сабағанды бірінші көруім», - деп бір әпербақанның айтқанындай немесе «Бояушы бояушы дегенге сақалын бояйды» дегендей өзінің халқын ғайбаттап немесе оны мансұқ етіп опа тапқысы келетін қандастарымыздың қылығы еш қалыпқа симайды.

Адам табиғатына сатқындық жат. Арға дақ түсіретін осынау келеңсіз құбылыстан кім де болса бойын аулақ салуға тырысады. Алда-жалда пәнәйі бір себептермен осындай абыройсыз атаққа ілініп кеткен пенде пұшайман күйге түсіп, қатты күйзелуші еді. Ал біздің қазіргі жаңа қазақтарға «Ұлтыңды жамандап ұшпаққа шықпайсың» десең, «Сонда қазақ боламын деп өмір көшінен қалуым керек пе?!» деп ырбаңдайды.

Өкінішке қарай осындай «көзқамандар» (көрнекті ғалым Р. Бердібай енгізген термин) барған сайын көбейе түсуде. Олардың көбейгені соншалық – мемлекеттік деңгейге дейін көтеріліп, Үкіметтің биік мінбесінен Үкімет басшысының аузымен (Ә. Қажыгелдин) қазақ тілі өзге тілден артық болмау керек деген емеуріндегі әңгімелер айтылды. Мұндай сөздерді естігенде асып-тасып төрге озбақ түгілі өз елінің босағасынан әрең сығалап жүрген қайран тілдің жағдайы есіңе түсіп, еріксіз қынжыласың.

Ал көзқамандарымыз басқаша ойлайды. Белгілі қаламгер Төлен Әбдікұлының айтқанындай, олар ұлттың өзіне қарсы, қазақ тілінен шала сауаттылар өздерінің надандығын тілдің жұтаңдығы деп ұғып, білмейтін тілі туралы төрелік айтып, дәстүрді білмейтіндер дәстүрді жоққа шығарып, оқыған үш кітабы ішіне симай бүкіл зиялы қауымға ақыл үйретіп, өз халқының ар-намысына тиіп, найсаптықтың небір үлгісін көрсетуде («Егемен Қазақстан», 21-наурыз, 2001-жыл). Сөз ұғар адамға бұдан артық не айтуға болады.

Бүгінде аяқ басқан сайын кездесетін осындай «найсаптыққа» жақында өзім де куә болдым. Мұндайда ішегіңді тартып «Астапыралла» дегеннен басқа амалың қалмайды екен. Енді өзімді жаман түс көргендей тіксіндірген әңгіменің желісін оқырманға баяндап берейін

Міне 31-телеарна. Экранда бір топ адам әңгіме-дүкен құру үстінде. Олардың арасында көпшілікке таныс бейнелер мен есімдер де жоқ емес. Мысалы, танымал саясаткер, белгілі оппозиционер Сейдахмет Құттықадам, танымал телешолушы, саясаткер Гүлжан Ерғалиева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға