Жаңалықтар

Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйелдің денесі табылды

Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйелдің денесі табылды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 15.06.2024 13:16 4992

Ақтөбеде жантүршігерлік қылмыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Базарға көлігін сатамын деп кеткен 55 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті. Әйел байланысқа шықпаған соң туыстары полицияға хабарлаған. Көмекке жергілікті волонтерлер де келген.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ізін суытпай ер адамның ұсталғанын мәлімдеді. Жоғалған ақтөбелік әйелдің көлігі күдіктінің гаражынан анықталды. Көп ұзамай әйелдің денесі қаланың шетінен табылды.

Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды. Іске байланысты сараптама тағайындалды, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу Полиция департаментінің басшысының жеке бақылауында, - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға