«Өлтіріп, лақтырып кеткен бе?». Алматыда жалаңаш әйелдің денесі табылды
![«Өлтіріп, лақтырып кеткен бе?». Алматыда жалаңаш әйелдің денесі табылды «Өлтіріп, лақтырып кеткен бе?». Алматыда жалаңаш әйелдің денесі табылды](/storage/storage/element/2024/06/17/mainphoto/108435/1200xauto_asusHGc7GUlxxJOhF0w3ugirxpHB7sP2zoUMMm7U.jpg)
Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
17.06.2024 12:51
5054
Алматы тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі желіде бөлісіп:
Таусамалы ауылында жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды, - делінген жазбада
Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда, - деп хабарлады полиция.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz/static/site/images/tel26.png)