Жаңалықтар

Мектеп – ел өркені

Біздің елімізде жас ұрпақтың оқып, білім алуы үшін жоғары оқу орындарында, мектепте, балабақшада, тіл үйрететін мекемелерде, т.б. барлық мүмкіндіктер жасалуда.
03.03.2014 03:16 10849

Біздің елімізде жас ұрпақтың оқып, білім алуы үшін жоғары оқу орындарында, мектепте, балабақшада, тіл үйрететін мекемелерде, т.б. барлық мүмкіндіктер жасалуда. Оқыту үшін қажетті техникалық құралдар да жеткілікті: лингафон, компьютер, интерактивті тақта («сиқырлы тақта»), электронды оқу құралы, интернет, мультимедия, т.б. Бродулиха ауданының да мектептерінің өміріне еніп үлгерді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді қарқынды енгізуге тиіспіз, – деп атап көрсетіп, – Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» деген болатын.

«Ұстазына қарай ұстамы» дегендей, бәрі мұғалімінің білімдарлығына байланысты. «Жақсы, білімді ұстаз – оқушының бақыты, білімсіз ұстаз – оқушының соры» деген педагогикалық қағида және бар.

Жаңа индустриялы – инновацияны пайдалану аясында осы тәсілді зерттей отырып оқыту, кейбір ұстаздарымыз үшін шығармашылықпен жұмыс істеуге жол ашты. Оқушыларға білім берудегі оқытушының әртүрлі әдіс-тәсілмен сабақ беруі – (техникалық құралмен) оқушыны білім алуға ынталандырып, білімге құштарлығын оятуда ел құрметіне бөленіп жүрген ұстаздарымыз жетерлік. Оқытуда индустриялық-инновацияны тиімді пайдалану – аудан мұғалімдерінің де өмір талабына айналып отыр.

Биылғы жаңа оқу жылында еліміз бойынша 2,5 миллионнан астам бала мектепке барады. Олардың 265 мыңнан астамы - мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бiрiншi сынып оқушысы. Елімізде 12 жылдық білім беруге көшу бастамасы аясында бастауыш, орта және жалпы білім берудің міндетті мемлекеттік стандарттарының жобасы даярланғандығын жалпақ елге «Қазақстан» телеарнасы хабарлаған еді.

Жоғарыда аталған жобаны әзірлеуші мамандардың бірі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебектің айтуынша, жаңа стандарт негізінде бала мектепке 6 жастан қабылданады екен. Бескүндік оқу бағдарламасына сәйкес, оқушыға баға қою қарастырылмаған. Сабақтың ұзақтығы – 35 минут. Сонымен бірге, 2-3 сыныпта шет тілдері оқытыла бастайды. 5 сынып «өтпелі сынып» ретінде саналады. Өйткені, бұл кезде баланың кәсіби бейімі анықталады дейді мамандар. Ал «Қазақ елі» пәні осы сыныптан бастап енгізіліп, ол 8 сыныпқа дейін оқытылады. 9-10 сыныптарда

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға