Жаңалықтар

Әдеби термин туралы

Өткен жылы (1961) Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы филология ғылымының кандидаты Ғали Әбетов құрастырған «Әдебиеттану терминдерінің орысша-қазақша қысқаша сөздігін» басып шығарды. Оған әдебиеттанудың көп елдер ортақ қолданатын жеті жүзден астам, қазақтың елу шақты төл термині енген. Аталған сөздіктің алдымен ескертерлік жақсы қасиеті -әдеби терминдерді жүйелеп тізіп, солардың мән-жайын түсіндіруінде, бірсыпыра терминдерге қазақша нақты балама қолдануында, түрлі сөзбен беріліп келген кей терминдердің орнын екшеп көрсетуге талаптануында. Мәселен, бұрын геройды герой деп айта берушілік болатын еді. Біздіңше автордың геройды қаһарман деп алуы әбден орынды. Сол сияқты, положительный дегенді ұнамды деп керсетуі де жөн. Мотивті - сарын, вариантты - нұсқа, юморды - әзіл, прообразды - түпбейне деп келтіруі де қазіргі тәжірибеге сәйкес келеді. Абай өлеңі, айтыс, ақын, халық ақыны, алтыаяқ, бәдік, беташар, естірту, жарапазан, жар-жар, жыр, жырау, жыршы, қайым өлең, қарасөз, назым, наурыз өлең, өлеңші сарын, тақпақ, терме, толғау секілденген қазақ әдебиетінің атауларын термин ретінде баяндауы сөздіктің соны сипатын аңғартады. Әдеби терминдер сөздігі туңғыш рет жарияланьш отыр. Мундай тың жұмыстың көптеген қиындықтары болатынын да умытуға болмайды. Сөздікті қурастырушы Ғ.Әбетовтің көп еңбек сіңіргенін атап айту керек. Сонымен бірге сөздіктің осы жолғы басылуында кеткен кейбір әбестіктерді де көрсетіп, әдеби терминдер кітабының болашақта будан сапалы болып  шығуына пікір қосуымыз парыз.    Жеке    атауларға    тоқталмастан    бурын    сөздіктің құрылысы   туралы    айталық.    Біздің   ойымызша,    сөздікті «Әдебиеттану     терминдерінін     қысқаша     орысша-қазақша сездігі» демей, «әдеби терминдер сөздігі» деп атау ұтымды болатын    еді.    Мұндай    жұмыс    алғашқы    рет    жасалып отырғандықтан ба, қайдам, Ғ.Әбетов оңай тәсілдерге ойысып кеткен. Терминдердің орысша айтылуын ала салып, көпшілігін сол қалпында қазақша тіркей бергеннен оқушыға нақтылы пайдалылығы    артпайды.     Мәселен,     поэтты     -     ақын, прибаутканы - әзіл өлең, припевті - қайырма, притчаны -притча,    поэзияны - поэзия,    прозаны    -    проза    деп қатарластырғаннан мол жаңалық тауып тұрған жоқ. Журт осы сияқты терминдерді атауға тілі келмегендіктен емес, мәнін терең   білмегендіктен   сөздікке    зәру.    Олай    болса   әрбір терминнің (қай тілден  келсе  де)  этимологиясын  ескертіп, кеңірек, дәлелдірек түсіндіру абзал еді.  Терминдер ішінде грек, латын, ағылшын, француз, неміс, араб, парсы тілдерінде тараған сөздер көп. Солар әмбе жұртқа ортақ, халықаралық терминге айналып кеткен. Кейбір аса маңызды терминдердің түсініктемесін тым жалпы әрі шолақ қайырғанын сөздіктің олқылығы санаймыз. Бұған бірер мысал. «Өнер өнер үшін» дейтін буржуазиялық жалған теория негізі толығырақ айтылуы керек еді. Ал сөздікті құрастырушының оны «өнердің идеялық мазмұнын, қоғамдық мәнін әдейі мойындағысы келмейтін, буржуазиялық өнертану мен әдебиеттану ғылымындагы жалған, зиянды теория» деуі мәселеге жеткілікті анықтық әкелмейді. Не қазақ әдебиетінен, не басқа әдебиеттен мысал берілмепті. Автордың роман жанрын ұқтыруы да атүстілеу. Қазіргі кезде жалғыз қазақ әдебиетінде емес, көп елдер әдебиетінде жетекші орынға шыққан озық жанр - романды молырақ, жүйелірек айту қажет-ақ еді. Айтысқа берген анықтама да мысал келтірілмегендіктен жадағайлау сезіледі. Қазақ арасынан ежелден қанықты, осы күні қайта жаңарған ақындар айтысы кеңірек әңгімелеуге әбден лайық деп білеміз. Мысал демекші, сөздіктегі терминдер мысалсыз. Осы себептен бірсыпыра атаулар жалаң естіледі, есте қалмайды. Акростих, аллегория, аллитерация, анафора, бәдік, беташар, гипербола, жар-жар, инверсия, редиф дегендерге мысал алуға автордың неге бармағаны түсініксіз.
13.11.2013 09:30 17861

Өткен жылы (1961) Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы филология ғылымының кандидаты Ғали Әбетов құрастырған «Әдебиеттану терминдерінің орысша-қазақша қысқаша сөздігін» басып шығарды. Оған әдебиеттанудың көп елдер ортақ қолданатын жеті жүзден астам, қазақтың елу шақты төл термині енген.

Аталған сөздіктің алдымен ескертерлік жақсы қасиеті -әдеби терминдерді жүйелеп тізіп, солардың мән-жайын түсіндіруінде, бірсыпыра терминдерге қазақша нақты балама қолдануында, түрлі сөзбен беріліп келген кей терминдердің орнын екшеп көрсетуге талаптануында. Мәселен, бұрын геройды герой деп айта берушілік болатын еді. Біздіңше автордың геройды қаһарман деп алуы әбден орынды. Сол сияқты, положительный дегенді ұнамды деп керсетуі де жөн. Мотивті - сарын, вариантты - нұсқа, юморды - әзіл, прообразды - түпбейне деп келтіруі де қазіргі тәжірибеге сәйкес келеді. Абай өлеңі, айтыс, ақын, халық ақыны, алтыаяқ, бәдік, беташар, естірту, жарапазан, жар-жар, жыр, жырау, жыршы, қайым өлең, қарасөз, назым, наурыз өлең, өлеңші сарын, тақпақ, терме, толғау секілденген қазақ әдебиетінің атауларын термин ретінде баяндауы сөздіктің соны сипатын аңғартады.

Әдеби терминдер сөздігі туңғыш рет жарияланьш отыр. Мундай тың жұмыстың көптеген қиындықтары болатынын да умытуға болмайды. Сөздікті қурастырушы Ғ.Әбетовтің көп еңбек сіңіргенін атап айту керек.

Сонымен бірге сөздіктің осы жолғы басылуында кеткен кейбір әбестіктерді де көрсетіп, әдеби терминдер кітабының болашақта будан сапалы болып  шығуына пікір қосуымыз парыз.    Жеке    атауларға    тоқталмастан    бурын    сөздіктің құрылысы   туралы    айталық.    Біздің   ойымызша,    сөздікті «Әдебиеттану     терминдерінін     қысқаша     орысша-қазақша сездігі» демей, «әдеби терминдер сөздігі» деп атау ұтымды болатын    еді.    Мұндай    жұмыс    алғашқы    рет    жасалып отырғандықтан ба, қайдам, Ғ.Әбетов оңай тәсілдерге ойысып кеткен. Терминдердің орысша айтылуын ала салып, көпшілігін сол қалпында қазақша тіркей бергеннен оқушыға нақтылы пайдалылығы    артпайды.     Мәселен,     поэтты     -     ақын, прибаутканы - әзіл өлең, припевті - қайырма, притчаны -притча,    поэзияны - поэзия,    прозаны    -    проза    деп қатарластырғаннан мол жаңалық тауып тұрған жоқ. Журт осы сияқты терминдерді атауға тілі келмегендіктен емес, мәнін терең   білмегендіктен   сөздікке    зәру.    Олай    болса   әрбір терминнің (қай тілден  келсе  де)  этимологиясын  ескертіп, кеңірек, дәлелдірек түсіндіру абзал еді.  Терминдер ішінде грек, латын, ағылшын, француз, неміс, араб, парсы тілдерінде тараған сөздер көп. Солар әмбе жұртқа ортақ, халықаралық терминге айналып кеткен.

Кейбір аса маңызды терминдердің түсініктемесін тым жалпы әрі шолақ қайырғанын сөздіктің олқылығы санаймыз. Бұған бірер мысал. «Өнер өнер үшін» дейтін буржуазиялық жалған теория негізі толығырақ айтылуы керек еді. Ал сөздікті құрастырушының оны «өнердің идеялық мазмұнын, қоғамдық мәнін әдейі мойындағысы келмейтін, буржуазиялық өнертану мен әдебиеттану ғылымындагы жалған, зиянды теория» деуі мәселеге жеткілікті анықтық әкелмейді. Не қазақ әдебиетінен, не басқа әдебиеттен мысал берілмепті. Автордың роман жанрын ұқтыруы да атүстілеу. Қазіргі кезде жалғыз қазақ әдебиетінде емес, көп елдер әдебиетінде жетекші орынға шыққан озық жанр - романды молырақ, жүйелірек айту қажет-ақ еді. Айтысқа берген анықтама да мысал келтірілмегендіктен жадағайлау сезіледі. Қазақ арасынан ежелден қанықты, осы күні қайта жаңарған ақындар айтысы кеңірек әңгімелеуге әбден лайық деп білеміз.

Мысал демекші, сөздіктегі терминдер мысалсыз. Осы себептен бірсыпыра атаулар жалаң естіледі, есте қалмайды. Акростих, аллегория, аллитерация, анафора, бәдік, беташар, гипербола, жар-жар, инверсия, редиф дегендерге мысал алуға автордың неге бармағаны түсініксіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға