Жаңалықтар

Бұл да болса егемендікке қарай ілгерілеу жолындағы қуатты қадамның бірі шығар?

– Нұрсұлтан Әбішұлы, қазірдің өзінде экономикалық дербестікке байланысты бірсыпыра игілікті істердің қолға алынып жатқанын күнделікті мерзімді баспасөзден оқып-біліп жүрміз. Соның ішінде шетелдермен экономикалық қарым-қатынастың жандана бастағаны қуантады. Бұл да болса егемендікке қарай ілгерілеу жолындағы қуатты қадамның бірі шығар? – Әлбетте. Жалпы, экономикалық дербестік, менің пайымдауымда, әлдебір сәндік жаңа леп емес. Ол – қоғамдық дамудағы қажеттілік, шын мемлекеттік егемендіктің басты шарты, мақсаты. Сондықтан экономикалық дербестікті біз еліміздің өз ішінде де, шетелмен де алуан түрлі шаруашылық байланыстарды жолға қоюдың құралы деп білеміз. Қазақстанда ұзақ мерзімді өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды орнату, шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар ашу, еркін экономикалық аймақтар құру үшін ғаламат мүмкіндіктер бар. Мұның өзі өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Себебі шетелдік капиталды өзімізге тартпайынша экономикамызды тез көтере алмаймыз. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірсыпыра іс тындырылды деуге болады. Республика аумағында сыртқы экономикалық үш ассоциация және 9 бірлескен кәсіпорын, «Қазсыртсауда» сыртқы сауда бірлестігі жұмыс істейді. Биылғы жылы Вашингтонда Батыс Қазақстан мұнайын бірлесіп игеру жөнінде американдық «Шеврон» консерциумымен келісімге қол қойылды. Мұның өзі республиканың тікелей қатысуымен жүзеге асырылып, ең алдымен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететін болады. Сондай-ақ өндіріс қалдықтарын ұқсату жөніндегі байланыстарды нығайта түсу де тиімді. Біздің кәсіпорындарда жиналып қалған қайталама ресурстар миллиардтаған тонналармен есептеледі. Егер шетелдік технологияны жөнімен пайдалансақ, табиғи байлықты үнемдеп қана қоймай, қомақты валюта қаржысын да аламыз. Сол сияқты электроника, күрделі тұрмыстық техника, құрылыс материалдарын шығаратын бірлескен кәсіпорындар салу да біз үшін пайдалы болмақ. Қытаймен, Оңтүстік Корея, Азия құрлығының басқа да елдерімен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтудің қолайлы мүмкіндіктерін барынша пайдаланған жөн. Болашақта республика халық шаруашылығының барлық салалары түгелдей сыртқы экономикалық-техникалық байланыстарға тартылатындай жағдайға қол жеткізсек құба-құп. Түйіп айтқанда, шетелдермен экономикалық байланыс орнату енді-енді қолға алына бастады. Біз оның әліппесін үйрену үстіндеміз. Сондықтан да экономикалық дербестікті орталықтың нұсқауынсыз еркін әкету қажет-ақ!
24.07.2013 04:11 2845

Нұрсұлтан Әбішұлы, қазірдің өзінде экономикалық дербестікке байланысты бірсыпыра игілікті істердің қолға алынып жатқанын күнделікті мерзімді баспасөзден оқып-біліп жүрміз. Соның ішінде шетелдермен экономикалық қарым-қатынастың жандана бастағаны қуантады. Бұл да болса егемендікке қарай ілгерілеу жолындағы қуатты қадамның бірі шығар?

– Әлбетте. Жалпы, экономикалық дербестік, менің пайымдауымда, әлдебір сәндік жаңа леп емес. Ол – қоғамдық дамудағы қажеттілік, шын мемлекеттік егемендіктің басты шарты, мақсаты. Сондықтан экономикалық дербестікті біз еліміздің өз ішінде де, шетелмен де алуан түрлі шаруашылық байланыстарды жолға қоюдың құралы деп білеміз. Қазақстанда ұзақ мерзімді өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды орнату, шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар ашу, еркін экономикалық аймақтар құру үшін ғаламат мүмкіндіктер бар. Мұның өзі өмірлік қажеттіліктен туындап отыр. Себебі шетелдік капиталды өзімізге тартпайынша экономикамызды тез көтере алмаймыз. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірсыпыра іс тындырылды деуге болады. Республика аумағында сыртқы экономикалық үш ассоциация және 9 бірлескен кәсіпорын, «Қазсыртсауда» сыртқы сауда бірлестігі жұмыс істейді.

Биылғы жылы Вашингтонда Батыс Қазақстан мұнайын бірлесіп игеру жөнінде американдық «Шеврон» консерциумымен келісімге қол қойылды. Мұның өзі республиканың тікелей қатысуымен жүзеге асырылып, ең алдымен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететін болады. Сондай-ақ өндіріс қалдықтарын ұқсату жөніндегі байланыстарды нығайта түсу де тиімді. Біздің кәсіпорындарда жиналып қалған қайталама ресурстар миллиардтаған тонналармен есептеледі. Егер шетелдік технологияны жөнімен пайдалансақ, табиғи байлықты үнемдеп қана қоймай, қомақты валюта қаржысын да аламыз. Сол сияқты электроника, күрделі тұрмыстық техника, құрылыс материалдарын шығаратын бірлескен кәсіпорындар салу да біз үшін пайдалы болмақ. Қытаймен, Оңтүстік Корея, Азия құрлығының басқа да елдерімен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтудің қолайлы мүмкіндіктерін барынша пайдаланған жөн. Болашақта республика халық шаруашылығының барлық салалары түгелдей сыртқы экономикалық-техникалық байланыстарға тартылатындай жағдайға қол жеткізсек құба-құп. Түйіп айтқанда, шетелдермен экономикалық байланыс орнату енді-енді қолға алына бастады. Біз оның әліппесін үйрену үстіндеміз. Сондықтан да экономикалық дербестікті орталықтың нұсқауынсыз еркін әкету қажет-ақ!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға