Михаил Кукушкин Рим турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

 t.me/ktf_kz
Фото: t.me/ktf_kz

Теннисші Михаил Кукушкин Римде өтіп жатқан турнирдің ATP1000 іріктеуінің бірінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшы чилилік Кристиан Гаринді (ATP 100) 5:7, 7:6 (11:9), 7:6 (7:2) есебімен ұтты. Матч 3 сағат 16 минутқа созылды.

Іріктеу финалында Михаил Кукушкин әлемнің бұрынғы сегізінші ракеткасы аргентиналық Диего Шварцманмен ойнайды.

Айта кетейік, Римдегі мастерс турнирінің бірінші турында қазақстандық Юлия Путинцева пен Мартина Тревизан, Александр Шевченко мен Фабиан Марозан жарысқа шығады. 

Оқи отырыңыз