Жаңалықтар

ҚазМұнайГаз «West Oil Software» мекемесіне жаңа техникалар алды

ҚазМұнайГаз «West Oil Software» мекемесіне жаңа техникалар алды
Фото: t.me/kmgpress 04.04.2024 09:01 269

ҚМГ былтыр «West Oil Software» ЖШС жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсартып, мекеме техникасын жаңарту бойынша арнайы бағдарлама қабылдаған болатын. Оған сәйкес 3 жылдың ішінде барлығы 202 техника бірлігі жаңарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жақында компанияның арнайы техника паркі жаңа техникамен толықты. 2023 жылы келген жаңа 17 көлікке қосымша биыл наурыз-сәуір айларында сегіз жаңа автоцистерна (АЦВ-12) арнайы техникасы қосылды. Ай соңына дейін осындай тағы 6 автоцистерна (АЦВ-12) келеді деп күтілуде.

Бұл көлік құралдары «Ойл Транспорт Корпорейшэн» компаниясынан WOS мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілетін болады. Биыл барлығы 70 арнайы техниканы жаңарту жоспарда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға