Жаңалықтар

Мемлекеттік бюджет

  Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемл. кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. М. б-ті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демокр. мемлекеттерде М. б-ті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады. Қазақстанда М. б. респ. және жергілікті бюджет болып бөлінеді. М. б-тің жобасын үкімет әзірлеп, парламенттің бекітуіне ұсынады; қ. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі. Нарықтық экономика жағдайында жалпы ұлттық өнімнің едәуір бөлігі мемлекет қазынасына түсіп, экономика үшін материалдық базаға айналады. Бюджет қоғамдық ұдайы өндірістің барысына ықпал етудің және экон. өсуді ынталандырудың маңызды тұтқасы болып табылады. Мемл. шығыстар мен салық салу деңгейін өзгерту жолымен мемлекеттердің үкіметтері сұранымның көлемін (тұтынушылық және инвестиц. шығыстардың шамасын) реттеп, экон. жағдайға ықпал ете алады. Осыған байланысты экспансивті (кеңейтілмелі) және рестриктивті (шек-телмелі) бюджет саясаты жүргізіледі. Экспансивті бюджет саясаты мемл. шығыстарды көбейтіп, салық салу деңгейін төмендетуді көздей отырып, экон. дағдарыстарды оңай еңсеріп, экон. өсуді жеделдетеді. Рестриктивті бюджет саясаты шығыстарды азайтып, салықтарды арттыруды көздейді, мұның өзі инфляцияны бәсеңдетіп, шаруашылық жағдаятты қалыпқа түсіруге септігін тигізеді. Мемл. шаралардың бұл екі түрі несие-ақша аясында тиісінше өзгерістер жасаумен байланыстырылмайынша тиімді нәтиже бермейді. Егер экспансивтік бюджет саясаты ақша шығарылымы мен несие көлемін шектеумен ұштастырылмаса, инфляц. үдерісті күшейте түседі. Өз кезегінде рестриктивтік бюджет саясаты қатаң несие-ақша шараларын қолданумен ұштастырылған жағдайда экономиканы дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. Бюджеттік тетік ұзақ мерзімді құрылымдық саясаттың маңызды құралы болып табылады. Ол ірі құрылымдық өзгерістер жасау үшін: ұлттық шаруашылықта ғылымды көп қажетсінетін өндірістерді неғұрлым жедел дамыту, озық ғыл.-тех. өзгерістер жасау, экон. тұрғыдан артта қалған аймақтарды көтеру үшін пайдаланылады. Бюджеттің өскелең реттеушілік рөлі батыс ғалымдарына оны “экон. тұрақтылыққа” қол жеткізу құралы қызметін атқаратын және “бюджетті тұрақтандырғыш” міндетін орындайтын “қаржы шаруашылығының жоспары” ретінде қарастыруына негіздеме берді. Бюджеттік тетіктің мұндай міндет-мақсаты көбінесе оның кіріс бөлігінің көздеріне, құралу сипатына және мемл. кірістің жұмсалу бағытына байланысты. Батыс мемлекеттері бюджеттерінде барлық кірістердің басым бөлігі салықтардың есебінен құралады (орт. деңгейде түсімдердің 90%-ы, жергілікті деңгейде – 70%-ы). Салық тетігі арқылы бюджетке жалпы ұлттық өнімнің 30%-ы, АҚШ пен Жапонияда 40%-ға жуығы, Германия, Франция, Швецияда 50%-ы түседі. С. Рахымжанұлы Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 19:24 11450

 

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ – мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемл. кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. М. б-ті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демокр. мемлекеттерде М. б-ті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады. Қазақстанда М. б. респ. және жергілікті бюджет болып бөлінеді. М. б-тің жобасын үкімет әзірлеп, парламенттің бекітуіне ұсынады; қ. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Нарықтық экономика жағдайында жалпы ұлттық өнімнің едәуір бөлігі мемлекет қазынасына түсіп, экономика үшін материалдық базаға айналады. Бюджет қоғамдық ұдайы өндірістің барысына ықпал етудің және экон. өсуді ынталандырудың маңызды тұтқасы болып табылады. Мемл. шығыстар мен салық салу деңгейін өзгерту жолымен мемлекеттердің үкіметтері сұранымның көлемін (тұтынушылық және инвестиц. шығыстардың шамасын) реттеп, экон. жағдайға ықпал ете алады. Осыған байланысты экспансивті (кеңейтілмелі) және рестриктивті (шек-телмелі) бюджет саясаты жүргізіледі. Экспансивті бюджет саясаты мемл. шығыстарды көбейтіп, салық салу деңгейін төмендетуді көздей отырып, экон. дағдарыстарды оңай еңсеріп, экон. өсуді жеделдетеді. Рестриктивті бюджет саясаты шығыстарды азайтып, салықтарды арттыруды көздейді, мұның өзі инфляцияны бәсеңдетіп, шаруашылық жағдаятты қалыпқа түсіруге септігін тигізеді. Мемл. шаралардың бұл екі түрі несие-ақша аясында тиісінше өзгерістер жасаумен байланыстырылмайынша тиімді нәтиже бермейді. Егер экспансивтік бюджет саясаты ақша шығарылымы мен несие көлемін шектеумен ұштастырылмаса, инфляц. үдерісті күшейте түседі. Өз кезегінде рестриктивтік бюджет саясаты қатаң несие-ақша шараларын қолданумен ұштастырылған жағдайда экономиканы дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. Бюджеттік тетік ұзақ мерзімді құрылымдық саясаттың маңызды құралы болып табылады. Ол ірі құрылымдық өзгерістер жасау үшін: ұлттық шаруашылықта ғылымды көп қажетсінетін өндірістерді неғұрлым жедел дамыту, озық ғыл.-тех. өзгерістер жасау, экон. тұрғыдан артта қалған аймақтарды көтеру үшін пайдаланылады.

Бюджеттің өскелең реттеушілік рөлі батыс ғалымдарына оны “экон. тұрақтылыққа” қол жеткізу құралы қызметін атқаратын және “бюджетті тұрақтандырғыш” міндетін орындайтын “қаржы шаруашылығының жоспары” ретінде қарастыруына негіздеме берді. Бюджеттік тетіктің мұндай міндет-мақсаты көбінесе оның кіріс бөлігінің көздеріне, құралу сипатына және мемл. кірістің жұмсалу бағытына байланысты. Батыс мемлекеттері бюджеттерінде барлық кірістердің басым бөлігі салықтардың есебінен құралады (орт. деңгейде түсімдердің 90%-ы, жергілікті деңгейде – 70%-ы). Салық тетігі арқылы бюджетке жалпы ұлттық өнімнің 30%-ы, АҚШ пен Жапонияда 40%-ға жуығы, Германия, Франция, Швецияда 50%-ы түседі.

С. Рахымжанұлы

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға