Жаңалықтар

«Қант диабетін, қатерлі ісікті емдейді»: Жұлдыздар мен блогерлер жалған жарнама жасаған

«Қант диабетін, қатерлі ісікті емдейді»: Жұлдыздар мен блогерлер жалған жарнама жасаған
Фото: © iStock 15.12.2023 11:16 717

Алматы облысы прокуратурасымен жүргізілген талдау интернет желісінде, соның ішінде танымал блогерлер, спортсмендер және әртістердің парақшаларында, тағамға биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттерін асыра сілтеумен жарнама таратылып отырғанын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ББҚ – бұл, тағаммен бір мезгілде қабылдауға немесе тағамдық өнімнің құрамына қосуға арналған табиғи және (немесе) табиғимен бірдей биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ пробиотикалық микроорганизмдер.

Мысалы, желіде «NEOSAUMAL, SAUMAL» сублиматтау әдісімен құрғақталған бие сүті (бұдан әрі- SAUMAL) қант диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдейтін бірегей өнім ретінде белсенді жарнамалануда.

Азаматтардың шағымдарын назарға ала отырып облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен өнім жарнамасының растығы тексерілді.

SAUMAL тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде жалпы нығайтушы, имундық ынталандырушы, тыныштандырғыш өнім ретінде тіркелгендігі анықталды.

Басқаша айтқанда, дәрілік қасиеті жоқ және жарнамада көрсетілген ауруларды емдеуге қабілетті емес

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 56-бабының 2-бөлігіне сәйкес ББҚ-ның жарнамасы анық болуға, арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы оларды жаңылыстырмауға тиіс.

Кодекстің 56-бабының 3-тармағының 11) және 13) тармақшалары бойынша жарнамада қан диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдеу тәсілдерін, ББҚ-ларды бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді ретінде ұсынуға тыйым салынған.

Осылайша, компания азаматтардың сенімін теріс пайдалана қоймай, көрінеу жалған жарнаманы тарату арқылы әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

SAUMAL-дың өндірушісіне қатысты 2023 жылғы 30 қарашада ӘҚБтК-тің 157-бабы (Көрiнеу жалған жарнама) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 175 АЕК көлемінде (603 750 теңге) айыппұл салынды, ол 2023 жылғы 5 желтоқсанда компаниямен өз еркімен төленді.

Алматы облысының прокуратурасы тұтынушыларға ББҚ-ларды, дәрі-дәрмектерді және басқа тауарларды сатып алар алдында білікті мамандардан олардың қасиеттерінің растығын тексеруді ұсынады, сондай-ақ тауар өндірушілерді сатылымдағы өнімнің мақсаты мен қасиетін асыра сілтеп жарнамалау үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға