Жаңалықтар

"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды

"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды
Фото: "Жетісу" ФК 02.06.2024 22:46 5837

«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды. Сот шешімімен оған 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін бірқатар БАҚ беттерінде футбол клубының директоры әрі "Жетісу" әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевты ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Әлеуметтік желіде тараған кейбір бейресми мәліметтерде  Қалмұхамет Дөңсебаевты антикор ұстағаны және ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдікке ілінгені айтылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға