Жаңалықтар

Алматы облысында жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Фото: видеодан алынған кадр 12.06.2024 09:32 6423

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы 12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында болған.

Toyota Hiace жүргізушісі рульді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берді. Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға