Жаңалықтар

Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 24 медаль иеленді

Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 24 медаль иеленді
Фото: Бокс федерациясы 06.05.2024 21:30 613

Бокстан Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша бәсеке өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды. Додада қазақстандық боксшылар 24 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы ерлер командасында 12 медаль еншіледі. Азия чемпионы атанғандар: Алексей Хаванцев, Төрехан Сабырхан, өнер Сейілхан, Санжарәлі Бегалиев, Мадияр Бексұлтанов.

86 келіде Иманғали Нұрпейіс күміс жүлдегер атанса, қола медаль иегерлері: 51 келі салмақ дәрежесінде Бексұлтан Боранбек, 54 келі - Нұрасыл Төлебек, 57 келі - Жансері Көшербаев, 63,5 келі - Ахмет Үсен, 92 келі - Расул Асанханов, +92 келі Нұркелді Жұматай.

Қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 12 медаль иеленді: 6 алтын, 3 күміс, 3 қола. Чемпиондар: Аяжан Сыдық, Аяжан Ермек, Толғанай Қасымхан, Ұлдана Таубай, Шұғыла Нәлібай, Аружан Зейноллаева.
Екінші орында:  Бағжан Отынбай, Мария Сидоренко, Панар Сейітханқызы.

Қола жүлдегерлер: Әнел Абдрасилова, Элянур Тұрғанова, Аружан Жаңабаева.

Жастар арасындағы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебінде Үндістан және Өзбекстан үздік үштікте.

Төрехан Сабырхан екінші жыл қатарынан жастар санатында Азия чемпионатының «ең үздік боксшы» номинациясын жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары (1-орын — 700$, 2-орын — 400$,  3-орын — 200$) ақшалай сыйақымен марапатталды. 

Жарыс соңында 10 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді: 

Ең үздік жас қыз боксшы — Альмира Абдрайымму (Қытай) 

Ең үздік жас ұл боксшы — Төрехан Сабырхан (Қазақстан).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға