Жаңалықтар

Қолма-қол ақшамен және ипотекамен сатып алатын пәтер бағасының айырмашылығы неге көп?

Қолма-қол ақшамен және ипотекамен сатып алатын пәтер бағасының айырмашылығы неге көп?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3 13.05.2024 12:42 1019

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында журналистер «Отбасы банк» өкілдеріне қолма-қол ақшамен сатып алатын пәтер мен ипотекаға алатын пәтер бағасының айырмашылығы неге көп екенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Себебі ипотека бағдарламасы бойынша үй сататын кезде құрылыс компаниялары үйді қымбатқа сататыны рас. Осы ретте тілші: «Мысалы, 1 бөлмелі үйді 14-15 млн-ға алатын болсаңыз, ипотека арқылы 20 млн-ға алуға тура келеді. Осы мәселені «Отбасы банк» шеше ала ма? Қолма-қол ақшамен сатып алатын пәтер мен ипотекаға сатып алатын пәтер бағасының айырмашылығы неге көп?» деп сұрады. 

Қазір біз осы мәселені реттеу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Баспана маркет порталында бүкіл құрылыс компанияларының қазір 8200 пәтері кіргізіліп, олардың бағасы бойынша шартқа қол қойдық. Құрылыс компаниялары бұл пәтерлердің бағасын осы жылдың соңына дейін көтермейді. Өтінімнен өткен адамдар құрылыс компаниясына сөйлесуге барады. Олар порталда жазылған бағамен үйді сатып алады, – деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға