Жаңалықтар

Ұлттық ғылым академиясының академиктері сайланды

Ұлттық ғылым академиясының академиктері сайланды
Фото: qazscience.gov.kz 26.06.2024 02:31 1027

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктерді сайлау жөніндегі конкурс аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрінің №223 бұйрығымен бекітілген ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларына сәйкес академияның жалпы жиналысында шешім шықты.

Ондағы шешімге сәйкес «Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Медицина және денсаулық сақтау» бағыты) Серік Ақшұлақов пен Вячеслав Локшин, ал «Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі бойынша («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары Максим Здоровец, Тілекқабыл Рамазанов, Дурвудхан Сураган, Ерлан Тұрыспеков Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға