Жаңалықтар

Күтумен өткен қайран жылдар

2009 жылдың мамыр айы. Кенет кабинеттегі телефон қо­ңырауы шыр еткені. Теле­фон­ның аржағында таныс да­уыс. Те­ректідегі Айткүл апа. Жөн сұ­расып, амандықтан соң бұйым­тайы бар екенін жа­сырмады. Қарт көңілдің айтқан сырының си­паты былай:    Айткүл Өмірзақова 1923 жылы туған. Өзінен 2 жас үлкен ағасы Қапар Өмірзақов 1921 жылғы. Отбасында екі бала тәрбиеленген екен. 1932 жылғы ашаршылық кезінде Сарыкеңгір аулынан Оң­­түстік Қазақстан облысының Түр­кістан қаласы маңындағы Ащысай кенішіне қоныс аударыпты. Ел енді есін жиған сәтте, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Анасы Үкітай екеуі ағасы Қапарды соғысқа шығарып салады. Ағасы Қапар Уфа қаласында қысқа мер­зімді әскери даярлықтан өтіп, соғысқа кіреді. Кеңес жау­ын­гер­лерінің рухын көтерген Курск шай­қасына қатысады. 1943 жылға дейін елмен хат алысып тұрады. 1943 жылы маусым айында хабарсыз кетеді. Ағасын іздеген Айткүл апа 67 жыл бойы әр көктемді са­ғынышпен өткізді. Анасы Үкітай 1985 жылы, Ұлы Жеңістің 40 жылдығы мерекесі – 9 мамыр күні ұлы Қапардың суретіне қарап жатып көз жұмған екен. Айткүл апа ағасын іздеп Республикалық бірнеше ба­сылымдарға іздеу салады. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне хат жазып, ешқандай нәтиже шығара алмаған.     Телефон арқылы айтылған әң­гіменің мазмұны осы. Тұтқаны орнына қойған соң мойныма бір аманат жүктелгенін сездім. Ол аманат Айткүл апаның ағасы Қа­парды іздеп табу болатын.     Айткүл апаның жан тебіренісін, бауырына деген шексіз махаббатын сезіне оты­рып аманатты ор­ындауға кірістім. Әуелгі жұ­мысты Ресей Федарациясының Мәс­кеу облысына қарасты Подольск қаласында орналасқан РФ Қор­ғаныс министрлігінің мұраға­ты­нан бастадым. Бұл мұрағатта мил­лиондаған боздақтың есімі атал­май, есімдері шаң басқан күй­де жатқаны анық. Қолға қалам алып, кішкентай конвертке үлкен аманатты салып, Мәскеуге аттандырдым. Көп уақыт өтпей Мәскеу мұрағаты деректер базасының сайты бар екенін ха­барлап, ол жерде Қа­пар Өмірзақов жайлы мағлұмат бар екенінен хабардар етті. Жауап жолданған хатқа қоса құжаттардың көшірмесі қоса берілген екен. Ре­сейлік мамандардың тиянақ­тылығы мен жұмысына жау­апкер­шілікпен қарайтыны мені таң­ғалдырды. Құжаттардың көшір­месін алып, Айткүл апаға көрсеттім. Жоғалған боздағы табылғанына қуанып, құдайы ас берді. Ағасын кү­туден жалықпаған Айткүл апа 2010 жылдың 11 маусымы күні Қапардың есімін бірінші рет құранға қосты. Теректіліктер ағасының ар­тынан дерек келген Айткүл апайға көңілдерін білдіріп жатты.     Айткүл апаның ағасы Қапар Өмір­зақов 1943 жылы 11 маусымда Ресей Федерациясының Орлов облысы, Малоархангельск ауданы, Протасово селосында Курск шайқасы кезінде қаза тапқаны анықталды. Марқұмның мәйіті атал­ған мекеніндегі бауырластар зи­ратына жерленген екен. Орлов гу­бернаторы А.П Козловтың тікелей көмегі арқылы Қапар Өмірзақов жер­ленген бауырластар зираты басына қойылған ескерткіштің суретін, Ресейдің мұрағаттарынан Қа­пар Өмірзақовқа қатысты бірнеше құжаттардың көшірмесін алдырдым. Мұндай тарихи құжаттарға өте ұқыптылықпен қарап, көмегін бер­ген ресейлік мамандарға таңда­нысымды жасырмаймын. Осы жағ­дайдың барлығын айтып Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Исабекұлына арнайы материалдар жіберіп, Қапар Өмірзақов соғысқа аттанған Түркістан қаласында жауынгердің есімі аталса екен деген өтінішімді білдірдім. ОҚО-ның әкімі Асқар Исабекұлы мұн­дай қасиетті істен бас тарқан жоқ. Өзінің азаматтығын көрсетіп, жау­ын­гердің есімін Шымкент қала­сының орталығындағы «Жеңіс» саябағындағы тақтаға жаздырды. Жерлесіміздің есімін ұлықтаған әкім Асқар Исабекұлына Айткүл апаның алғысы шексіз. Есімі өзі соғысқа аттанған Оңтүстік өңірінде ұлықталып, жан тапсырған Орлов қаласындағы ескерткіште аты алтын әріппен жазылған жерлесіміздің рухын Сарыарқа жерінде де асқақтату ойымызда бар. Осындай желіні арқау етіп, қазіргі уақытта «Күтумен өткен қай­ран жылдар» атты 40 минуттық деректі фильм әзірлеумен айналысып жа­тырмыз. Алдағы уақытта ол кө­рермендерімен қауышады деген ойдамыз. Келешектің еншісіндегі бұл іске де оқырмандарымыз көз­айым болар. Келелі іске Жез­қазған қаласының әкімі Берік Әб­діғалиұлы да араласып: «Ұлы Отан соғысы жылдарының қиын­дығын қазақстандық барша от­басы тартты. Із-түссіз жоғалған жандарды өмір бойы іздеп өткендер бар. Айткүл Өмірзақованың басына түскен қиындығын бөлісіп, игі мақсатты көздеп, бауырын табуға қол созып, көмек көрсеткен азаматтығыңыз өзгеге үлгі бо­лар­лықтай екен. Қ.Өмірзақов жер­ленген Ресей Федерациясының Орлов облысындағы бауырластар зиратына барып, туған ел то­пы­рағын салуға және деректі фильм­нің жалғасын түсіруге көмек көрсету жолын қарастырамын» деп ағынан жарылды. Өз кезегінде азаматтығын танытқан қала әкімінің қолдауы болады деп сенеміз.     Арада жылдар өтсе де Ұлы Жеңістің бағасы қымбат бола тү­суде. Жыл сайынғы Жеңіс көк­темін күтумен өткізетін Айткүл апай биылғы Жеңіс көктемін де са­ғынышпен қарсы алды. Ол сағыныш бауырға деген ыстық көңілі еді.....   Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС  
06.12.2013 04:07 2870

2009 жылдың мамыр айы. Кенет кабинеттегі телефон қо­ңырауы шыр еткені. Теле­фон­ның аржағында таныс да­уыс. Те­ректідегі Айткүл апа. Жөн сұ­расып, амандықтан соң бұйым­тайы бар екенін жа­сырмады. Қарт көңілдің айтқан сырының си­паты былай:

   Айткүл Өмірзақова 1923 жылы туған. Өзінен 2 жас үлкен ағасы Қапар Өмірзақов 1921 жылғы. Отбасында екі бала тәрбиеленген екен. 1932 жылғы ашаршылық кезінде Сарыкеңгір аулынан Оң­­түстік Қазақстан облысының Түр­кістан қаласы маңындағы Ащысай кенішіне қоныс аударыпты. Ел енді есін жиған сәтте, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Анасы Үкітай екеуі ағасы Қапарды соғысқа шығарып салады. Ағасы Қапар Уфа қаласында қысқа мер­зімді әскери даярлықтан өтіп, соғысқа кіреді. Кеңес жау­ын­гер­лерінің рухын көтерген Курск шай­қасына қатысады. 1943 жылға дейін елмен хат алысып тұрады. 1943 жылы маусым айында хабарсыз кетеді. Ағасын іздеген Айткүл апа 67 жыл бойы әр көктемді са­ғынышпен өткізді. Анасы Үкітай 1985 жылы, Ұлы Жеңістің 40 жылдығы мерекесі – 9 мамыр күні ұлы Қапардың суретіне қарап жатып көз жұмған екен. Айткүл апа ағасын іздеп Республикалық бірнеше ба­сылымдарға іздеу салады. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне хат жазып, ешқандай нәтиже шығара алмаған. 

   Телефон арқылы айтылған әң­гіменің мазмұны осы. Тұтқаны орнына қойған соң мойныма бір аманат жүктелгенін сездім. Ол аманат Айткүл апаның ағасы Қа­парды іздеп табу болатын. 

   Айткүл апаның жан тебіренісін, бауырына деген шексіз махаббатын сезіне оты­рып аманатты ор­ындауға кірістім. Әуелгі жұ­мысты Ресей Федарациясының Мәс­кеу облысына қарасты Подольск қаласында орналасқан РФ Қор­ғаныс министрлігінің мұраға­ты­нан бастадым. Бұл мұрағатта мил­лиондаған боздақтың есімі атал­май, есімдері шаң басқан күй­де жатқаны анық. Қолға қалам алып, кішкентай конвертке үлкен аманатты салып, Мәскеуге аттандырдым. Көп уақыт өтпей Мәскеу мұрағаты деректер базасының сайты бар екенін ха­барлап, ол жерде Қа­пар Өмірзақов жайлы мағлұмат бар екенінен хабардар етті. Жауап жолданған хатқа қоса құжаттардың көшірмесі қоса берілген екен. Ре­сейлік мамандардың тиянақ­тылығы мен жұмысына жау­апкер­шілікпен қарайтыны мені таң­ғалдырды. Құжаттардың көшір­месін алып, Айткүл апаға көрсеттім. Жоғалған боздағы табылғанына қуанып, құдайы ас берді. Ағасын кү­туден жалықпаған Айткүл апа 2010 жылдың 11 маусымы күні Қапардың есімін бірінші рет құранға қосты. Теректіліктер ағасының ар­тынан дерек келген Айткүл апайға көңілдерін білдіріп жатты. 

   Айткүл апаның ағасы Қапар Өмір­зақов 1943 жылы 11 маусымда Ресей Федерациясының Орлов облысы, Малоархангельск ауданы, Протасово селосында Курск шайқасы кезінде қаза тапқаны анықталды. Марқұмның мәйіті атал­ған мекеніндегі бауырластар зи­ратына жерленген екен. Орлов гу­бернаторы А.П Козловтың тікелей көмегі арқылы Қапар Өмірзақов жер­ленген бауырластар зираты басына қойылған ескерткіштің суретін, Ресейдің мұрағаттарынан Қа­пар Өмірзақовқа қатысты бірнеше құжаттардың көшірмесін алдырдым. Мұндай тарихи құжаттарға өте ұқыптылықпен қарап, көмегін бер­ген ресейлік мамандарға таңда­нысымды жасырмаймын. Осы жағ­дайдың барлығын айтып Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Исабекұлына арнайы материалдар жіберіп, Қапар Өмірзақов соғысқа аттанған Түркістан қаласында жауынгердің есімі аталса екен деген өтінішімді білдірдім. ОҚО-ның әкімі Асқар Исабекұлы мұн­дай қасиетті істен бас тарқан жоқ. Өзінің азаматтығын көрсетіп, жау­ын­гердің есімін Шымкент қала­сының орталығындағы «Жеңіс» саябағындағы тақтаға жаздырды. Жерлесіміздің есімін ұлықтаған әкім Асқар Исабекұлына Айткүл апаның алғысы шексіз. Есімі өзі соғысқа аттанған Оңтүстік өңірінде ұлықталып, жан тапсырған Орлов қаласындағы ескерткіште аты алтын әріппен жазылған жерлесіміздің рухын Сарыарқа жерінде де асқақтату ойымызда бар. Осындай желіні арқау етіп, қазіргі уақытта «Күтумен өткен қай­ран жылдар» атты 40 минуттық деректі фильм әзірлеумен айналысып жа­тырмыз. Алдағы уақытта ол кө­рермендерімен қауышады деген ойдамыз. Келешектің еншісіндегі бұл іске де оқырмандарымыз көз­айым болар. Келелі іске Жез­қазған қаласының әкімі Берік Әб­діғалиұлы да араласып: «Ұлы Отан соғысы жылдарының қиын­дығын қазақстандық барша от­басы тартты. Із-түссіз жоғалған жандарды өмір бойы іздеп өткендер бар. Айткүл Өмірзақованың басына түскен қиындығын бөлісіп, игі мақсатты көздеп, бауырын табуға қол созып, көмек көрсеткен азаматтығыңыз өзгеге үлгі бо­лар­лықтай екен. Қ.Өмірзақов жер­ленген Ресей Федерациясының Орлов облысындағы бауырластар зиратына барып, туған ел то­пы­рағын салуға және деректі фильм­нің жалғасын түсіруге көмек көрсету жолын қарастырамын» деп ағынан жарылды. Өз кезегінде азаматтығын танытқан қала әкімінің қолдауы болады деп сенеміз.

    Арада жылдар өтсе де Ұлы Жеңістің бағасы қымбат бола тү­суде. Жыл сайынғы Жеңіс көк­темін күтумен өткізетін Айткүл апай биылғы Жеңіс көктемін де са­ғынышпен қарсы алды. Ол сағыныш бауырға деген ыстық көңілі еді.....

 

Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға