Жаңалықтар

Алматыда күзден бері із-түзсіз кеткен 15 жастағы қыз табылды

Алматыда күзден бері із-түзсіз кеткен 15 жастағы қыз табылды
Фото: © Unplash 06.05.2024 16:04 3504

Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Коваленко Валерия Денисовна, 2009 жылы туған, 2023 жылғы 24 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 23:00 шамасында Іле ауданы Боралдай ауылы Әзербаев көшесі, 102 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені беймәлім болды.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған қыз биыл сәуір айында табылған. Қыздың нақты қайдан табылғаны және басқа да деректер әзірше айтылмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға