Жаңалықтар

Қытайлық миллионер байлығын 20 жыл бойы ұлынан жасырып келген

Қытайлық миллионер байлығын 20 жыл бойы ұлынан жасырып келген
Фото: Weibo/Bilibili 28.03.2024 16:20 2078

Қытайлық миллионер Чжан Ю Ду 20 жыл бойы өзіне тиесілі активтерін туған ұлынан жасырып келген. 51 жастағы ер адам Malia Prince тағамдар компаниясының негізін қалаушы екені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Чжан Ю Ду миллионердің ұлы әкесінің компаниясы бар екенін білсе де, өте қарапайым жағдайда өсті. Алайда, бала нақты мән-жайды білмеген. Әкесі ұлына бизнесті сақтап қалу үшін үлкен қарызға батқанын айтқан.

24 жастағы Цзы Лу Хунань провинциясындағы ең жақсы мектепті бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін, әкесіне қарыздарын өтеуге көмектесу үшін жұмыс табуды армандайды. Кейін жас жігіт әкесімен ашық сөйлескеннен кейін қаржылық әл-ауқаты туралы біледі. Осылайша бай отбасы 10 миллион юань (670 миллион теңге) тұратын сарайға көшті, ал кіші Чжан әкесінің компаниясында жұмыс істей бастады.Жігіт өзін лайықты көшбасшы ретінде көрсеткен жағдайда компанияға иелік ететіні айтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға