Жаңалықтар

АЭС-те апат болады деп алаңдауға негіз жоқ – эколог

АЭС-те апат болады деп алаңдауға негіз жоқ – эколог
Фото: © Freepik.com 23.09.2024 12:19 6041

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы «Биология және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент Александар Убаськин елімізде АЭС салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қауымдастырылған профессор Ресейдегі Белоярск атом электр станциясында эколог ретінде тағылымдамадан өткенін айтып өтті.

Барлығын өз көзіммен көріп, қауіпсіздігіне көз жеткіздім. Мәселен, ғаламдық желіде станция құрылысына қарсылық танытып, нақты деректер келтіріп, жарылыс қаупін айтып, қорқытып жататындар бар. Десе де, зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, АЭС-те апаттың болу ықтималдылығы – миллион жылда 1 рет қана!,- деп сендірді Александар  Убаськин.

Эколог АЭС жұмысы туралы ақпаратқа қанықтығын айтып, Белоярск атом электр станциясы 60 жыл өтсе де, алдыңғы қатарлы АЭС-тің бірі екенін алға тартты. Станция бүгінде жылдам нейтрондарда жұмыс істейді.

Оның айтуынша, атом электр станциясының қоршаған ортаға зияны жоқ.

Көбісі Белоярск станциясын тұрғын үйлерге жақын орналасқан деп алаңдап жатады. Ауыл мен станция арасы - 3,5 шақырым. Сонда да ауылдың 60 мың тұрғыны қаннен-қаперсіз, ештеңеге алаңдамай өмір сүруде. Ақсудан 7 шақырым қашықтықта Мемлекеттік аудандық электрстанса (ГРЭС) да бар. Ол ауыл тұрғындары да тып-тыныш өмір сүріп жатқаны анық,-деді Убаськин.

Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті Қзаақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында АЭС салудың маңыздылығына тоқталып өткен болатын. Осыған орай 6 қазанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға