Жаңалықтар

Пайдалы қазбаларды табу, өңдеу және пайдалану

Ялта кен орны актинолит асбестінің қоры барланған республикадағы бірден-бір кеніш. Оның қорын зерттеуге әзірше қаржы табылмай отыр. Ондағы асбест республиканың шаруашылық кешеніне қажет-ақ, өйткені ол талшықтарының ұзындығына байланысты жүн иіруде, фильтрлер, жылу өткізбейтін маталар, шиферлер жасауда пайдалануға болады. Техникалық алмасы бар Шалқар кен орны алдын ала зерттелді және бағаланды. Оның орташа құрамы 29 карат тоннаға тең. Рас, әзірше пайдаланылмай тұр. Органикалық сипаттағы жанатын пайдалы қазбаларды геологияда каустобиолит деп атайды. Бұлардың көпшілігі металлургиялық және энергетикалық отын ретінде, сондай-ақ, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бірқатар салаларында пайдаланылады. Солтүстік Қазақстанда көмірсутегі шикізатының бірнеше кен орындары барланды. Атап айтқанда,   Ставропольде қоңыр көмір кеніші бар. Оның 1,25 - 6,9 текше метр қабаты 10 - 145 метрге дейін тереңдікте юрский шөгінділерінен табылады. Бұл отынның жылу қуаты 6560 килокалория/килограмм. Мамандардың айтуынша жергілікті жерде мұны пайдалануға болады. Бұған қоса триас-юрский шөгінділеріндегі қоңыр көмірдің қабыршықтары Соколовка селосының түбіндегі Иманбұрлық өзенінің оң жағалауынан табылып отыр. Өңірде мұнай мен газдың қордалануына қолайлы техтоникалық құрылымдар бар. Асанов, Тоқшын, Рявкино және Октябрь облыстың солтүстік-шығысындағы осындай құрылымдар болып табылады. Оңтүстікте, Солтүстік-Торғай ойпаты мен Көкшетау таулары тоқайласқан аймақта газ бен мұнай табылуға тиіс тұстарда ұңғымалар бар. Облыстың болжамды мұнай қоры 65 миллион тонна, газ 24 миллиард текше метр деп бағаланып отыр. Геологтар шымтезектің 15 орнын тапты. Олардың бәрі де барланды, бірақ пайдаланылмай түр. Шымтезек көл шұңқырлары мен батпақты жерлерде. Осы бір отындық шикізатты тыңайтқыш ретінде де пайдалануға болады. Шымтезектің жалпы қоры 400 мың тоннаға жуық. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында химиялық және бальнеологиялық шикізат пен шипалы судың қоры аз емес. Мәселен, фосфор тыңайтқышын өндіруде қолданылатын фосфорит бар. Слеті кенішінде іздеу-бағалау жұмыстары жүргізілді. Ондағы фосфорит бор шөгінділерінде жатыр. Ондағы глауконит судың, топырақ тыңайтқышының түтқырлығын азайту, бояулар жасау үшін қолданылады. Бұл кеніштің қоры 512 миллион тоннаны құрайды, алайда күрделі геологиялық жағдай өнеркәсіптік өңдеу жұмысына бөгет болып тұр. Жамантұздағы, Қалибектегі және басқаларындағы галит яғни ас тұзы немесе тас тұзы кеніші барлану үстінде және тәжірибе ретінде кен өндірілуде. Становое көлінің шұңқырына орналасқан Кислое көлінде емдік лай бар. Осынау минералдық-органикалық субстанцияның қоры 119 мың текше метр. Ол Ресейдегі атақты Медвежье көліндегі емдік лайға ұқсас. Солтүстік Қазақстанның Соленое көлінде және басқа да айдындарында емдік лай бар. Облыста бальнеологиялық маңызы бар химиялық кұрамы әртүрлі шипалы сулардың 13 кеніші бар. Олардың алтауы барланған, алайда қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғандары үшеу ғана: Асанов (Михайловка селосы), Қызылжар (Петропавл қаласы) және Благовещенка (Благовещенка селосы) кеніштері. Сонымен бірге Раушан-Арасан (Петропавл қаласы), Ақбұлақ (Сергеевка қаласы), Азнабай-Арасан (Кішкенекөл селосы) және басқа шипалы суларды шығаруға мүмкіндік бар. Бұған қоса тұщы және техникалық сулардың 27 кеніші барланды. Минералдық-шикізат қорларының көбі жердің бетіне, халық жиі қоныстанған өңірлерге, автомобиль және темір жолдарға жақын орналасқандықтан, оларды игеру қиындық туғызбайды. Пайдалы қазбаларды табу, өңдеу және пайдалану өңір экономикасының аса маңызды саласын дамытуға ықпал жасайтын болады. Минералдық-шикізат қорларын өндіру — пайдалы және болашағы зор іс; ол ірі инвесторларды да, шағын және орта бизнес өкілдерін де қызықтыратын сала бола алады және болуға тиіс.
14.03.2013 10:01 11533

Ялта кен орны актинолит асбестінің қоры барланған республикадағы бірден-бір кеніш. Оның қорын зерттеуге әзірше қаржы табылмай отыр. Ондағы асбест республиканың шаруашылық кешеніне қажет-ақ, өйткені ол талшықтарының ұзындығына байланысты жүн иіруде, фильтрлер, жылу өткізбейтін маталар, шиферлер жасауда пайдалануға болады.

Техникалық алмасы бар Шалқар кен орны алдын ала зерттелді және бағаланды. Оның орташа құрамы 29 карат тоннаға тең. Рас, әзірше пайдаланылмай тұр.

Органикалық сипаттағы жанатын пайдалы қазбаларды геологияда каустобиолит деп атайды. Бұлардың көпшілігі металлургиялық және энергетикалық отын ретінде, сондай-ақ, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бірқатар салаларында пайдаланылады. Солтүстік Қазақстанда көмірсутегі шикізатының бірнеше кен орындары барланды. Атап айтқанда,   Ставропольде қоңыр көмір кеніші бар. Оның 1,25 - 6,9 текше метр қабаты 10 - 145 метрге дейін тереңдікте юрский шөгінділерінен табылады. Бұл отынның жылу қуаты 6560 килокалория/килограмм. Мамандардың айтуынша жергілікті жерде мұны пайдалануға болады.

Бұған қоса триас-юрский шөгінділеріндегі қоңыр көмірдің қабыршықтары Соколовка селосының түбіндегі Иманбұрлық өзенінің оң жағалауынан табылып отыр.

Өңірде мұнай мен газдың қордалануына қолайлы техтоникалық құрылымдар бар. Асанов, Тоқшын, Рявкино және Октябрь облыстың солтүстік-шығысындағы осындай құрылымдар болып табылады. Оңтүстікте, Солтүстік-Торғай ойпаты мен Көкшетау таулары тоқайласқан аймақта газ бен мұнай табылуға тиіс тұстарда ұңғымалар бар. Облыстың болжамды мұнай қоры 65 миллион тонна, газ 24 миллиард текше метр деп бағаланып отыр.

Геологтар шымтезектің 15 орнын тапты. Олардың бәрі де барланды, бірақ пайдаланылмай түр. Шымтезек көл шұңқырлары мен батпақты жерлерде. Осы бір отындық шикізатты тыңайтқыш ретінде де пайдалануға болады. Шымтезектің жалпы қоры 400 мың тоннаға жуық.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында химиялық және бальнеологиялық шикізат пен шипалы судың қоры аз емес. Мәселен, фосфор тыңайтқышын өндіруде қолданылатын фосфорит бар. Слеті кенішінде іздеу-бағалау жұмыстары жүргізілді. Ондағы фосфорит бор шөгінділерінде жатыр. Ондағы глауконит судың, топырақ тыңайтқышының түтқырлығын азайту, бояулар жасау үшін қолданылады. Бұл кеніштің қоры 512 миллион тоннаны құрайды, алайда күрделі геологиялық жағдай өнеркәсіптік өңдеу жұмысына бөгет болып тұр.

Жамантұздағы, Қалибектегі және басқаларындағы галит яғни ас тұзы немесе тас тұзы кеніші барлану үстінде және тәжірибе ретінде кен өндірілуде.

Становое көлінің шұңқырына орналасқан Кислое көлінде емдік лай бар. Осынау минералдық-органикалық субстанцияның қоры 119 мың текше метр. Ол Ресейдегі атақты Медвежье көліндегі емдік лайға ұқсас. Солтүстік Қазақстанның Соленое көлінде және басқа да айдындарында емдік лай бар.

Облыста бальнеологиялық маңызы бар химиялық кұрамы әртүрлі шипалы сулардың 13 кеніші бар. Олардың алтауы барланған, алайда қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғандары үшеу ғана: Асанов (Михайловка селосы), Қызылжар (Петропавл қаласы) және Благовещенка (Благовещенка селосы) кеніштері. Сонымен бірге Раушан-Арасан (Петропавл қаласы), Ақбұлақ (Сергеевка қаласы), Азнабай-Арасан (Кішкенекөл селосы) және басқа шипалы суларды шығаруға мүмкіндік бар. Бұған қоса тұщы және техникалық сулардың 27 кеніші барланды.

Минералдық-шикізат қорларының көбі жердің бетіне, халық жиі қоныстанған өңірлерге, автомобиль және темір жолдарға жақын орналасқандықтан, оларды игеру қиындық туғызбайды.

Пайдалы қазбаларды табу, өңдеу және пайдалану өңір экономикасының аса маңызды саласын дамытуға ықпал жасайтын болады. Минералдық-шикізат қорларын өндіру — пайдалы және болашағы зор іс; ол ірі инвесторларды да, шағын және орта бизнес өкілдерін де қызықтыратын сала бола алады және болуға тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға