Жаңалықтар

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам ота жасалды

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам ота жасалды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 13.06.2023 13:00 1140

Астандағы Ұлттық нейрохирургия орталығының медициналық директоры Асылбек Қалиев орталықта 15 жылдың ішінде 60 мыңнан астам пациент емделіп, 40 мыңнан астам операция жасалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам ота жасалды

40 мыңнан астам ота жасалды. Тек 2022 жылы біздің орталықта Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша 4 мыңнан астам пациент емделді. Оның ішінде 15 пайызы жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып жасалды. Сондай-ақ Гамма-пышақ технологиясы бойынша оталарды жүргізудің тиімділігін атап өткім келеді. Құрылғы ісіктерді, тамырлы және функционалды ми ауруларын трепанациясыз және наркозсыз емдеуге мүмкіндік береді. Медициналық көмектің бұл түрі 2021 жылы МӘМС бойынша көрсетілетін қызметтер тізіміне енген болатын. Былтырғы жылы біз осындай 460 ота жасадық, – деді Асылбек Қалиев.

2021 жылдың маусым айында Стереотаксиялық радиохирургияға арналған заманауи кешен – Орталық Азия аумағындағы жалғыз Гамма-пышақ іске қосылған. Гамма пышақ – бұл ісіктерді, тамырлы және функционалды ми ауруларын емдеуге арналған радиохирургиялық қондырғы. Операцияға 192 кобальт-60 көздерінен радиоактивті сәулелену қолданылады. Оның сәулелері патологиялық фокус аймағында жиналады. Олар ісік жасушаларының ДНҚ-сын бұзады. Бұл жағдайда мидың сау тіндері және науқастың бүкіл денесі сәулеленбейді. Операцияның өзі ауыртпалықсыз өтеді, бассүйек трепанациясын қажет етпейді. Операция бір реттік, сәулелік терапия сияқты бірнеше сатыда жүргізудің қажеті жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда Гамма-пышақ – радиохирургиялық емдеудің «алтын стандарты». Бүгінгі таңда 925 клиникалық жағдайда ем көрсетілді.

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам ота жасалдыОсы орталықта ем алған маңғыстаулық Кәмшат Компиева жер басып жүргенім дәрігерлердің арқасы деп пікір білдірді.

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам ота жасалды

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында тұрамын. Жасым 43-те. Омыртқамда қатерсіз ісік анықталды. Ұлттық нейрохирургия орталығына алғаш рет 2022 жылы қыркүйек айында келдім. Дәрігерім квота арқылы осында жіберді. Дәрігер Жандос Мұхтарұлы ем жүргізді. Ол кісінің емі қабыл болып, ота сәтті өтті. Электрондық пошта арқылы үнемі байланысып, хабар алып тұрды. «Бес айдан соң магниттік-резонанстық томографияға (МРТ)  түсесіз, тағы қайталанады» деп ескертті. Квотамды мамыр айына белгіледі. Екінші отадан бірінші Алланың, екінші дәрігерлердің арқасында аман шықтым. Орталықтың дәрігерлерінің бәрі білікті, - дейді Кәмшат Компиева.

2023 жылдың 5 айында Ұлттық нейрохирургия орталығында МӘМС бойынша 1 805 пациент емделген. Оның 320-сы жоғары технологиялық медициналық қызметті қолдана отырып, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша 363 ота жасалды. 54-і жоғары технологиялық медициналық қызметті қолдану арқылы. Көбіне бұл ми тамырларының, омыртқалардың аурулары, стереотактикалық жүйені қолдана отырып, мидың нейростимуляторын имплантациялау, Паркинсон ауруы, эпилепсияны емдеуде қолданылады.

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам ота жасалдыӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорының заңды және жеке тұлғалармен жұмыс департаментінің директоры Забира Оразалиева өңір тұрғындарының республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда емделуге мүмкіндігі бар екенін айтты. Бұл үшін олар бекітілген жері бойынша емханаға жүгінеді. Қажетті тексерулер жүргізілгеннен кейін пациенттерді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына қояды.

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам ота жасалды

2022 жылы еліміздің тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларында 452,5 миллиард теңге сомасына шамамен 1,9 миллион науқас емделді. Оның ішінде МӘМС бойынша 1,5 миллион науқас ем алған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында 480 мың науқас көмек алды. Оның ішінде 385 мың пациент МӘМС бойынша ем алды. Былтыр 21 мыңнан астам азаматқа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Оның ішінде 20 мыңға жуығы МӘМС бойынша емделді. 2023 жылдың бірінші кварталында жоғары технологиялық медициналық қызметті қолданып, 16,4 мың пациентке көмек көрсетілді. Оның ішінде 14 мыңға жуық адамға МӘМС аясында медициналық көмек көрсетілді, – деп Забира Оразалиева.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры былтыр қор мамандандырылған медициналық көмекті төлеуге шамамен 432 миллиард теңге бөлгенін айтты. Оның ішінде МӘМС жүйесінде бөлінген қаржы 344 миллиард теңге. Жоғары технологиялық медициналық көмекті төлеуге шамамен 67,8 миллиард теллиард теңге бөлінді. Оның ішінде МӘМС бойынша 55,6 миллиард теңге.

2023 жылдың 1 кварталында жоғары технологиялық медициналық қызметке шамамен 15,7 миллиард теңге сомасына қаржыландырылды. Ал мамандандырылған медициналық көмек 23 миллиард теңгеден асады. Қызметтердің басым бөлігі МӘМС шеңберінде көрсетілген.

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам ота жасалды

Ұлттық нейрохирургия орталығы 2022 жылы 2 миллиард теңгеден астам сомаға және 2023 жылдың бірінші тоқсанында 700 миллион теңгеден астам сомаға жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып пациенттерді емдеді. Пациенттердің көпшілігі МӘМС аясында қабылданды.

Ұлттық нейрохирургия орталығы ашылғанға дейін жоғары технологиялық емдеуді қажет ететін нейрохирургиялық патологиясы бар пациенттердің 80%-ын елде емдеу мүмкіндігі болмады. Қазір орталықта 70 жаңа медициналық технология енгізілді. Соның арқасында мұндай емдеу түрі қазақстандықтар үшін қолжетімді.

Қазақстанда алғаш рет нейрохирургияның түбегейлі жаңа бағыттары - микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық және функционалдық нейрохирургия енгізілді.

Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысындағы тағы бір үлкен бағыт – омыртқа мен жұлын ауруларын хирургиялық емдеу. Мамандандырылған бөлімшеде өз аяғына тұрып жүруі үмітсіз науқастардың жүруіне мүмкіндік беретін омыртқаға жасалатын заманауи реконструктивті операциялар жасалып жатыр. Мұндай 12000-нан астам операция жасалды.

Эпилепсияны хирургиялық емдеудің заманауи әдістері игерілді. Интраоперациялық электрокортикографияны және интраоперациялық нейромониторингті қолданып, дәрі-дәрмекке төзімді эпилепсияны нейрохирургиялық емдеудің заманауи технологиялары: гемисферэтомия, лобэктомия, каллозотомия, амигдалогиппокампэктомия, кезеген жүйке нейростимуляциясы 250-ден астам операция жасалды.

Ұлттық нейрохирургия орталығында 40 мыңнан астам ота жасалды

Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінде жаңа туған нәрестелердегі ми патологиясын хирургиялық емдеу жүргізіледі. Бұл ретте эндоскопиялық операцияларға басымдық беріледі. Балалар нейрохирургтары қолданатын бірегей кіші инвазиялық операциялық технологиялар, анестезиология және қарқынды терапия саласындағы жетістіктер хирургиялық араласудың көрсеткіштерін кеңейтуге және балалар нейрохирургиясындағы операциялық тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Операциялардың жалпы саны 7000-нан асады.

Айта кету керек, жоғары технологиялық емдеу Денсаулық сақтау министрлігімен бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен және шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  қорынан қаржыландырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға