Жаңалықтар

Ұрылар кәсіпорын бухгалтерінің сейфін ұрлап кеткен

Ұрылар кәсіпорын бухгалтерінің сейфін ұрлап кеткен
Фото: Видеодан кадр 25.06.2024 21:40 331

Ақмола облысында үш ұры кәсіпорын бухгалтерінің кабинетінен ауыр сейфті ұрлап кеткен. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасыа түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 маусымға қараған түні болған. Бетперде киген үш белгісіз адам кәсіпорынның бухгалтерлер отыратын кабинетінің есігін бұзып, металл сейфті ұрлап алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні анықтады.

Қарақшылар сейфте бірнеше миллион теңге қолма-қол ақша бар деп үміттенген екен. Алайда кәсіпкердің айтуынша, бұл күні мәмілелер қолма-қол ақшасыз жүргізілген, ал сейфте шамамен 500 мың теңге ақша болған.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от @aqmola_pd

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға