Жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкер қымыздан жасаған балмұздақ жапон нарығын жаулады

Бір қызығы, балмұздақты шығарушы Қазақстандықтың айтуынша, өз елімізде бұл өнім сұранысқа ие емес.  Кәсіпкер Елтай Текесовке жаңа өніммен жапон нарығына шығу идеясы қызық әрі табысты көрінген. Жапондарда суық тағамға жақсы қарайды. Олардың ұлттық тағамдарында ыстық тамақ түрлері өте аз, ал суық тағамды дайындауға келгенде алдарына жан салмайды. Оларда тіпті туралған еттен дайындалған балмұздақ та бар. Ал жылқы шаруашылығында жасалған өнімдер өте сирек кездеседі. Елтай қымыз өнімін дайындауға жапон технологиясын пайдаланған. Өндіріс орны екінші жыл жұмыс істеп келеді және кәсіпкердің айтуынша, қазақстандық өнім Жапонияда үлкен сұранысқа ие көрінеді. «Жылқы сүтін Қытайдан аламын. Өйткені, көршілес елдегі қымыздың дәмі мен сапасы ерекше. Сонымен қатар, қытайлықтар ашыған қымыздан гөрі саумал қымызды көп сатады. Қымызды Қазақстаннан да алуға болар еді, тек оны жеткізуге қыруар қаражат кетеді», - дейді кәсіпкер.  Бақ.кз
26.07.2013 08:30 3701

Бір қызығы, балмұздақты шығарушы Қазақстандықтың айтуынша, өз елімізде бұл өнім сұранысқа ие емес. 

Кәсіпкер Елтай Текесовке жаңа өніммен жапон нарығына шығу идеясы қызық әрі табысты көрінген.

Жапондарда суық тағамға жақсы қарайды. Олардың ұлттық тағамдарында ыстық тамақ түрлері өте аз, ал суық тағамды дайындауға келгенде алдарына жан салмайды. Оларда тіпті туралған еттен дайындалған балмұздақ та бар. Ал жылқы шаруашылығында жасалған өнімдер өте сирек кездеседі.

Елтай қымыз өнімін дайындауға жапон технологиясын пайдаланған. Өндіріс орны екінші жыл жұмыс істеп келеді және кәсіпкердің айтуынша, қазақстандық өнім Жапонияда үлкен сұранысқа ие көрінеді.

«Жылқы сүтін Қытайдан аламын. Өйткені, көршілес елдегі қымыздың дәмі мен сапасы ерекше. Сонымен қатар, қытайлықтар ашыған қымыздан гөрі саумал қымызды көп сатады. Қымызды Қазақстаннан да алуға болар еді, тек оны жеткізуге қыруар қаражат кетеді», - дейді кәсіпкер. 

Бақ.кз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға