Жаңалықтар

«Еркелік емес, ақымақтық». Қоғам белсендісі Мақпал Жүнісованы сынап тастады

«Еркелік емес, ақымақтық». Қоғам белсендісі Мақпал Жүнісованы сынап тастады
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal 19.09.2024 14:02 4500

Журналист, әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы халық әртісі Мақпал Жүнісованың әлеуметтік желідегі жазбасына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әнші көпшілікке алғыс айтып, жамандықтан сақтағанын жазған еді.

Сіздердің қолдауларыңыз мені жамандықтан сақтады. Өмірмен қоштасып жатқан едім. Көрер жарығым бар екен. Кешіріңіздер, жақсыларым! Енді еркелемей тыныш жүремін. Бәріңізге басымды иіп алғыс айтамын!, – деп жазды әнші. 

Өнер иесінің 60-тан асқанда бұлай еркелегені қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызына жақпай қалды.

Жалғыз қалған әйел, әнші, ақын, жазушы, өнерпаз аз ба?! Бағланова, Төлегенова, Рымбаева, Есқалиева, Нұрмағамбетова, Құлышева, Самединова, Бибіажар... Әншілерден басқа, театр әртістері қаншама! Ақын қыздар мен жазушы, журналист қыздар қаншама! Еркеліктің де жөні болады. 60-тан асқанша «ерке қызбын» деп, шолжаңдау – еркелік емес, ақымақтық..., – деп жазды ол. 

Еске салайық, ҚР халық әртісі жақында видео жариялап өзінің бір литр қымыз ішкенін, мас емес екенін айтып, мұң шаққан. Бұл видеосы көпшілік арасында қызу талқыға түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға