Жаңалықтар

Ерлан Қарин шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Ерлан Қарин шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді
Фото: Akorda.kz 25.06.2024 20:04 324

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Республикалық комиссияның шешімімен 184 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алады. Сонымен қатар комиссия отырысында отандық ғалымдардың жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту мәселесі қаралды.

Мемлекеттік кеңесші Президенттің аталған бастамасы Қазақстан ғылымының дамуын ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамаға арналған гранттарды бөлу кезінде отандық ғылымның басым бағыттары бойынша тепе-теңдікті міндетті түрде сақтау қажет екеніне назар аударды. Бұл әлеуметтік-гуманитарлық, сондай-ақ инженерлік-техникалық мамандықтарға да қатысты.

Мемлекеттік кеңесші отырыс қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасына конкурстық негізде іріктеу процесін одан әрі жүзеге асыруға әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға