Жаңалықтар

Характер жасау жолында

Қазақ Совет әдебиетінің кең құлаш жайып, қаулап өсіп келе жатқандығына айғақ көп. Бұл күнде әдебиеттің бар жанрын емес, бір жанрының өзін түбегейлі әңгімелеу оңайға түспейді. Мәселен, өткен бір жылдың өзінде ғана жеті-сегіз роман жариялануы осыны байқатса керек. Бұл арада жекелеген жинақтарды, әңгіме-новелла, повестерді, очерктерді сөз етіп отырғанымыз жоқ. Прозаның осы түрлерінің де арнайы әңгіме козғарлық, пікір алысарлық жайлары толып жатыр. Осы мақаламызда соңғы жылдарда жарық көрген қазақ романдары төңірегінде кейбір ойларымызды ортаға салғымыз келеді. Ең алдымен, қазіргі романдардың тақырыптық ауқымы кеңейе түскенін, халқымыз тарихының түрлі кезеңдері, Қазақстанның шартараптарында болған оқиғалардың тізбегі молынан көріне бастағанын айтар едік. Мәселен, М.Қаратаевтың «Даладағы дабыл» романы қазіргі Қарсақпай, Байқоңыр өндіріс ошақтарының сонау 1913 жылдан бергі жай-күйін әңгімелейді, сол революңиялық қозғалыс жетекшілерінің іс-әрекетін көрсетеді. Ә.Нүрпейісов өзінің «Қан мен тер» романында Арал балықшыларының, сол маңдағы елдердің бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ауыр өмірін суреттейді. Ал ақын А.Тоқмағамбетов өзінің «Әке мен бала» романында Октябрь революциясынан кейінгі кездегі Оңтүстік Қазақстанның хал-ахуалын көрсетуді көздеген. Жазушы Х.Есенлсановтың азамат соғысы лсылдарының оқиғаларына арналған «Ақ лсайық» романының екінші кітабы шықты. Қазақстанда Совет өкіметінің орнығу процесін Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін», С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романдарынан көреміз. ¥лы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбекшілерінің қалсырлы қызметі Ө.Қанахиннің «Дәмелі» романына арқау болған. Қазіргі дәуір шындығынан жазылған төрт романды айтамыз. Олар: М.Әуезовтің «Өскен өркені», З.Шашкиннің «Теміртауы» мен «Доктор Дархановы», Т.Әлімқұловтың «Ақбоз аты». Қазақ совет әдебиеті тарихының ешбір кезеңінде қысқа мерзім ішінде мұншама роман туған емес. Осы аталған лсәне басқа да шығармалардан көрінетін тағы бір лсаңалық - бұларда түрлі лсазушылық тәсіл, стиль жемістері көзге түседі. Қазіргі көркем шығармаларда алдын ала белгіленген маршрутпен жүретін, өмірі қателеспейтін, аузынан бейсауат, бөгде сөз шықпайтын, бірақ іс-әрекеті ешкімді сендірмейтін сүлде бейнелерге орын тарылып бара лсатқаны да - сүйсіне байқар жайт. Сондай-ақ бір ғана қара бояу лсағылып көрсетілетін ұнамсыз кейіпкерлер де азая бастағандай. Адамдарды диалектикалық түрде тану, характерлерді іс-әрекеті, іштей өсуі үстінде көрсету қалсеттігі күшейді. Осыған байланысты қаһармандардың дара бейнесін, психикалық келбетін  нақтылы  анықтықпен  беруге  умтылу  байқалады. Шығармадан өмір шындығын көбірек кездестіре бастадық. Енді сол туындылардан толық сипатталған, әрі типтік, әрі даралық пішіні анық бейнелерді іздеуіміз де әбден орынды. Ендеше кейінгі лсылдарда лсарияланған қазақ романдары әдебиетімізді қандай соны характерлермен байытты дегенге тоқталуымыз керек. Қазақстанда Совет өкіметінің орнығу, нығаю кезеңіне арналған «Мөлдір махаббат», «Дауылдан кейін» романдарының көптеген танытқыш қасиеті барлығы әдеби сында қалыптасқан пікір деуге болады. Осы шығармалардағы Бүркіт, Бәтес, Әбу, Шәкен лсәне Аман секілді көркем бейнелер омір ақиқатынан алынғаны, бұлардың басындағы іс-әрекеттен тап тартысының қатал шындығы елестейтіні де шүбәсіз. Біздіңше «Мөлдір махаббаттың» да, «Дауылдан кейіннің» де пегізгі кейіпкерлері суреттелген дәуірінің көп сырын, шынын бойыпа сыйғыза білген типтік бейнелер. Революцияға дейінгі және азамат соғысы тусындағы ел жағдайын жаңғырта суреттеуді көздеген екі-үш романда да («Ақ Жайық», «Қан мен тер», «Даладағы дабыл») өмірде болған оқиғалар шелсіресі шертіледі. «Ақ Жайықтағы» Әйтенов, Дмитриев, Хакім, «Даладағы Дабылдағы» Деев, Холмецкий, Шәріпов сияқты бас кейіпкерлер өздерінің негізінен  ақиқат іс-әрекетімен көрсетілген. Ертедегі қазақ болмысының тағы да бір тарамын Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер» романынан танимыз. Бул шығармадан пішіні, мүсіні дараланып шыққан бірнеше пікірлерлерді нұсқай аламыз. Намысты, жігерлі жігіттер Еламан, Қален, Рай, пайымы күшті болғанымен, қолы қысқа Сүйеу қарт, даланың тақыс түлкісі Тәңірберген, бақытсыз сулу Ақбала секілденген бейнелер осыны растайды. Бұл күнде тарихқа айналған дәуірлер өмірін лсаңғырта суреттеген романдардан, сөз лсоқ, талай-талай нақтылы мағлұматтар аламыз. Сонымен қатар, олардан бұрын әдебиет олемінде корінбеген тың тұлғалар кездестіреміз. Мәселен, М.Қаратаевтың      «Даладағы      дабыл»      романында      бір қызғылықты кейіпкер бар. Ол - Шахмет ишан. Бізде осы кезге дейін шығармаларда ишан аталғанның бәрі құбыжық болып түсіндірілетін. Байқап қарасақ, ишанның бәрі соқыр сенім таратушы бола бермейді екен. «Даладағы дабылда» халықтың мұң-мұқтажын жіті біліп отыратын, замана бағдарын жақсы танитын, әділдік сезімі күшті, туралықтан таймайтын Шахмет ишан бейнесі нанымды жасалған. Бұрын жазушыларымыздың қаламына көп ілінбеген түрлі адам типтері көріне бастауын құптауымыз керек. Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы Жүніс қажы, оның баласы Хакім нақтылы өмір материалын зерттеудің жемісі. «Қан мен тердегі» Судыр Ахметтің бойынан қазақтың ескі мешеу тіршілігі қалыптастырған қалдықтар ұшырайды. «Даладағы дабылда» нанымды, ұнамды көрсетілген Кейкі секілді образды да бұрын әдебиетте кездестіргеніміз жоқ еді. Бұл аталған кейіпкерлердің өзгеден айырымы атында немесе істейтін ісінде ғана емес, бұлар белгілі бір кезең, дәуірдің жаратындылары. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романында түрлі мінез иелерінің шоғыры мол. Өтірік айтып оп-оңай бөсе салатын бос белбеу Әбен, даукес Тәуке, албырт Таймас, қатал жылқышы Қазанғап, адуын әйел Танакөз, берекесіз ауылнай Байбол, парақор кәрі би Мақаш, сабырлы, діндар Сапар секілді анық өмірлік мінездер романда баршылық. Бұл мысалдар жазушыларымыздың әрқайсысы өмір қабаттарын түбегейлі тексеріп, жаңа характерлер іздеу жолында еңбек сіңіріп жүргендігін сипаттайды. Замандас өміріне арналған романдар ішінен З.Шашкиннің «Теміртауы» мен Қ.Оразалиннің «Ақ жазығына» кезінде түрлі пікірлер айтылып, талдаулар жасалған. Біз кейінгі жылдар туындылары ішінен романдарға жетекші кейіпкерлер жасау мәселесіне кеңірек тоқталсақ дейміз. Замандастар өмірінен күрделі шығарма тудыру жаңа адам, жаңа характер проблемасымен тығыз байланысты. Ендеше осы романдардан нендей тың тұлғалар таптық, бұл шығармаларда көтерілген мәселелер    қаншалықты    монді,    терең    деген    жайларды әңгімелеу шарт. М.Әуезовтің «Өскен өркен» романы - қазіргі Қачақстаи өмірінен жазылмақ эпопеяның алғашқы кітабы. Бұл романді оқиға желісіне негіз болған басты екі проблема бар. Біріншісі  - малшылардың жай-күйі, жұттан құтылу жайы; екіншісі адам санасындағы зиянды ескіліктермен күресу міндепері. Қазақстанның оңтүстігінде ірі облыстың партия ұйымын секретарь боп тағайындалған Нил Петрович Карпов қайтсек жұттан құтьшуға болады деген мәселені қатты зертгсііді. Қандай ақылды қаһарманды да ойландырарлық, толғандырарлық істер үстінде Карпов бейнесі ең бір қажет, өмірлік, адамдық қасиет, сапа жағынан іріленіп көрінеді. Роман басында Жандоспен, Әсиямен бірге Алматыді филармония артистерінің ойынын көрген кезден бастап ор моселеге партиялық, халықтық үлкен өлшеммен қарай білетінін байқатқан Карпов бейнесі шығарма соңында жетіліп, голысып шыққан. Біздің байқауымызша, Карпов тұлғасы одсбиетімізге қосылған қызғылықты, кесек характер. Оныц бойынан қазіргі орыс адамының алдыңғы қатарлы өкілініц, партия жетекшісінің, мемлекет қайраткерінің жиын белгілері габылады, ІІІыгармада қазақ әйелдерінің қызғылықты тулғалары ерекше көз тартады. Өмірден көп нәрсені көре де, уға да білген, мәдениетті, білімді әйел - Әсияның арқалаған жүгі кітап  көлемінде үлкен емес. Дегенмен оның мінез, парасат,  пайым иесі екені бір-екі көріністе айқындалып қалады. Ал жазушының тыңнан ашқан кейіпкерлерінің бірі - балғын жас Айсулу. Дәлірек айтқанда, романдағы сюжеттік-тартыс тық желінің бір саласы осы Айсулуға байланысты өрбиді. Жазушы қазіргі ауыл қызының аса сүйкімді келбетін жасай алған... Романда партия, совет қызметкерлерінің, шопандардың көп істері нақтылы көрсетіледі. Мәселен үш ауданның партын комитетінің секретарьлары түрлі сипатымен, даралығымен берілген. Осы айтылғандар «Өскен өркен» романы бүкілхалықтық мәні бар проблемаларды кең көлемде батыл көтергендігімен ғана емес, әр түрлі нанымды, әрі жаңа характерлермен де қымбат екендігін көрсетсе керек. Өткен жылы жарық көрген елеулі шығарманың бірі -жазушы Т.Әлімқұловтың «Ақбоз ат» романы. Бұл - қазіргі заман тақырыбын батыл көтерген, өмірдің, тұрмыстың өзгеше қызық жайларын әңгімелеген туынды. Мунда бір кезде болған, біткен оқиғалар елесі емес, бірталай адамның жанды тарихы, бұрыннан бүгінге дейінгі өмір өткелдері ерілген. Қоғамның да, жеке адамның да басындағы ірі өзгерістер нақтылы оқиға, кейіпкерлер арқылы сездіріледі. Ілгеріде жақсылық сипаттарын атүсті болса да атап өткіміз келген кейбір романдардың бойынан байқаған кемшілікті де бүгіп қалу жөн болмас еді. Шындығына келгенде сол зайыр оқиғаларды, ақиқат адамдар істерін айтып отырған романдардың көпшілігі-ақ ауыр оқылады, қалдырар әсері күшті бола бермейді. Кейде жазушының кейіпкері мінездеу, даралау шеберлігіне, бағзы бір жайларда өмірлік ситуациялар тапқыштығына немесе байқағыштығына сүйсінеміз. Бірақ, соншама рас сияқтанған тарихтар мен тағдырлар неге бізді қатты толғандырмайды? Үлкен олқылық - өмір материалын екшеудің, іріктеудің аздығында. Оқиғаның шыншыл болуы қажет-ақ. Ондай қасиет романдарда табылады. Амал не, өмір оқиғаларын характер заңдылығымен қабыстырмай, узыннан узақ тарта беру дағдыға айналып барады. Бул көп романнан-ақ байқалады. Мәселен, «Ақ Жайық» романының бірсыпыра окиғалары аса зәрулікпен келгені сезілмейді. Бір-бірімен қатал жалғаспай жатқан ойдым-ойдым көріністер дәуірдің жалпы аласапыран ахуалынан дерек бергенмен, образдар тарихын, эволюциясын тануға көмектеспейді. Эпопеялық жоспардағы шығарма халық емірінің түрлі қубылыстарын кеңірек қамтуға мүмкіндік беретіні рас. Алайда, іс іс үшін, оқиға оқиға үшін алынбай, әрбір тарау, эпизод объективтік шындықпен де, характер шындығымен де далелді, заңды жалғасып келсе, жақсы болар еді демекпіз. Қазақ романдарындағы шұбалаңқылықтың бір себебі шығарманың жетекші, басты қаһармандарын ұзақ уақыт тасада жоғалтып жіберуден, солардың іс-әрекеті көрсетілген тарау мен қайта айналып көрінуінің арасында себептік жалғастық сезілмеуден деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда кітапта қанша тарау болса, сонша жаңа кейіпкерлер туындай береді. Қай эпизодты қанша керсетем десе де автордың қолын ешкім «қақпайды». Мұндай тәсілмен, сірә, оқиға атаулының шегіне жету оңайға соқпас. Біздің прозашы жолдастар осы мәселеге ой жүгіртіп көрсе дер едік. Кейде көркемдік жағынан нанымды тараулар шығарманың өзекті мақсатына қызмет атқармайтын кезі болады. Мәселе, Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер» романында жеке-дара алғанда тартымды баяндалған кейбір тараулар басы артық әшекей секілденіп турады. Жекенің мәні жалпыға қатыстылығьімен, жалпыньщ мәнін ашуға септігін тигізе алатывдығымен өлшенеді ғой. Айталық, балықшылар өмірінің ауырлығын дәлелдеу үшін, соларды неше қайтара көрсетудің қажеті қанша? Сонда автор алғашқы суреттегеніне нендей жаңалық қосты, кейіпкерлері тың әрекетімен өсе түсті ме деген сияқты сұраулар қоюға болады. Біздің байқауымызша, «Қан мен тердің» әлсіз жағы жазушының бас қаһармандарды өсірер желіні ширата алмауывда. Мәселен, Еламан мен Қаленді кенет кісі өлтіргіш етіп, көзден таса еткеннен гөрі, олардың сондай сойқан істерге қалай барғанына дейінгі байланыстарды суреттеу ұтымдырақ болар ма еді, қайтер еді? Мәселе, шынында, кісі өлімінің, не балықшылар азабының санымен емес, адамдар іс-әрекетінің, қарым-қатынасының типтілігімен, нанымдылығымен, толықтығымен өлшенбей ме? Жазушы З.Шашкиннің «Доктор Дарханов» романында сарактерлерді ашпайтын, тек сырт, объективтік себепті (қалындата» түсу мақсатымен алынған көріністер бар. Дәрігер Іияздың бір рет Москваға, екінші рет Қырымға барып екі профессордан тәлім алғаны бірін-бірі қайталаудай сезіледі. Ниязды қудалату үшін Москва профессорын абақтыға жаптыру қажет болыпты. Характер зандылығы ескерілмеген кезде оқушы күдік, сұрау атаулыны қанша көп қойса да хақы бар. «Доктор Дархановтың» аяқталған жері де ұтымды дей алмасақ керек. Баяғы кезде жазықсыз абақтыға түсіп қалам ба деп, үйін тастап, әйелінен айырылып, қызметті қалдырып қашқан Ниязды түсінуге болатын еді. Енді оның дау-таласта өз шындығын дәлелдей бастаған, жағдайы түзелген кезде жаңалығын дәйекті етпей, канал бойына жөнеп кеткеніне жол болсын! Жазушы Т.Әлімқұлов та «Ақбоз ат» романында өмір материалын жеткілікті сәйкестікпен іріктеп алмаған сияқтанады. Ақбоз атқа айырбасталған Гүлнәш тарихын қызыға, беріле баяндаймын деп, кейбір, басқа басты кейіпкерлерінің әрекет етер өрісін тарылтқан. Гүлнәштың ертеде өткен хикаясы қысқарақ қайырылып, қазіргі жағдай көбірек айтылуы ұтымды болғандай екен. Біздегі бір үлкен кемістік - қаһармандардың іс-әрекетіне, әр түрлі қубылысына дәлелдеменің (мотивировканың) жетімсіздігі. Бай мен кедейдің бір-біріне қырбай, қиғаш келетінін әлеуметтік жағынан көрсетумен ғана іс бітпейді. Кейіпкердің қандай да болмасын тосын шешімге келуіне сенімді психологиялық дәлелдеме қажет. Шығарма кейіпкерінің ісіне, мақсатына ойша түсінгенімізбен әсерленбейтініміз неліктен? Бұл, біздіңше, қаһармаңдардың даралық кескін, мінезінің жақсы ашылмауынан. Көп образдардың пәлендей, түгендей істерін оқығанмен, анық бейнесі көзге елестемеуі де сондықтан. Бізге кейіпкердің кәсібі, тегі, көзқарасы, сөздері қанша толық баяндалғанымен, солардың есте қалар, қайталанбас белгілері көбінше таптырмай-ақ қала береді. Ал характердің даралық анықтығы жоқ жерде нағыз өнер болушы ма еді? Көркем шығармада кейіпкерлердің шамадан тыс ағыл-тегіл болуы да жағдайды қиындата түседі. Қаһарман көптігі жөнінен біздің ромаңдарымыз басқаларды алға салмайды. Бір мысал, М.Шолоховтың «Көтерілген тың» романының екі кітабында қатысатын кейіпкерлер елу шақты. Ал Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романының бірінші кітабындағы кездесетін бейнелер саны жүзден әрі асып жығылады. Бәлкім, біздің салыстыруымыз онша сәтті де болмас. Бірақ, жалпы алғанда, қазак романдарында аса зәруліксіз қатарға қосылып, кейіннен жан ауыртпай ұмыт қала беретін «басы артық» қаһармандар жиі кездесетіні кәміл. Біздің романистеріміз қаламгерлік ұсталықтың көп қырларын жетілдіре түсуге тиісті. Оқушы жұртшылық шын мәнісінде толымды өнер туындысына, анық мүсінделген қаһармандар бейнесіне сусап отырғанын есте тұталық. 1963
13.11.2013 09:25 8308

Қазақ Совет әдебиетінің кең құлаш жайып, қаулап өсіп келе жатқандығына айғақ көп. Бұл күнде әдебиеттің бар жанрын емес, бір жанрының өзін түбегейлі әңгімелеу оңайға түспейді. Мәселен, өткен бір жылдың өзінде ғана жеті-сегіз роман жариялануы осыны байқатса керек. Бұл арада жекелеген жинақтарды, әңгіме-новелла, повестерді, очерктерді сөз етіп отырғанымыз жоқ. Прозаның осы түрлерінің де арнайы әңгіме козғарлық, пікір алысарлық жайлары толып жатыр. Осы мақаламызда соңғы жылдарда жарық көрген қазақ романдары төңірегінде кейбір ойларымызды ортаға салғымыз келеді.

Ең алдымен, қазіргі романдардың тақырыптық ауқымы кеңейе түскенін, халқымыз тарихының түрлі кезеңдері, Қазақстанның шартараптарында болған оқиғалардың тізбегі молынан көріне бастағанын айтар едік. Мәселен, М.Қаратаевтың «Даладағы дабыл» романы қазіргі Қарсақпай, Байқоңыр өндіріс ошақтарының сонау 1913 жылдан бергі жай-күйін әңгімелейді, сол революңиялық қозғалыс жетекшілерінің іс-әрекетін көрсетеді. Ә.Нүрпейісов өзінің «Қан мен тер» романында Арал балықшыларының, сол маңдағы елдердің бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ауыр өмірін суреттейді. Ал ақын А.Тоқмағамбетов өзінің «Әке мен бала» романында Октябрь революциясынан кейінгі кездегі Оңтүстік Қазақстанның хал-ахуалын көрсетуді көздеген. Жазушы Х.Есенлсановтың азамат соғысы лсылдарының оқиғаларына арналған «Ақ лсайық» романының екінші кітабы шықты. Қазақстанда Совет өкіметінің орнығу процесін Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін», С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романдарынан көреміз. ¥лы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбекшілерінің қалсырлы қызметі Ө.Қанахиннің «Дәмелі» романына арқау болған. Қазіргі дәуір шындығынан жазылған төрт романды айтамыз. Олар: М.Әуезовтің «Өскен өркені», З.Шашкиннің «Теміртауы» мен «Доктор Дархановы», Т.Әлімқұловтың «Ақбоз аты». Қазақ совет әдебиеті тарихының ешбір кезеңінде қысқа мерзім ішінде мұншама роман туған емес.

Осы аталған лсәне басқа да шығармалардан көрінетін тағы бір лсаңалық - бұларда түрлі лсазушылық тәсіл, стиль жемістері көзге түседі.

Қазіргі көркем шығармаларда алдын ала белгіленген маршрутпен жүретін, өмірі қателеспейтін, аузынан бейсауат, бөгде сөз шықпайтын, бірақ іс-әрекеті ешкімді сендірмейтін сүлде бейнелерге орын тарылып бара лсатқаны да - сүйсіне байқар жайт. Сондай-ақ бір ғана қара бояу лсағылып көрсетілетін ұнамсыз кейіпкерлер де азая бастағандай. Адамдарды диалектикалық түрде тану, характерлерді іс-әрекеті, іштей өсуі үстінде көрсету қалсеттігі күшейді. Осыған байланысты қаһармандардың дара бейнесін, психикалық келбетін  нақтылы  анықтықпен  беруге  умтылу  байқалады.

Шығармадан өмір шындығын көбірек кездестіре бастадық. Енді сол туындылардан толық сипатталған, әрі типтік, әрі даралық пішіні анық бейнелерді іздеуіміз де әбден орынды. Ендеше кейінгі лсылдарда лсарияланған қазақ романдары әдебиетімізді қандай соны характерлермен байытты дегенге тоқталуымыз керек.

Қазақстанда Совет өкіметінің орнығу, нығаю кезеңіне арналған «Мөлдір махаббат», «Дауылдан кейін» романдарының көптеген танытқыш қасиеті барлығы әдеби сында қалыптасқан пікір деуге болады. Осы шығармалардағы Бүркіт, Бәтес, Әбу, Шәкен лсәне Аман секілді көркем бейнелер омір ақиқатынан алынғаны, бұлардың басындағы іс-әрекеттен тап тартысының қатал шындығы елестейтіні де шүбәсіз. Біздіңше «Мөлдір махаббаттың» да, «Дауылдан кейіннің» де пегізгі кейіпкерлері суреттелген дәуірінің көп сырын, шынын бойыпа сыйғыза білген типтік бейнелер.

Революцияға дейінгі және азамат соғысы тусындағы ел жағдайын жаңғырта суреттеуді көздеген екі-үш романда да («Ақ Жайық», «Қан мен тер», «Даладағы дабыл») өмірде болған оқиғалар шелсіресі шертіледі. «Ақ Жайықтағы» Әйтенов, Дмитриев, Хакім, «Даладағы Дабылдағы» Деев, Холмецкий, Шәріпов сияқты бас кейіпкерлер өздерінің негізінен  ақиқат іс-әрекетімен көрсетілген.

Ертедегі қазақ болмысының тағы да бір тарамын Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер» романынан танимыз. Бул шығармадан пішіні, мүсіні дараланып шыққан бірнеше пікірлерлерді нұсқай аламыз. Намысты, жігерлі жігіттер Еламан, Қален, Рай, пайымы күшті болғанымен, қолы қысқа Сүйеу қарт, даланың тақыс түлкісі Тәңірберген, бақытсыз сулу Ақбала секілденген бейнелер осыны растайды.

Бұл күнде тарихқа айналған дәуірлер өмірін лсаңғырта суреттеген романдардан, сөз лсоқ, талай-талай нақтылы мағлұматтар аламыз. Сонымен қатар, олардан бұрын әдебиет олемінде корінбеген тың тұлғалар кездестіреміз. Мәселен, М.Қаратаевтың      «Даладағы      дабыл»      романында      бір қызғылықты кейіпкер бар. Ол - Шахмет ишан. Бізде осы кезге дейін шығармаларда ишан аталғанның бәрі құбыжық болып түсіндірілетін. Байқап қарасақ, ишанның бәрі соқыр сенім таратушы бола бермейді екен. «Даладағы дабылда» халықтың мұң-мұқтажын жіті біліп отыратын, замана бағдарын жақсы танитын, әділдік сезімі күшті, туралықтан таймайтын Шахмет ишан бейнесі нанымды жасалған. Бұрын жазушыларымыздың қаламына көп ілінбеген түрлі адам типтері көріне бастауын құптауымыз керек. Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романындағы Жүніс қажы, оның баласы Хакім нақтылы өмір материалын зерттеудің жемісі. «Қан мен тердегі» Судыр Ахметтің бойынан қазақтың ескі мешеу тіршілігі қалыптастырған қалдықтар ұшырайды. «Даладағы дабылда» нанымды, ұнамды көрсетілген Кейкі секілді образды да бұрын әдебиетте кездестіргеніміз жоқ еді. Бұл аталған кейіпкерлердің өзгеден айырымы атында немесе істейтін ісінде ғана емес, бұлар белгілі бір кезең, дәуірдің жаратындылары. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романында түрлі мінез иелерінің шоғыры мол. Өтірік айтып оп-оңай бөсе салатын бос белбеу Әбен, даукес Тәуке, албырт Таймас, қатал жылқышы Қазанғап, адуын әйел Танакөз, берекесіз ауылнай Байбол, парақор кәрі би Мақаш, сабырлы, діндар Сапар секілді анық өмірлік мінездер романда баршылық.

Бұл мысалдар жазушыларымыздың әрқайсысы өмір қабаттарын түбегейлі тексеріп, жаңа характерлер іздеу жолында еңбек сіңіріп жүргендігін сипаттайды.

Замандас өміріне арналған романдар ішінен З.Шашкиннің «Теміртауы» мен Қ.Оразалиннің «Ақ жазығына» кезінде түрлі пікірлер айтылып, талдаулар жасалған. Біз кейінгі жылдар туындылары ішінен романдарға жетекші кейіпкерлер жасау мәселесіне кеңірек тоқталсақ дейміз. Замандастар өмірінен күрделі шығарма тудыру жаңа адам, жаңа характер проблемасымен тығыз байланысты. Ендеше осы романдардан нендей тың тұлғалар таптық, бұл шығармаларда көтерілген мәселелер    қаншалықты    монді,    терең    деген    жайларды әңгімелеу шарт.

М.Әуезовтің «Өскен өркен» романы - қазіргі Қачақстаи өмірінен жазылмақ эпопеяның алғашқы кітабы. Бұл романді оқиға желісіне негіз болған басты екі проблема бар. Біріншісі  - малшылардың жай-күйі, жұттан құтылу жайы; екіншісі адам санасындағы зиянды ескіліктермен күресу міндепері.

Қазақстанның оңтүстігінде ірі облыстың партия ұйымын секретарь боп тағайындалған Нил Петрович Карпов қайтсек жұттан құтьшуға болады деген мәселені қатты зертгсііді. Қандай ақылды қаһарманды да ойландырарлық, толғандырарлық істер үстінде Карпов бейнесі ең бір қажет, өмірлік, адамдық қасиет, сапа жағынан іріленіп көрінеді.

Роман басында Жандоспен, Әсиямен бірге Алматыді филармония артистерінің ойынын көрген кезден бастап ор моселеге партиялық, халықтық үлкен өлшеммен қарай білетінін байқатқан Карпов бейнесі шығарма соңында жетіліп, голысып шыққан. Біздің байқауымызша, Карпов тұлғасы одсбиетімізге қосылған қызғылықты, кесек характер. Оныц бойынан қазіргі орыс адамының алдыңғы қатарлы өкілініц, партия жетекшісінің, мемлекет қайраткерінің жиын белгілері габылады,

ІІІыгармада қазақ әйелдерінің қызғылықты тулғалары ерекше көз тартады. Өмірден көп нәрсені көре де, уға да білген, мәдениетті, білімді әйел - Әсияның арқалаған жүгі кітап  көлемінде үлкен емес. Дегенмен оның мінез, парасат,  пайым иесі екені бір-екі көріністе айқындалып қалады. Ал жазушының тыңнан ашқан кейіпкерлерінің бірі - балғын жас Айсулу. Дәлірек айтқанда, романдағы сюжеттік-тартыс тық желінің бір саласы осы Айсулуға байланысты өрбиді. Жазушы қазіргі ауыл қызының аса сүйкімді келбетін жасай алған...

Романда партия, совет қызметкерлерінің, шопандардың көп істері нақтылы көрсетіледі. Мәселен үш ауданның партын комитетінің секретарьлары түрлі сипатымен, даралығымен берілген.

Осы айтылғандар «Өскен өркен» романы бүкілхалықтық мәні бар проблемаларды кең көлемде батыл көтергендігімен ғана емес, әр түрлі нанымды, әрі жаңа характерлермен де қымбат екендігін көрсетсе керек.

Өткен жылы жарық көрген елеулі шығарманың бірі -жазушы Т.Әлімқұловтың «Ақбоз ат» романы. Бұл - қазіргі заман тақырыбын батыл көтерген, өмірдің, тұрмыстың өзгеше қызық жайларын әңгімелеген туынды. Мунда бір кезде болған, біткен оқиғалар елесі емес, бірталай адамның жанды тарихы, бұрыннан бүгінге дейінгі өмір өткелдері ерілген. Қоғамның да, жеке адамның да басындағы ірі өзгерістер нақтылы оқиға, кейіпкерлер арқылы сездіріледі.

Ілгеріде жақсылық сипаттарын атүсті болса да атап өткіміз келген кейбір романдардың бойынан байқаған кемшілікті де бүгіп қалу жөн болмас еді. Шындығына келгенде сол зайыр оқиғаларды, ақиқат адамдар істерін айтып отырған романдардың көпшілігі-ақ ауыр оқылады, қалдырар әсері күшті бола бермейді. Кейде жазушының кейіпкері мінездеу, даралау шеберлігіне, бағзы бір жайларда өмірлік ситуациялар тапқыштығына немесе байқағыштығына сүйсінеміз. Бірақ, соншама рас сияқтанған тарихтар мен тағдырлар неге бізді қатты толғандырмайды?

Үлкен олқылық - өмір материалын екшеудің, іріктеудің аздығында. Оқиғаның шыншыл болуы қажет-ақ. Ондай қасиет романдарда табылады. Амал не, өмір оқиғаларын характер заңдылығымен қабыстырмай, узыннан узақ тарта беру дағдыға айналып барады. Бул көп романнан-ақ байқалады. Мәселен, «Ақ Жайық» романының бірсыпыра окиғалары аса зәрулікпен келгені сезілмейді. Бір-бірімен қатал жалғаспай жатқан ойдым-ойдым көріністер дәуірдің жалпы аласапыран ахуалынан дерек бергенмен, образдар тарихын, эволюциясын тануға көмектеспейді. Эпопеялық жоспардағы шығарма халық емірінің түрлі қубылыстарын кеңірек қамтуға мүмкіндік беретіні рас. Алайда, іс іс үшін, оқиға оқиға үшін алынбай, әрбір тарау, эпизод объективтік шындықпен де, характер шындығымен де далелді, заңды жалғасып келсе, жақсы болар еді демекпіз.

Қазақ романдарындағы шұбалаңқылықтың бір себебі шығарманың жетекші, басты қаһармандарын ұзақ уақыт тасада жоғалтып жіберуден, солардың іс-әрекеті көрсетілген тарау мен қайта айналып көрінуінің арасында себептік жалғастық сезілмеуден деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда кітапта қанша тарау болса, сонша жаңа кейіпкерлер туындай береді. Қай эпизодты қанша керсетем десе де автордың қолын ешкім «қақпайды». Мұндай тәсілмен, сірә, оқиға атаулының шегіне жету оңайға соқпас. Біздің прозашы жолдастар осы мәселеге ой жүгіртіп көрсе дер едік.

Кейде көркемдік жағынан нанымды тараулар шығарманың өзекті мақсатына қызмет атқармайтын кезі болады. Мәселе, Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер» романында жеке-дара алғанда тартымды баяндалған кейбір тараулар басы артық әшекей секілденіп турады. Жекенің мәні жалпыға қатыстылығьімен, жалпыньщ мәнін ашуға септігін тигізе алатывдығымен өлшенеді ғой. Айталық, балықшылар өмірінің ауырлығын дәлелдеу үшін, соларды неше қайтара көрсетудің қажеті қанша? Сонда автор алғашқы суреттегеніне нендей жаңалық қосты, кейіпкерлері тың әрекетімен өсе түсті ме деген сияқты сұраулар қоюға болады. Біздің байқауымызша, «Қан мен тердің» әлсіз жағы жазушының бас қаһармандарды өсірер желіні ширата алмауывда. Мәселен, Еламан мен Қаленді кенет кісі өлтіргіш етіп, көзден таса еткеннен гөрі, олардың сондай сойқан істерге қалай барғанына дейінгі байланыстарды суреттеу ұтымдырақ болар ма еді, қайтер еді? Мәселе, шынында, кісі өлімінің, не балықшылар азабының санымен емес, адамдар іс-әрекетінің, қарым-қатынасының типтілігімен, нанымдылығымен, толықтығымен өлшенбей ме?

Жазушы З.Шашкиннің «Доктор Дарханов» романында сарактерлерді ашпайтын, тек сырт, объективтік себепті (қалындата» түсу мақсатымен алынған көріністер бар. Дәрігер Іияздың бір рет Москваға, екінші рет Қырымға барып екі профессордан тәлім алғаны бірін-бірі қайталаудай сезіледі. Ниязды қудалату үшін Москва профессорын абақтыға жаптыру қажет болыпты. Характер зандылығы ескерілмеген кезде оқушы күдік, сұрау атаулыны қанша көп қойса да хақы бар. «Доктор Дархановтың» аяқталған жері де ұтымды дей алмасақ керек. Баяғы кезде жазықсыз абақтыға түсіп қалам ба деп, үйін тастап, әйелінен айырылып, қызметті қалдырып қашқан Ниязды түсінуге болатын еді. Енді оның дау-таласта өз шындығын дәлелдей бастаған, жағдайы түзелген кезде жаңалығын дәйекті етпей, канал бойына жөнеп кеткеніне жол болсын!

Жазушы Т.Әлімқұлов та «Ақбоз ат» романында өмір материалын жеткілікті сәйкестікпен іріктеп алмаған сияқтанады. Ақбоз атқа айырбасталған Гүлнәш тарихын қызыға, беріле баяндаймын деп, кейбір, басқа басты кейіпкерлерінің әрекет етер өрісін тарылтқан. Гүлнәштың ертеде өткен хикаясы қысқарақ қайырылып, қазіргі жағдай көбірек айтылуы ұтымды болғандай екен.

Біздегі бір үлкен кемістік - қаһармандардың іс-әрекетіне, әр түрлі қубылысына дәлелдеменің (мотивировканың) жетімсіздігі. Бай мен кедейдің бір-біріне қырбай, қиғаш келетінін әлеуметтік жағынан көрсетумен ғана іс бітпейді. Кейіпкердің қандай да болмасын тосын шешімге келуіне сенімді психологиялық дәлелдеме қажет.

Шығарма кейіпкерінің ісіне, мақсатына ойша түсінгенімізбен әсерленбейтініміз неліктен? Бұл, біздіңше, қаһармаңдардың даралық кескін, мінезінің жақсы ашылмауынан. Көп образдардың пәлендей, түгендей істерін оқығанмен, анық бейнесі көзге елестемеуі де сондықтан. Бізге кейіпкердің кәсібі, тегі, көзқарасы, сөздері қанша толық баяндалғанымен, солардың есте қалар, қайталанбас белгілері көбінше таптырмай-ақ қала береді. Ал характердің даралық анықтығы жоқ жерде нағыз өнер болушы ма еді?

Көркем шығармада кейіпкерлердің шамадан тыс ағыл-тегіл болуы да жағдайды қиындата түседі. Қаһарман көптігі жөнінен біздің ромаңдарымыз басқаларды алға салмайды. Бір мысал, М.Шолоховтың «Көтерілген тың» романының екі кітабында қатысатын кейіпкерлер елу шақты. Ал Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романының бірінші кітабындағы кездесетін бейнелер саны жүзден әрі асып жығылады. Бәлкім, біздің салыстыруымыз онша сәтті де болмас. Бірақ, жалпы алғанда, қазак романдарында аса зәруліксіз қатарға қосылып, кейіннен жан ауыртпай ұмыт қала беретін «басы артық» қаһармандар жиі кездесетіні кәміл.

Біздің романистеріміз қаламгерлік ұсталықтың көп қырларын жетілдіре түсуге тиісті. Оқушы жұртшылық шын мәнісінде толымды өнер туындысына, анық мүсінделген қаһармандар бейнесіне сусап отырғанын есте тұталық.

1963

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға