Жаңалықтар

Музыкатану

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МУЗЫКАТАНУ – музыка туралы ғылым, өнертанудың бір саласы. М-дың салаларына музыка теориясы (теор. М.), муз. тарихы (тарихи М.), муз. этнография, муз. аспапты зерттеу ғылымы, муз. акустика, муз. психология және музыка сыны жатады. 20 ғ-дың 60 – 70 ж. музыканың қоғамдағы түрлерін зерттейтін ерекше пән ретінде муз. социология бөлінді. Теор. М. музыканың бейнелеу тәсілдерін, даму процесінде қалыптасқан негізгі заңдылықтарын, композиц. әдістерін зерттесе, муз. гармония, полифония, әуен, ырғақ, өлшем, аспаптану, форма сияқты, т.б. пәндер музыканың жеке элементтерін зерттейді. Тарихи М-дың мақсаты – музыка өнерінің даму кезеңдерін музыканың түрлі салаларымен, қоғам өмірінің өзгерістерімен байланыстыра отырып зерттеу. Музыка тарихы муз. шығарм-тың құбылыстарын зертеуде муз.-теор. талдаудың нәтижелеріне сүйенеді. Сонымен қатар зерттелетін құбылыстың тарихи шарттылығын ескермейінше теор. М. қорытындылары толық және ғыл. дәлелді болмайды. Музыка тарихы музыканың жалпы тарихымен қатар жеке ұлттардың музыка тарихын, музыкадағы жанр мен форма (мыс., опера, симфония, соната), орындаушылық өнер түрлерін (пианизм, скрипкалық өнер), М-дың жеке салаларының (мыс., гармония жайындағы ілімнің тарихы) тарихын қамтиды. М-дың маңызды салаларының бірі – музыка сыны. Ол қазіргі замандағы музыка өнерімен қатар өткен заман музыкасындағы құбылыстарды да талдап, бағалайды. Музыкаға ғыл. тұрғыдан қараудың алғашқы көріністері Қытай, Үндістан, Грекия, т.б. елдерде пайда болды. Гректің көрнекті музыка теоретигі Аристоксеннің (Аристотельдің шәкірті, б.з.б. 4 ғ.) музыка құбылысын қарастырған еңбектері бар. Римнің философ-ғалымы Боэцийдің “Музыка жайында” (6 ғ.) атты трактаты орта ғасырдағы музыка теориясының дамуына әсер етті. М-ға Орта Азия ғалымдары (Әбу Наср әл-Фараби, 10 ғ.; Ибн Сина, 10 – 11 ғ-лар), араб, парсы, Византия теоретиктері де мол үлес қосты. Қайта өркендеу дәуірінде полифония ережелері жүйеге келтіріліп, мажорлы-минорлы ладтар жүйесінің және гармония жөніндегі ілімнің негізі қаланды. 18 ғ-да Дж.Б. Мартинидің (Италия, 1781), Дж.Хокинс пен Ч.Бернидің (өлыбритания, 1776 – 89) музыка тарихына арналған ғыл. еңбектері жарық көрді. 19 ғ-да Г.Берлиоз, Р.Шуман, Р.Вагнер, Ф.Лист муз. эстетика және музыка сыны туралы еңбектерінде музыка теориясының мәселелерімен шұғылданды. 19 ғ-дың 2-жартысынан ұлттық муз. мектептер қалыптасып, өркендей бастады. 20 ғ-дың басында муз. фольклористика кең дамыды. ТМД елдерінде А.Д. Кастальский мен Е.В. Гиппиус орыстың, Д.И. Аракашвили грузиннің, В.А. Успенский өзбек пен түрікменнің, А.В. Затаевич, Б.Г. Ерзакович, А. Жұбанов қазақтың муз. фольклорын жинап, зерттеді (қ. Музыкалық этнография). М. ғылымы 20 ғ-да өркен жайды. Жалпы көркемөнер және М. ғылымымен Мәскеу қ-ндағы Өнер тарихы ин-ты, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы Театр, музыка және кинематография ин-ты шұғылданды. М. мақсатында және әр елдің алдыңғы қатарлы музыкант-ғалымдарының өзара шығарм. бірлестікте болуы үшін Мәскеу қ-нда өткен ЮНЕСКО жанындағы Халықар. муз. бірлестігінің 7-конгресі болды (1971). Осы мақсатта тұңғыш рет Алматы қ-нда (1973) Азия елдерінің халықар. муз. симпозиумы, ал 1974 ж. бүкілодақтық фольклорлық комиссияның халық музыкасын зерттеу жөніндегі пленарлық мәжілісі өтті. ҚР өұА-ның Әдебиет және өнер ин-тында қазақ музыка өнерінің тарихы мен даму мәселелері зерттелуде. Қазақ М. ғылымы 20 ғ-дың алғашқы ширегінде қалыптасып, ұлттық мәдениеттің жеке түрі ретінде халық музыка шығарм-н жинап, зерттеу, муз. мұраларды кәсіби өнердің жаңа жанрларында шығарм-пен пайдалану көзделді. Қазақтың муз. фольклорының алғашқы басылымдары – А.В. Затаевичтің “Қазақ халқының 1000 әні” мен “Қазақтың 500 ән-күйлері” атты екі кітабы. Кәсіби өнердің ауызша дәстүрін зерттеу саласында акад. Жұбанов еңбектерінің ғыл. әрі танымдық маңызы ерекше. Оның “Құрманғазы” (1936, 1968), “ұасырлар пернесі” (1963, 1975), “Замана бұлбұлдары” (1963, 1975) атты кітаптарына 19 ғ. мен 20 ғ-дың 1-жартысындағы бірқатар көрнекті кәсіби халық композиторларының, әншілер мен муз. аспапта орындаушылардың өмірі мен шығарм. туралы очерктер енген. Муз. фольклорды жинау қазақ М. ғылымының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. ҚР өұА-ның Әдебиет және өнер ин-ты мен Алматы мемл. консерваториясы 20 ғ-дың 80-жылдарының басына дейін 10 мыңға тарта ән мен күй жазып алды. Ерзаковичтің “Қазақ халқының ән мәдениеті” (1966) мен “Қазақ халқының музыкалық мұрасы” (1979) атты кітаптары муз. мұра және осы заманғы муз. шығарм. туралы жүйелі зерттеу болып табылады. И.И. Дубовскийдің “Қазақ халық әндерінің ладтық құрылымы туралы мәселе” (1958), П.Аравиннің “Құрманғазының музыкалық стилі туралы мәселе” (1971), А.Байғаскинаның “Қазақ халық әндерінің өлеңдік өлшемінің эволюциясы мен музыкалық формасының даму логикасы” (1973), Ә.Мұхамбетованың “Қазақтың күйшілік өнері” (1974), С.Еламанованың “Арқаның әншілік дәстүрі” (1974), Б.Қарақұловтың “Қазақтың дәстүрлі музыкалық тілінің кейбір құралдары туралы” (1974), А.Темірбекованың “Қазақ кеңес халық әндерінің ладтық-ырғақтық негізі” (1975), Б.Байқадамованың “Домбыра музыкасындағы тематикалық стереотип туралы” (1976), С.Күзембаеваның “Қазақ музыкасындағы үндестіктің қалыптасуы” (1977), Қ.Т. Жүзбасовтың “Таулы Алтай қазақтарының музыкалық фольклоры” (1980), Қ.Ж. Төлеутаевтың “Балқаш маңы қазақтары әндерінің мелодиялық стилі” (1982) еңбектері қазақ халық музыкасының теория саласындағы зерттеулер. Халық аспаптарын зерттеу ісінде Б.Сарыбаев көп еңбек сіңірді. Ол ұзақ жылдар бойы ел аралап, тарихи, әдеби және археол. деректерді зерттеп, ұмыт болған 25-ке тарта муз. аспаптарды тапты. “Қазақтың музыкалық аспаптары” монографиясында (1980) халық музыка аспаптарына классификация жасады. Қазақ музыкасында жиі қолданылатын түрлі терминдер Б.ұизатов құрастырған “Қазақша музыкалық-терминологиялық сөздіктен” (1981) орын алды. Қазақ музыкасының тарихы КСРО Мәдениет мин-нің Өнертану ин-ты шығарған “КСРО халықтары музыка тарихының” (1966 – 85) алты томдығына кезең-кезеңімен жеке тараулар болып енді. ұизатовтың “Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық оркестрі” (3-басылуы, 1984) атты кітабы тұңғыш халық аспаптар оркестрінің құрылуы және қалыптасу тарихымен таныстырады, Күзембаеваның “Әсемдікті жырлайық” (1982) атты кітабында таңдаулы опера және балет спектакльдеріне сипаттама берілді. Қазақ М. зерттеулерінің маңызды мәселелері Әдебиет және өнер ин-ты, Қазақстан Композиторлар одағы мен Алматы мемл. консерваториясында өткізілетін “Музыкатану оқуларында” тұжырымдалады. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 19:30 7775

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МУЗЫКАТАНУ – музыка туралы ғылым, өнертанудың бір саласы. М-дың салаларына музыка теориясы (теор. М.), муз. тарихы (тарихи М.), муз. этнография, муз. аспапты зерттеу ғылымы, муз. акустика, муз. психология және музыка сыны жатады. 20 ғ-дың 60 – 70 ж. музыканың қоғамдағы түрлерін зерттейтін ерекше пән ретінде муз. социология бөлінді. Теор. М. музыканың бейнелеу тәсілдерін, даму процесінде қалыптасқан негізгі заңдылықтарын, композиц. әдістерін зерттесе, муз. гармония, полифония, әуен, ырғақ, өлшем, аспаптану, форма сияқты, т.б. пәндер музыканың жеке элементтерін зерттейді. Тарихи М-дың мақсаты – музыка өнерінің даму кезеңдерін музыканың түрлі салаларымен, қоғам өмірінің өзгерістерімен байланыстыра отырып зерттеу. Музыка тарихы муз. шығарм-тың құбылыстарын зертеуде муз.-теор. талдаудың нәтижелеріне сүйенеді. Сонымен қатар зерттелетін құбылыстың тарихи шарттылығын ескермейінше теор. М. қорытындылары толық және ғыл. дәлелді болмайды. Музыка тарихы музыканың жалпы тарихымен қатар жеке ұлттардың музыка тарихын, музыкадағы жанр мен форма (мыс., опера, симфония, соната), орындаушылық өнер түрлерін (пианизм, скрипкалық өнер), М-дың жеке салаларының (мыс., гармония жайындағы ілімнің тарихы) тарихын қамтиды. М-дың маңызды салаларының бірі – музыка сыны. Ол қазіргі замандағы музыка өнерімен қатар өткен заман музыкасындағы құбылыстарды да талдап, бағалайды. Музыкаға ғыл. тұрғыдан қараудың алғашқы көріністері Қытай, Үндістан, Грекия, т.б. елдерде пайда болды. Гректің көрнекті музыка теоретигі Аристоксеннің (Аристотельдің шәкірті, б.з.б. 4 ғ.) музыка құбылысын қарастырған еңбектері бар. Римнің философ-ғалымы Боэцийдің “Музыка жайында” (6 ғ.) атты трактаты орта ғасырдағы музыка теориясының дамуына әсер етті. М-ға Орта Азия ғалымдары (Әбу Наср әл-Фараби, 10 ғ.; Ибн Сина, 10 – 11 ғ-лар), араб, парсы, Византия теоретиктері де мол үлес қосты. Қайта өркендеу дәуірінде полифония ережелері жүйеге келтіріліп, мажорлы-минорлы ладтар жүйесінің және гармония жөніндегі ілімнің негізі қаланды. 18 ғ-да Дж.Б. Мартинидің (Италия, 1781), Дж.Хокинс пен Ч.Бернидің (өлыбритания, 1776 – 89) музыка тарихына арналған ғыл. еңбектері жарық көрді. 19 ғ-да Г.Берлиоз, Р.Шуман, Р.Вагнер, Ф.Лист муз. эстетика және музыка сыны туралы еңбектерінде музыка теориясының мәселелерімен шұғылданды. 19 ғ-дың 2-жартысынан ұлттық муз. мектептер қалыптасып, өркендей бастады. 20 ғ-дың басында муз. фольклористика кең дамыды. ТМД елдерінде А.Д. Кастальский мен Е.В. Гиппиус орыстың, Д.И. Аракашвили грузиннің, В.А. Успенский өзбек пен түрікменнің, А.В. Затаевич, Б.Г. Ерзакович, А. Жұбанов қазақтың муз. фольклорын жинап, зерттеді (қ. Музыкалық этнография). М. ғылымы 20 ғ-да өркен жайды. Жалпы көркемөнер және М. ғылымымен Мәскеу қ-ндағы Өнер тарихы ин-ты, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы Театр, музыка және кинематография ин-ты шұғылданды. М. мақсатында және әр елдің алдыңғы қатарлы музыкант-ғалымдарының өзара шығарм. бірлестікте болуы үшін Мәскеу қ-нда өткен ЮНЕСКО жанындағы Халықар. муз. бірлестігінің 7-конгресі болды (1971). Осы мақсатта тұңғыш рет Алматы қ-нда (1973) Азия елдерінің халықар. муз. симпозиумы, ал 1974 ж. бүкілодақтық фольклорлық комиссияның халық музыкасын зерттеу жөніндегі пленарлық мәжілісі өтті. ҚР өұА-ның Әдебиет және өнер ин-тында қазақ музыка өнерінің тарихы мен даму мәселелері зерттелуде. Қазақ М. ғылымы 20 ғ-дың алғашқы ширегінде қалыптасып, ұлттық мәдениеттің жеке түрі ретінде халық музыка шығарм-н жинап, зерттеу, муз. мұраларды кәсіби өнердің жаңа жанрларында шығарм-пен пайдалану көзделді. Қазақтың муз. фольклорының алғашқы басылымдары – А.В. Затаевичтің “Қазақ халқының 1000 әні” мен “Қазақтың 500 ән-күйлері” атты екі кітабы. Кәсіби өнердің ауызша дәстүрін зерттеу саласында акад. Жұбанов еңбектерінің ғыл. әрі танымдық маңызы ерекше. Оның “Құрманғазы” (1936, 1968), “ұасырлар пернесі” (1963, 1975), “Замана бұлбұлдары” (1963, 1975) атты кітаптарына 19 ғ. мен 20 ғ-дың 1-жартысындағы бірқатар көрнекті кәсіби халық композиторларының, әншілер мен муз. аспапта орындаушылардың өмірі мен шығарм. туралы очерктер енген. Муз. фольклорды жинау қазақ М. ғылымының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. ҚР өұА-ның Әдебиет және өнер ин-ты мен Алматы мемл. консерваториясы 20 ғ-дың 80-жылдарының басына дейін 10 мыңға тарта ән мен күй жазып алды. Ерзаковичтің “Қазақ халқының ән мәдениеті” (1966) мен “Қазақ халқының музыкалық мұрасы” (1979) атты кітаптары муз. мұра және осы заманғы муз. шығарм. туралы жүйелі зерттеу болып табылады. И.И. Дубовскийдің “Қазақ халық әндерінің ладтық құрылымы туралы мәселе” (1958), П.Аравиннің “Құрманғазының музыкалық стилі туралы мәселе” (1971), А.Байғаскинаның “Қазақ халық әндерінің өлеңдік өлшемінің эволюциясы мен музыкалық формасының даму логикасы” (1973), Ә.Мұхамбетованың “Қазақтың күйшілік өнері” (1974), С.Еламанованың “Арқаның әншілік дәстүрі” (1974), Б.Қарақұловтың “Қазақтың дәстүрлі музыкалық тілінің кейбір құралдары туралы” (1974), А.Темірбекованың “Қазақ кеңес халық әндерінің ладтық-ырғақтық негізі” (1975), Б.Байқадамованың “Домбыра музыкасындағы тематикалық стереотип туралы” (1976), С.Күзембаеваның “Қазақ музыкасындағы үндестіктің қалыптасуы” (1977), Қ.Т. Жүзбасовтың “Таулы Алтай қазақтарының музыкалық фольклоры” (1980), Қ.Ж. Төлеутаевтың “Балқаш маңы қазақтары әндерінің мелодиялық стилі” (1982) еңбектері қазақ халық музыкасының теория саласындағы зерттеулер. Халық аспаптарын зерттеу ісінде Б.Сарыбаев көп еңбек сіңірді. Ол ұзақ жылдар бойы ел аралап, тарихи, әдеби және археол. деректерді зерттеп, ұмыт болған 25-ке тарта муз. аспаптарды тапты. “Қазақтың музыкалық аспаптары” монографиясында (1980) халық музыка аспаптарына классификация жасады. Қазақ музыкасында жиі қолданылатын түрлі терминдер Б.ұизатов құрастырған “Қазақша музыкалық-терминологиялық сөздіктен” (1981) орын алды. Қазақ музыкасының тарихы КСРО Мәдениет мин-нің Өнертану ин-ты шығарған “КСРО халықтары музыка тарихының” (1966 – 85) алты томдығына кезең-кезеңімен жеке тараулар болып енді. ұизатовтың “Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық оркестрі” (3-басылуы, 1984) атты кітабы тұңғыш халық аспаптар оркестрінің құрылуы және қалыптасу тарихымен таныстырады, Күзембаеваның “Әсемдікті жырлайық” (1982) атты кітабында таңдаулы опера және балет спектакльдеріне сипаттама берілді. Қазақ М. зерттеулерінің маңызды мәселелері Әдебиет және өнер ин-ты, Қазақстан Композиторлар одағы мен Алматы мемл. консерваториясында өткізілетін “Музыкатану оқуларында” тұжырымдалады.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға