Орыс жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ актрисасына кәсіпкер қомақты сыйлық жасады
Фото: instagram.com/fariza_yeskermes
Фото: instagram.com/fariza_yeskermes
11.09.2024 13:00
8344
Жақында орыс жігітіне тұрмысқа шыққан танымал актриса Фариза Ескермеске белгілі кәсіпкер 24 миллион теңге тұратын сертификат сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Актриса бұл жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Тойға келген сыйлықтарды енді ғана ашып қарап жатырмыз. Ең қымбат сыйлық - Ришат досымыздан екен. Андрей екеумізге 12 миллион тұратын курсқа сертификат берді. Жалпы құны 24 миллион теңге тұратын сыйлық. Ришат, көп рақмет, - деп жазды ол.
Кәсіпкердің Фариза Ескермес пен күйеуі Андрейге сыйлаған сертификаты «Усилитель мощности владельца» курсын өтуге арналған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға