Жаңалықтар

«Тұмар» - 2024 Ұлттық сыйлығының номинанттары белгілі болды

«Тұмар» - 2024 Ұлттық сыйлығының номинанттары белгілі болды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 25.06.2024 23:10 340

Биыл Ұлттық телевизиялық бәйгеге 12 номинация бойынша 300-ден аса өтінім келіп түсті. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Алғаш рет «Төтенше жағдай кезінде жасалған үздік репортаж» номинациясы бойынша журналистер өз бағын сынады. Мәдениет және ақпарат министрлігі номинанттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңімпаздар есімі 28-маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесінде Астана қаласында белгілі болады. Жеңімпаздар отандық телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды.

«Тұмар-2024» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:
 
Төтенше жағдай кезінде түсірілген үздік репортаж:

▪️ «Алапат тасқын» - «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ «Оңтүстіктен Ақтөбеге көмек» - «Айғақ» телеарнасы;
▪️ Программа «Аналитика». «Общенациональный телемарафон» сюжеті- Бірінші канал Еуразия;
▪️ ТАСҚЫН-2024: «өр суынан зардап шеккен Құлсарының бүгіні» - телеканал Caspian News.

Үздік журналистік зерттеу:

▪️ «ОТАНДАСТАР» тарихи-танымдық тележобасы - «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ «Шөлдің кемесі, төрт түліктің төресі» - «QYZYLORDA» телеарнасы;
▪️ Экономика vs экология: су үнемдеудің жолдары қандай?/Арнайы репортаж - «Atameken Business»телеарнасы;
▪️ «Один спуск в шахту - 200 тыс. тенге» - «Хабар»телеарнасы.
 
Үздік ақпараттық бағдарлама:

▪️ «Astana Times» жаңалықтар қызметі - «Астана тв»телеарнасы;
▪️ «Ақпарат» көшпелі студиясы - «Qazaqstan»телеарнасы;
▪️ «BASTY JANALYQTAR» - «Atameken Business»телеарнасы;
▪️ Жаңалықтар телеканал - «ТДК-42» телеарнасы.

Үздік аналитикалық бағдарлама:

▪️ «Қоғам назарында» - «Астана тв» телеарнасы;
▪️ «САНА» - «ABAI TV» телеарнасы;
▪️ «Уәде» - «Жібек жолы» телеарнасы;
▪️ «Жеті күн» - «Хабар» телеарнасы.

Үздік әлеуметтік жоба:

▪️ «Құдайы қонақ» - «Qyzylorda» телеарнасы;
▪️ «Асар» - «Turkistan» телеарнасы;
▪️ «Ана болғым келеді» - «Жібек жолы» телеарнасы;
▪️ «50/50» - 31 канал.

Үздік деректі фильм:

▪️ «Жауынгер» - «Қазспорт» телеарнасы;
▪️ «Арамызда Жүрсін» - «El arna» телеарнасы;
▪️ «Шетелдегі қазақ балалары» - «Жібек жолы»телеарнасы;
▪️ «Бір үйдің 55 баласы» - «Qazaqstan» телеарнасы.

Үздік сериал:

▪️ «Жат бауыр» - «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ «Қара жәшік» -  «Хабар» телеарнасы;
▪️ ХАҚ (Халыққа адал қызметкер) – «7 арна» телеарнасы;
▪️ «Мошенники» - «НТК» телеарнасы.

Үздік өңірлік ток-шоу:

▪️ «Көп нүкте» - «AQTOBE» телеарнасы;
▪️ «Ділмар» - «Жетісу» телеарнасы;
▪️ «Сөздің қысқасы...» - «Mangystay» телеарнасы;
▪️ «Давайте обсудим» - «ТДК-42» телеарнасы.

Үздік өңірлік телеарна:

▪️ «Qyzylorda» телеарнасы;
▪️ «Caspian News» телеарнасы;
▪️ «Жетісу» телеарнасы;
▪️ «ТДК-42» телеарнасы.

Балаларға арналған үздік бағдарлама:

▪️ «Телебалапан» - «Ulytau» телеарнасы;
▪️ «АуылDone» «7 арна» телеарнасы;
▪️ «Жұрттың балалары» «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ «IBars» - «Balapan» телеарнасы.

Үздік тележурналист:

▪️ Григорий Беденко - «Хабар» телеарнасы;
▪️ Еркін Карин - «Астана тв» телеарнасы;
▪️ Нурбек Бекбау - «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ Ақбөпе Тәңірберген – Бірінші канал Еуразия.

Үздік тележүргізуші:

▪️ Мадина Балгабаева - «КТК» телеарнасы;
▪️ Каиржан Смагулов - «24 KZ» телеарнасы;
▪️ Айкерім Есенәлі -  «Qazaqstan» телеарнасы;
▪️ Мадина Алмолдина - «Atameken Business»телеарнасы.

Айта кетейік, «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – сапалы қазақстандық телевияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға