Жаңалықтар

Семейде бір апта бұрын жоғалған 30 жастағы әйел өлі табылды

Семейде бір апта бұрын жоғалған 30 жастағы әйел өлі табылды
Фото: © Pixabay.com 03.06.2024 03:21 4187

Семей маңынан бір апта бұрын жоғалып кеткен 30 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды @abainewskz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

30 жастағы Динара Досымбекова 26 мамырда сағат 10:00 шамасында Бородулиха ауданындағы «Ауыл» стансасынан көлік тоқтатып, Семей қаласына қарай жолға шыққан. Өкінішке қарай 2 маусымда оның денесі табылды.

2024 жылдың 2 маусымында „102“ арнасына Бородулиха аудандық полиция бөліміне „Ауыл“ стансасының 59 жастағы тұрғыны хабарласып, 26 мамыр күні 1994 жылы туған қызы Динара Досымбекованы табуға көмектесуін сұраған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады бізге Абай облысының полиция департаменті, «LIDER» еріктілер іздестіру қозғалысынан қайғылы хабар келмей тұрып.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өлімнің себебі анықталып жатқанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға