Жаңалықтар

«Мен өлемін». Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

«Мен өлемін». Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады
Фото: видеодан алынған кадр 09.09.2024 17:34 17476

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыланған видеосына қатысты пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол айтқан сөздеріне кешіріммен қарауды сұрады.

Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Қазір ғана әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты. «Сен біздің масқарамызды шығардың! Сендей сіңлім барына өкінемін» деп маған қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар! Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің әруағы қолдасын, – деді әнші.

Айта кетейік, әнші халықтың 10 пайызы өзін «оңбаған, әнші емес, алқаш» дейтінін айтқан еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға