Жаңалықтар

Меккеге қажылыққа барған 14 адам қайтыс болып, 17-сі жоғалып кетті

Меккеге қажылыққа барған 14 адам қайтыс болып, 17-сі жоғалып кетті
Фото: ©pixabay.com 17.06.2024 15:56 5537

Меккеде қажылыққа барған 14 Иордания азаматы аптап ыстыққа шыдамай, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Елдің сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясындағы қажылық кезінде иорданиялық 14 қажы қайтыс болды, тағы 17 қажы із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Ауа райы болжамы бойынша дүйсенбі күні Меккеде температура 47 градусқа дейін көтерілетіні айтылды.

Сәрсенбіде аяқталатын қажылық - әлемдегі ең көп адам қатысатын іс-шаралардың бірі: биыл Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, оған 1,8 миллионнан астам қажылар қатысады.

Соңғы 30 жылда бұл іс-шарадағы жүздеген өлім-жітімнің себептеріне шатырдағы өрттер, күн тию, қысылып қалу және басқа да факторлар жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға