Жаңалықтар

Қазақстанның Халық әртісі Ғалым МҰХАМЕДИН: «Тайжан ақын – менің өнердегі ғұмырлық тақыры

Қазақтың ән өнерінің тарихы тағдырдың жазуымен небір қиындықтарды бастан кешті. Әні мен әншісінің басына қатар келген қасірет өнерімізді ойсыратып тастады. Мәдени өмірімізде біраз ақтаңдақтардың әлі де беті ашылмай жатыр. Қасиетті Ұлытау өңірі кеңестік үкіметтің зардабын біраз тартқан, өнер иелерінен көз жазып қалған өлке. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде ұлтымыздың ұлдары мен олардың жазып қалдырған рухани азықтары жалын болып жоғалды. Ел жадында қалғандары мылқаудың күйін кешті. Сол қасіретті көрген, өмірі қуғындаумен өткен ұлытаулық, иісі қазаққа ортақ тарихи тұлға Тайжан Қалмағамбетов еді. Ел ауызында Тайжан ақын, Тайжекең деген атпен орнынққан ақынның мұралары бүгінде ортамызға оралуда. Зерттеп, тереңіне үңіліп жүрген жоқтаушылары бар. Соның бірі, Тайжанды өзіне өмірлік рухани азық еткен ҚР Халық әртісі Ғалым Мұхамедин.  Әніне елі сүйсінген, жырын жадында сақтаған Тайжан ақын жайлы жалықтырмайтын ұлағаты мол әңгімені де айта алатын осы кісі. Бүгінде Тайжан ақын атындағы Жезқазған филармониясында еңбек ететін Ғалым ағамен сұқбаттасудың сәті түсті. Ғалым аға, көпшілік ел Сізді Тайжан әндерінің орындаушысы ретінде таниды. Бір қызығы Сіз Тайжан әндерінің орындаушысы ғана емес, соңына май шам алып түскен зерттеушісі, жоқшысы ретінде де көрініп жүрсіз. Тайжан әндеріне деген құмарлық неден басталды?     Тайжан әндерінің соңына шырақ ала түсуіме мына екі жағдай әсер еткен еді. Біріншісі, 1973 жылы Жезқазған облысы ашылып, мәдениет саласының өкілдерін облыс орталығына жинай бастады ғой. Сол жылы облыстық көркемөнерпаздарының байқауы болды. Мен Жаңаарқа ауданының атынан Игілік Омаров, Қорабай Есенов, Тілеухан Мұхамеджан, Роза Беймендина бастаған өнерпаздармен бірге осы өнер байқауына қатыстым.  Бұл байқауда мен лауреат атандым. Орындаған әнім Сәкеннің «Тау ішінде» әні болатын. Концерт аяқталған соң маған бір жігіт келіп: «Сенің даусың жақсы екен. Алматыға эстрада өнер студиясына келсең қайтеді?» демесі барма?!. Ол кезде қай жерде үлкен байқаулар өтсе, сол жерге арнайы келіп таланттарды іздейді екен. Ұсыныс айтқанымен қоймай, атақты әншілер, халық әртістері Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев ағалардан дәріс аласың деп студиясының адресін, телефонын түгел жазып берді. Ауылдағы бозбалаға осыдан артық не бақыт керек?! Сол жылы, яғни 1973 жылы Жүсіпбек Елебеков сыныбына оқуға түстім. Студияға түскен еліміздің түкпір- түкпірінен жиналған әнші балалар өз елінің ақын- әншілерін, күйшілерін мақтан ететін. Менімен бірге Қызылорда облысы, Арал ауданының «Қызыл ту» совхозынан келген Темірхан Ерғалиев әнші жігіт Ғарифулла Құрманғалиевтің сүйікті шәкірті болды. Бірге жолдас болдық,  оқуды бірге бітірдік. Жұбымыз жазылмаған жақсы досқа айналып кеттік. Дарындылығы керемет, әнді өте көп білуші еді. Батыс өңіріміздің әндерін керемет меңгеріп, өнерге қанат қаққан термеші болды. Бірақ ғұмыры қысқа болып, қайтыс болып кетті. Сол Темірхан Сыр елінің сүлейлерін, әнші жыршыларын айтып отыратын. Бірде  Темірхан: «Ғалым сен Тайжан Қалмағамбетовестуін барма? Жезқазғаннан келдім деп отырсың ғой. Ол кісі керемет болған деп біздің Сыр елі аузынан суы құрып айтып отырушы еді. Тайжекең сырнаймен, домбырамен, қобызда да қосылып ән шырқайды екен. Жендеттер оны халық жауы санап, атып тастаған көрінеді. Әндері ескерусіз қалып барады-ау» деп, ой тастады. Онысымен қоймай Темірхан Тайжекеңнің «Сыр еліне» деген әнін бойымды шымырлата отырып айтып береді. Бір күлетін әндері де болған екен деп тамсандырып қойды. Тайжанды жалпы  естуім болмаса, оның өнері мен «Сыр еліне» деген әнін бірінші рет осы Темірханнан естідім. Міне, осы әңгіме менің Тайжан әндеріне деген ізденісімді оятты.    Ал, екінші бір жағдай оқуды бітіріп, 1975 жылы Жезқазған облысының филармониясындағы «Жез киік» эстрадалық ансамбіліне жолдамамен келдім. Әлі күнге дейін осы ұжымда еңбек етіп жүрмін. «Жез киік» ансамблімен алғашқыда Жезқазған облысының барлық қала, аудан, совхоз, бөлімшелерін бір жылда аралап шықтық. Ел аралап жүргенде, ауыл ақсақалдары: «Ғалым балам-ау, Тайжан ақынның әндері айтылмай жүр. Осы аймақтың әншісі емессіңдерме, сен айтпағанда кім айтады?» деген сөздерді естіп жүрдім. Оқуды бітіріп, елге қайтып бара жатқанымда Жүсіпбек Елебеков ағамыздың өзі: «Ғалым үш жүздің басын қосқан Ұлытау еліне бара жатырсың. Ол жер қасиетті жер. Небір дүлділдер шыққан жер. Ол елде Тайжан ақын өмір сүрген. Нақақтан «халық жауы» деп атып өлтірген оны. Талай жерде бірге ән салғанбыз. Тайжанның әндері айтылмай кетті ғой қайран дүние! Осы Тайжанның мұрасын барысымен қолға алшы» деп үлкен бір аманат тапсырды.    Аға, Алматыдан елге досыңыз бен ұстазыңыздан үлкен аманат арқалап келген екенсіз. Аманатқа адалдық, дос пен ұстаздың сенімі өз жалғасын қалай тапты?    Тайжекеңнің әндерін ел ішінен көп іздедім. Қызылорда, Шымкент, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Атбасар, Көкшетау, Өскемен, Семей өңірлері және Қарақалпақ елінің Тайжанды біледі деген ақсақалдарымен, өнер адамдарымен кездестім. Өкініштісі, Тайжанмен кездесіп, әнін  тыңдаса да бірде-бір әндері, әннің сөздері естеріңде қалмаған. Тек айтатындары: «Дауысы әсем, өте жағымды. Талмай тыңдай бергің келеді және әнді түрлендіріп ерекше шабытпен орындаушы еді» деуден әріге бара алмады. Көп әнді көңілденіп, шаттанып, күліп шырқайтынын да айтады. Содан не керек, «Қазақтың 1000 әні» жинағынан Тайжекеңнің «Тайжан әні», «Ұлытау» деген әндерін үйрендім. Концерттерде домбырамен айтып жүрдім. Бірде аяқ астынан қызық жағдай болды. Облыстық «Жезқазған туы» газетінің редакциясына Сайлаухан Нәкенов ағамызды іздеп бардым. Жаны жайсаң, өнердің қамқоршысы Сайлаухан ағамызға Тайжан әндерін іздеп, Ақтөбе, Торғай өңіріне барған сапарымнан ештене шықпай, салым суға кетіп отырғанын айттым. «Ех, Ғалым-ай, сен іздеуді білмейді екенсің. Ақсақалдардан гөрі қария әжелерден сұрағанын жөн болады. Себебі, еркектерден гөрі әйелдердің миы тез қабылдап, жаттап алады. Әйтепесе, Тайжанмен малдас құрып отырған бір еркек Тайжан бір әнін айтып берер еді ғой. Тілімді алсаң былай жаса. Тайжанның ең үлкен ағасы Құлжан деген кісі болған. Осы Құлжаннан Шаһбал деген қыз қалыпты. Тайжан әндерін жатқа білетін көрінеді. Әуелі сол кісіні іздестірсең қайтеді» деп жөн сілтеді. Маған да керегі осы болатын. Айнала отырып, Шаһбал апамыздың мекен-жайын тауып алып, үйіне тура бардым. Қария әжептәуір жасқа келсе де әлі тың көрінеді. Амандық сұрасып, жөнімді айтқан соң қария менен секем алды. Атасы Тайжанды атқан үкімет, оның туған-туысын, елін де біраз әуреге салса керек. Содан әбден үркіп қалған екен. Шаһбал апамыз менімен әрі қарай әңгімелесуден бас тартты. Кеудесі алтын сандық болып тұрған жанның қорқынышы енді бекер екенін айтып түсіндіргенімнен ештене шықпады. Жылы қоштасып, амалым құрып үйден шығып бара жатқанымда баладарының бірі жаныма таянып: «Аға, келген мақсатыңыз бізге түсінікті болып отыр. Өзіңіз білесіз, ел әбден ұркіп қалды ғой сол саясаттан. Егер апамнан ән жазып аламын десеңіз, апам ақырын ғана ыңылдап ән айтып, көңілденіп жүретін уақыты болады. Сол кезде Сізді шақыра қояйын. Сіз дайын болып, дереу келсеңіз апам әнді орындап, тарихында айтып береді» демесі барма?! Мұндай қуанбаспын. Телефонымды, мекен-жайымды қалдырып, үзілген үмітті жалғап үйден шықтым.   Арада айдан астам уақыт өтті. Сәті түскен күн болса керек. Шаһбал апаның баласы қоңырау шалып: «Аға, апам бүгін көңілді. Атамның әндерін айтып бақша ішінде жүр. Жылдам келмесеңіз тағы біраз күтіп қаласыз» деп хабар берді. Таксиге мініп алып, апайдың үйіне жеттім. Шаһбал апамыз шынымен бақша ішінде гүл суарып, арам шөптерін тазалап жүр екен. Жанына жақындағанымда Тайжан атасының әнін сызылта ақырын ғана орындап жүргенін құлағым шалды. Бұрын таныс емес әнді жаттап алайын деп тұра қалғанымды қария сезіп қалып, басын көтерді. Амандасып, екі қолымды соза бергенімде: «Әнеукүні атам әнін іздеп келген бала емессіңбе? Амансыңба қарағым?» деп жылы қабақпен қарсы алды. Есік алдында жүрген балалардың біріне: «Шәй қойыңдар, қонақ келді» деген сөзін естігенімде бойым кеңи түсті. «Әй бала,  үй сыртынан біреу естіп қалып жүрер, үйге кірейік. Ақыры атамды іздеген екенсің. Мен саған біраз нәрсе айтамын» деп үйге кіргізді. «Бөтен кісі аяғы жоқпа, есікті жауып жүріңдерші» деп балаларына құлақағыс етті. Апырмай, 37-нің зұламаты адам санасына үрей болып бойлап алғанын сонда анық сездім. Қорқынышы әлі басылмапты. Менің әрбір қимылымды да бағып отырды. Шамасы үкіметтің адамы деп сескеніп отырса керек. Әуелі менің «анкетамды» сұрастырып, біліп алды. Сөйтіп, Тайжанның алты әнін айтып берді. Дереу нотаға тсүіріп, жазып алып отырмын. «Шалқыма», «Жомарт Тайжан», «Сақ- сақ» (1-түрі), «Гигигай», «Нартайға», «Гага-гай»  атты алты әнмен қоржынымды осы Шаһбал апа толтырды. Шынын айтсақ, ол кісі қазақ ән өнерінің тарихына алты әнді табыс етті. Өте қызықты жағдай екен. Тайжан әндерін орындап жүрген, Шаһбал апамыздың өзі де өнерге жақын болғаны ғой сірә? Әрине. Өз әңгімесінде, Шаһбал апамыздың әндерді сонша жаттап алуының тарихында айтып берген еді. Жас күнінде Атбасар өңіріне ұзатылса керек. Балалығынан айырыла қоймаған жас қыз елін аңсап, сағынумен күндерін өткізеді екен. Елден хабар алып, жөн сұрасып тұру қияметтің нағыз өзі. Жас қыздың сағынышын осы Тайжан атасының Атбасар жәрмеңкесіне келуі басатын болса керек. Атбасарға Тайжан ақын келе жатыр деген хабар жәрмеңкеге жиналған жұртқа апта бұрын жетеді екен. Елден турасын айтсақ төркіннен келе жатқан жанды асыға күтетін жан Шаһбал апамыз еді. Бірде жәрмеңкеге келген Тайжан ақын Шаһбалдың үйіне түсіпті. Қона жатып, екі-үш күн өнерін көрсетіп, жас қыздың сағынышын басып, елді әнмен сусындатқан екен. Атбасардан әрі асып Қараөткел, Көкшетауды бетке алатын ақын қайтарында да Атбасардағы Шаһбалға соғып, тағы бір өнер көрсетіп кетеді екен. Міне, осы жағдай Шаһбал апамыздың әнге құмарлығын арттырып, жадында қалуына әсер еткен екен. Тайжанның әкесі Қалмағамбеттен 5 ұл туады ғой. Тайжан ақын соның үшіншісі. Ал, қалған ұлдарынан осы Тайжан мұрасын бүгінге жеткізгендері барма? Иә, Қалмағамбеттен 5 ұл туады. Үлкені жаңағы айтқан Шаһбалдың әкесі Құлжан. Одан кейін Тойжан, Тайжан, Шубай, Шалабай. Бәрінінде ұрпақтары бар. Кезінде үлкендер Кеңестік үкіметтің қаһарынан қорқып, балаларымызға кесірі тимесін деп көп әңгімені өздерімен қара жер қойнауына ала кетті. Бірақ, қазақтың ұлы болып туған Тайжанды өзге бауырларынан туған ұрпақтары ұмыта қойған жоқ. Шубай деген інісінен туған Әбдікәрім ағай  «Гигигай» («Сақ-сақтың» II түрі) әуенін шала біледі екен. Сол кісінің үйінде осы ән туралы әңгіме қозғалып, әуенін Әбекең маған ыңылдап үйретті. Бірде ол Алматыда оқып жүріп, демалысқа ауылға келгенінде күйтабақ ала келіпті. Күйтабақтың іші сырнаймен айтылатын әндерге толы болса керек. Барлық әндердің орындаушысы Дүтбай әнші екен.  Ауырып жатқан анасына ән тыңдасын деп күйтабақты қосып берген. Патефондағы әндері кезегімен айтылып, тағы бір жаңа әуен қосылып жатқанда төсектегі анасы: «Ақын атам келді. Атам қайда? Ән соныкі ғой» деп төсегінен атып тұрыпты. Әннің патефоннан шығып жатқанын білген анасы, біраз тыңдап отырып: «Гигигайдың» сақылдап күлетін жерін алып тастапты ғой. Мына әннің күлкісі қайда? Әннің маңызы мен нәрі сол күлкі еді ғой» деп налыпты. Кейіннен анасының айтуымен сол әнге Тайжанның күлкісін қосып, орындауды қолға алдым. Тайжанды елдің ортасынан әкеткен ызғар  сынып, санамыз бір сілкінді ғой. Дәл бүгінгі күні ел арасынан жаңа деректер кездестіре алдыңызба?    Ұлытаулық Әлен Әлімбетов деген әнші Тайжан ақын әндерін іздестіріп жүргенімді естіп келіпті. Жұмыс орным музыкалық колледжде болатын. Дереу нотаға түсіріп, «Жігіттер», «Қарсақбай», «Қызыл алма» әндерін жазып алдым. Тайжан мұраларына ден қойып, зерттеп жүрген жезқазғандық ақсақал, қаламыздың Құрметті азаматы Өмірбек Мұқановта ақын әндерінің ноталарын тауып берді. Сыр еліне барған сапарымда халық аузынан «Сыр еліне» атты әнін толықтырып жазып алдым. Бүгінде өзімнің жеке репертуарымда Тайжан ақынның 13 әні бар. Орындай қалсаң халық ұзағынан тұрып қошемет көрсетеді. Бұйырса Тайжан әндерімен репертуарымды байыта түсемін. Ізденіс үстіндемін. Тайжан ақын – менің ән өнеріндегі ғұмырлық тақырыбым. Бұл ел жадынан өшпейтін, өлмейтін мәңгілік тақырып. Мұны Кеңестік жүйенің құйтырқы саясаты да өшіре алмады. Себебі, халықтың Тайжанға деген құрметі, ықыласы жоғары болды. Рухымыздың биіктігін осыдан-ақ байқауға болады. Оның үстіне дос пен ұстазға берген уәдем, олар жүктеген аманат бойымда тұр. Мазмұнға толы сыр-сұхбатыңызға көп рахмет!  Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС    
06.12.2013 04:28 5739

Қазақтың ән өнерінің тарихы тағдырдың жазуымен небір қиындықтарды бастан кешті. Әні мен әншісінің басына қатар келген қасірет өнерімізді ойсыратып тастады. Мәдени өмірімізде біраз ақтаңдақтардың әлі де беті ашылмай жатыр. Қасиетті Ұлытау өңірі кеңестік үкіметтің зардабын біраз тартқан, өнер иелерінен көз жазып қалған өлке. Сталиндік қуғын-сүргін кезінде ұлтымыздың ұлдары мен олардың жазып қалдырған рухани азықтары жалын болып жоғалды. Ел жадында қалғандары мылқаудың күйін кешті. Сол қасіретті көрген, өмірі қуғындаумен өткен ұлытаулық, иісі қазаққа ортақ тарихи тұлға Тайжан Қалмағамбетов еді. Ел ауызында Тайжан ақын, Тайжекең деген атпен орнынққан ақынның мұралары бүгінде ортамызға оралуда. Зерттеп, тереңіне үңіліп жүрген жоқтаушылары бар. Соның бірі, Тайжанды өзіне өмірлік рухани азық еткен ҚР Халық әртісі Ғалым Мұхамедин.  Әніне елі сүйсінген, жырын жадында сақтаған Тайжан ақын жайлы жалықтырмайтын ұлағаты мол әңгімені де айта алатын осы кісі. Бүгінде Тайжан ақын атындағы Жезқазған филармониясында еңбек ететін Ғалым ағамен сұқбаттасудың сәті түсті.

Ғалым аға, көпшілік ел Сізді Тайжан әндерінің орындаушысы ретінде таниды. Бір қызығы Сіз Тайжан әндерінің орындаушысы ғана емес, соңына май шам алып түскен зерттеушісі, жоқшысы ретінде де көрініп жүрсіз. Тайжан әндеріне деген құмарлық неден басталды?

    Тайжан әндерінің соңына шырақ ала түсуіме мына екі жағдай әсер еткен еді. Біріншісі, 1973 жылы Жезқазған облысы ашылып, мәдениет саласының өкілдерін облыс орталығына жинай бастады ғой. Сол жылы облыстық көркемөнерпаздарының байқауы болды. Мен Жаңаарқа ауданының атынан Игілік Омаров, Қорабай Есенов, Тілеухан Мұхамеджан, Роза Беймендина бастаған өнерпаздармен бірге осы өнер байқауына қатыстым.  Бұл байқауда мен лауреат атандым. Орындаған әнім Сәкеннің «Тау ішінде» әні болатын. Концерт аяқталған соң маған бір жігіт келіп: «Сенің даусың жақсы екен. Алматыға эстрада өнер студиясына келсең қайтеді?» демесі барма?!. Ол кезде қай жерде үлкен байқаулар өтсе, сол жерге арнайы келіп таланттарды іздейді екен. Ұсыныс айтқанымен қоймай, атақты әншілер, халық әртістері Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев ағалардан дәріс аласың деп студиясының адресін, телефонын түгел жазып берді. Ауылдағы бозбалаға осыдан артық не бақыт керек?! Сол жылы, яғни 1973 жылы Жүсіпбек Елебеков сыныбына оқуға түстім. Студияға түскен еліміздің түкпір- түкпірінен жиналған әнші балалар өз елінің ақын- әншілерін, күйшілерін мақтан ететін. Менімен бірге Қызылорда облысы, Арал ауданының «Қызыл ту» совхозынан келген Темірхан Ерғалиев әнші жігіт Ғарифулла Құрманғалиевтің сүйікті шәкірті болды. Бірге жолдас болдық,  оқуды бірге бітірдік. Жұбымыз жазылмаған жақсы досқа айналып кеттік. Дарындылығы керемет, әнді өте көп білуші еді. Батыс өңіріміздің әндерін керемет меңгеріп, өнерге қанат қаққан термеші болды. Бірақ ғұмыры қысқа болып, қайтыс болып кетті. Сол Темірхан Сыр елінің сүлейлерін, әнші жыршыларын айтып отыратын. Бірде  Темірхан: «Ғалым сен Тайжан Қалмағамбетовестуін барма? Жезқазғаннан келдім деп отырсың ғой. Ол кісі керемет болған деп біздің Сыр елі аузынан суы құрып айтып отырушы еді. Тайжекең сырнаймен, домбырамен, қобызда да қосылып ән шырқайды екен. Жендеттер оны халық жауы санап, атып тастаған көрінеді. Әндері ескерусіз қалып барады-ау» деп, ой тастады. Онысымен қоймай Темірхан Тайжекеңнің «Сыр еліне» деген әнін бойымды шымырлата отырып айтып береді. Бір күлетін әндері де болған екен деп тамсандырып қойды. Тайжанды жалпы  естуім болмаса, оның өнері мен «Сыр еліне» деген әнін бірінші рет осы Темірханнан естідім. Міне, осы әңгіме менің Тайжан әндеріне деген ізденісімді оятты.

   Ал, екінші бір жағдай оқуды бітіріп, 1975 жылы Жезқазған облысының филармониясындағы «Жез киік» эстрадалық ансамбіліне жолдамамен келдім. Әлі күнге дейін осы ұжымда еңбек етіп жүрмін. «Жез киік» ансамблімен алғашқыда Жезқазған облысының барлық қала, аудан, совхоз, бөлімшелерін бір жылда аралап шықтық. Ел аралап жүргенде, ауыл ақсақалдары: «Ғалым балам-ау, Тайжан ақынның әндері айтылмай жүр. Осы аймақтың әншісі емессіңдерме, сен айтпағанда кім айтады?» деген сөздерді естіп жүрдім. Оқуды бітіріп, елге қайтып бара жатқанымда Жүсіпбек Елебеков ағамыздың өзі: «Ғалым үш жүздің басын қосқан Ұлытау еліне бара жатырсың. Ол жер қасиетті жер. Небір дүлділдер шыққан жер. Ол елде Тайжан ақын өмір сүрген. Нақақтан «халық жауы» деп атып өлтірген оны. Талай жерде бірге ән салғанбыз. Тайжанның әндері айтылмай кетті ғой қайран дүние! Осы Тайжанның мұрасын барысымен қолға алшы» деп үлкен бір аманат тапсырды.

   Аға, Алматыдан елге досыңыз бен ұстазыңыздан үлкен аманат арқалап келген екенсіз. Аманатқа адалдық, дос пен ұстаздың сенімі өз жалғасын қалай тапты?

   Тайжекеңнің әндерін ел ішінен көп іздедім. Қызылорда, Шымкент, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Атбасар, Көкшетау, Өскемен, Семей өңірлері және Қарақалпақ елінің Тайжанды біледі деген ақсақалдарымен, өнер адамдарымен кездестім. Өкініштісі, Тайжанмен кездесіп, әнін  тыңдаса да бірде-бір әндері, әннің сөздері естеріңде қалмаған. Тек айтатындары: «Дауысы әсем, өте жағымды. Талмай тыңдай бергің келеді және әнді түрлендіріп ерекше шабытпен орындаушы еді» деуден әріге бара алмады. Көп әнді көңілденіп, шаттанып, күліп шырқайтынын да айтады. Содан не керек, «Қазақтың 1000 әні» жинағынан Тайжекеңнің «Тайжан әні», «Ұлытау» деген әндерін үйрендім. Концерттерде домбырамен айтып жүрдім.

Бірде аяқ астынан қызық жағдай болды. Облыстық «Жезқазған туы» газетінің редакциясына Сайлаухан Нәкенов ағамызды іздеп бардым. Жаны жайсаң, өнердің қамқоршысы Сайлаухан ағамызға Тайжан әндерін іздеп, Ақтөбе, Торғай өңіріне барған сапарымнан ештене шықпай, салым суға кетіп отырғанын айттым. «Ех, Ғалым-ай, сен іздеуді білмейді екенсің. Ақсақалдардан гөрі қария әжелерден сұрағанын жөн болады. Себебі, еркектерден гөрі әйелдердің миы тез қабылдап, жаттап алады. Әйтепесе, Тайжанмен малдас құрып отырған бір еркек Тайжан бір әнін айтып берер еді ғой. Тілімді алсаң былай жаса. Тайжанның ең үлкен ағасы Құлжан деген кісі болған. Осы Құлжаннан Шаһбал деген қыз қалыпты. Тайжан әндерін жатқа білетін көрінеді. Әуелі сол кісіні іздестірсең қайтеді» деп жөн сілтеді. Маған да керегі осы болатын. Айнала отырып, Шаһбал апамыздың мекен-жайын тауып алып, үйіне тура бардым. Қария әжептәуір жасқа келсе де әлі тың көрінеді. Амандық сұрасып, жөнімді айтқан соң қария менен секем алды. Атасы Тайжанды атқан үкімет, оның туған-туысын, елін де біраз әуреге салса керек. Содан әбден үркіп қалған екен. Шаһбал апамыз менімен әрі қарай әңгімелесуден бас тартты. Кеудесі алтын сандық болып тұрған жанның қорқынышы енді бекер екенін айтып түсіндіргенімнен ештене шықпады. Жылы қоштасып, амалым құрып үйден шығып бара жатқанымда баладарының бірі жаныма таянып: «Аға, келген мақсатыңыз бізге түсінікті болып отыр. Өзіңіз білесіз, ел әбден ұркіп қалды ғой сол саясаттан. Егер апамнан ән жазып аламын десеңіз, апам ақырын ғана ыңылдап ән айтып, көңілденіп жүретін уақыты болады. Сол кезде Сізді шақыра қояйын. Сіз дайын болып, дереу келсеңіз апам әнді орындап, тарихында айтып береді» демесі барма?! Мұндай қуанбаспын. Телефонымды, мекен-жайымды қалдырып, үзілген үмітті жалғап үйден шықтым.

  Арада айдан астам уақыт өтті. Сәті түскен күн болса керек. Шаһбал апаның баласы қоңырау шалып: «Аға, апам бүгін көңілді. Атамның әндерін айтып бақша ішінде жүр. Жылдам келмесеңіз тағы біраз күтіп қаласыз» деп хабар берді. Таксиге мініп алып, апайдың үйіне жеттім. Шаһбал апамыз шынымен бақша ішінде гүл суарып, арам шөптерін тазалап жүр екен. Жанына жақындағанымда Тайжан атасының әнін сызылта ақырын ғана орындап жүргенін құлағым шалды. Бұрын таныс емес әнді жаттап алайын деп тұра қалғанымды қария сезіп қалып, басын көтерді. Амандасып, екі қолымды соза бергенімде: «Әнеукүні атам әнін іздеп келген бала емессіңбе? Амансыңба қарағым?» деп жылы қабақпен қарсы алды. Есік алдында жүрген балалардың біріне: «Шәй қойыңдар, қонақ келді» деген сөзін естігенімде бойым кеңи түсті. «Әй бала,  үй сыртынан біреу естіп қалып жүрер, үйге кірейік. Ақыры атамды іздеген екенсің. Мен саған біраз нәрсе айтамын» деп үйге кіргізді. «Бөтен кісі аяғы жоқпа, есікті жауып жүріңдерші» деп балаларына құлақағыс етті. Апырмай, 37-нің зұламаты адам санасына үрей болып бойлап алғанын сонда анық сездім. Қорқынышы әлі басылмапты. Менің әрбір қимылымды да бағып отырды. Шамасы үкіметтің адамы деп сескеніп отырса керек. Әуелі менің «анкетамды» сұрастырып, біліп алды. Сөйтіп, Тайжанның алты әнін айтып берді. Дереу нотаға тсүіріп, жазып алып отырмын. «Шалқыма», «Жомарт Тайжан», «Сақ- сақ» (1-түрі), «Гигигай», «Нартайға», «Гага-гай»  атты алты әнмен қоржынымды осы Шаһбал апа толтырды. Шынын айтсақ, ол кісі қазақ ән өнерінің тарихына алты әнді табыс етті.

Өте қызықты жағдай екен. Тайжан әндерін орындап жүрген, Шаһбал апамыздың өзі де өнерге жақын болғаны ғой сірә?

Әрине. Өз әңгімесінде, Шаһбал апамыздың әндерді сонша жаттап алуының тарихында айтып берген еді. Жас күнінде Атбасар өңіріне ұзатылса керек. Балалығынан айырыла қоймаған жас қыз елін аңсап, сағынумен күндерін өткізеді екен. Елден хабар алып, жөн сұрасып тұру қияметтің нағыз өзі. Жас қыздың сағынышын осы Тайжан атасының Атбасар жәрмеңкесіне келуі басатын болса керек. Атбасарға Тайжан ақын келе жатыр деген хабар жәрмеңкеге жиналған жұртқа апта бұрын жетеді екен. Елден турасын айтсақ төркіннен келе жатқан жанды асыға күтетін жан Шаһбал апамыз еді. Бірде жәрмеңкеге келген Тайжан ақын Шаһбалдың үйіне түсіпті. Қона жатып, екі-үш күн өнерін көрсетіп, жас қыздың сағынышын басып, елді әнмен сусындатқан екен. Атбасардан әрі асып Қараөткел, Көкшетауды бетке алатын ақын қайтарында да Атбасардағы Шаһбалға соғып, тағы бір өнер көрсетіп кетеді екен. Міне, осы жағдай Шаһбал апамыздың әнге құмарлығын арттырып, жадында қалуына әсер еткен екен.

Тайжанның әкесі Қалмағамбеттен 5 ұл туады ғой. Тайжан ақын соның үшіншісі. Ал, қалған ұлдарынан осы Тайжан мұрасын бүгінге жеткізгендері барма?

Иә, Қалмағамбеттен 5 ұл туады. Үлкені жаңағы айтқан Шаһбалдың әкесі Құлжан. Одан кейін Тойжан, Тайжан, Шубай, Шалабай. Бәрінінде ұрпақтары бар. Кезінде үлкендер Кеңестік үкіметтің қаһарынан қорқып, балаларымызға кесірі тимесін деп көп әңгімені өздерімен қара жер қойнауына ала кетті. Бірақ, қазақтың ұлы болып туған Тайжанды өзге бауырларынан туған ұрпақтары ұмыта қойған жоқ. Шубай деген інісінен туған Әбдікәрім ағай  «Гигигай» («Сақ-сақтың» II түрі) әуенін шала біледі екен. Сол кісінің үйінде осы ән туралы әңгіме қозғалып, әуенін Әбекең маған ыңылдап үйретті. Бірде ол Алматыда оқып жүріп, демалысқа ауылға келгенінде күйтабақ ала келіпті. Күйтабақтың іші сырнаймен айтылатын әндерге толы болса керек. Барлық әндердің орындаушысы Дүтбай әнші екен.  Ауырып жатқан анасына ән тыңдасын деп күйтабақты қосып берген. Патефондағы әндері кезегімен айтылып, тағы бір жаңа әуен қосылып жатқанда төсектегі анасы: «Ақын атам келді. Атам қайда? Ән соныкі ғой» деп төсегінен атып тұрыпты. Әннің патефоннан шығып жатқанын білген анасы, біраз тыңдап отырып: «Гигигайдың» сақылдап күлетін жерін алып тастапты ғой. Мына әннің күлкісі қайда? Әннің маңызы мен нәрі сол күлкі еді ғой» деп налыпты. Кейіннен анасының айтуымен сол әнге Тайжанның күлкісін қосып, орындауды қолға алдым.

Тайжанды елдің ортасынан әкеткен ызғар  сынып, санамыз бір сілкінді ғой. Дәл бүгінгі күні ел арасынан жаңа деректер кездестіре алдыңызба?

   Ұлытаулық Әлен Әлімбетов деген әнші Тайжан ақын әндерін іздестіріп жүргенімді естіп келіпті. Жұмыс орным музыкалық колледжде болатын. Дереу нотаға түсіріп, «Жігіттер», «Қарсақбай», «Қызыл алма» әндерін жазып алдым. Тайжан мұраларына ден қойып, зерттеп жүрген жезқазғандық ақсақал, қаламыздың Құрметті азаматы Өмірбек Мұқановта ақын әндерінің ноталарын тауып берді. Сыр еліне барған сапарымда халық аузынан «Сыр еліне» атты әнін толықтырып жазып алдым. Бүгінде өзімнің жеке репертуарымда Тайжан ақынның 13 әні бар. Орындай қалсаң халық ұзағынан тұрып қошемет көрсетеді. Бұйырса Тайжан әндерімен репертуарымды байыта түсемін. Ізденіс үстіндемін. Тайжан ақын – менің ән өнеріндегі ғұмырлық тақырыбым. Бұл ел жадынан өшпейтін, өлмейтін мәңгілік тақырып. Мұны Кеңестік жүйенің құйтырқы саясаты да өшіре алмады. Себебі, халықтың Тайжанға деген құрметі, ықыласы жоғары болды. Рухымыздың биіктігін осыдан-ақ байқауға болады. Оның үстіне дос пен ұстазға берген уәдем, олар жүктеген аманат бойымда тұр.

Мазмұнға толы сыр-сұхбатыңызға көп рахмет!

 Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға