Жаңалықтар

Тұрардың тәрелкесі

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы өлкетану музейіндегі мына тәрелкені тіршілігінде Тұрар Рысқұловтың өзі пайдаланған екен. Темірден жасалып, сырты эмальмен көмкерілген тәрелкенің шеті қызыл-қоңыр бояумен әрленген, бүгінде оң жақ бетінің бояуы кете бастаған. Кезінде бұл тәрелкені Т.Рысқұловқа Түркістан майданында болған замандасы А.Копейко сыйға тартыпты. Майдангер досының сыйға тартқан тәрелкесін Тұрар Рысқұлов өзі ғана пайдаланатын. Достық деген ұғым Т. Рысқұлов үшін бәрінен жоғары тұратындығын осыдан-ақ көруге болады. Мұхтар Әуезов, Сұлтанбек Қожанов және Мағжан Жұмабаевпен достығы туралы деректері белгілі. Майданда бірге болған достарының бірі М. Фрунзе: «Т. Рысқұлов өзгелерден ерекше ақылдылығын былай қойғанда, өте жігерлі және таптырмайтын жақсы мінездің адамы» -деп баға берген.  Музей директоры Маржан Уәкілбекқызының айтуынша, бұл тәрелкені Тұрардың 90 жылдық тойында әйелі Әзиза Түбекқызы Меркі музейінің қорына сыйлаған екен. Жазушы Шерхан Мұртаза өзі Сәуле Тұрарқызымен бірге Әзиза Түбекқызының осы тәрелкені музейге өткізуіне қатысқан. Меркі жеріне Рысқұловтың ерекше жақын болуына себепте бар. Өйткені ол осы Меркіде өсіп-өнді. Мұнда тумағаны болмаса, өміріндегі елеулі кезеңдер - жас өспірім шағы, мектептегі шағы, алғашқы еңбек жолы, революциялық қызметінің басталуы, коммунистік партияның қатарына өту кезеңдері осы Меркі өңірінде өтті.  Тіпті, осы тәрелке сыйланған уақытта Т.Рысқұлов Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болатын. Бұл қызметке ол 1918 жылы сәуірде сайланған еді. Өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. 1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. Міне, Тұрардың өмірі Меркі өңірімен осындай алмағайып кезеңмен тұспа-тұс келді. Бүгінде Меркі музейінің қызметкерлері Т.Рысқұловқа қатысты құнды дүниелерді жинастыру үстінде. Сталиннің өзі ату жазасына қол қойып, қырықта аса бергенінде қыршын кеткен Тұрар Рысқұловтан қалған бұл дүние иісі қазақ үшін құнды жәдігер екені даусыз. Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
26.07.2013 08:27 3041

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы өлкетану музейіндегі мына тәрелкені тіршілігінде Тұрар Рысқұловтың өзі пайдаланған екен.

Темірден жасалып, сырты эмальмен көмкерілген тәрелкенің шеті қызыл-қоңыр бояумен әрленген, бүгінде оң жақ бетінің бояуы кете бастаған. Кезінде бұл тәрелкені Т.Рысқұловқа Түркістан майданында болған замандасы А.Копейко сыйға тартыпты. Майдангер досының сыйға тартқан тәрелкесін Тұрар Рысқұлов өзі ғана пайдаланатын. Достық деген ұғым Т. Рысқұлов үшін бәрінен жоғары тұратындығын осыдан-ақ көруге болады. Мұхтар Әуезов, Сұлтанбек Қожанов және Мағжан Жұмабаевпен достығы туралы деректері белгілі. Майданда бірге болған достарының бірі М. Фрунзе: «Т. Рысқұлов өзгелерден ерекше ақылдылығын былай қойғанда, өте жігерлі және таптырмайтын жақсы мінездің адамы» -деп баға берген. 
Музей директоры Маржан Уәкілбекқызының айтуынша, бұл тәрелкені Тұрардың 90 жылдық тойында әйелі Әзиза Түбекқызы Меркі музейінің қорына сыйлаған екен. Жазушы Шерхан Мұртаза өзі Сәуле Тұрарқызымен бірге Әзиза Түбекқызының осы тәрелкені музейге өткізуіне қатысқан. Меркі жеріне Рысқұловтың ерекше жақын болуына себепте бар. Өйткені ол осы Меркіде өсіп-өнді. Мұнда тумағаны болмаса, өміріндегі елеулі кезеңдер - жас өспірім шағы, мектептегі шағы, алғашқы еңбек жолы, революциялық қызметінің басталуы, коммунистік партияның қатарына өту кезеңдері осы Меркі өңірінде өтті. 
Тіпті, осы тәрелке сыйланған уақытта Т.Рысқұлов Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметінде болатын. Бұл қызметке ол 1918 жылы сәуірде сайланған еді. Өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. 1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. Міне, Тұрардың өмірі Меркі өңірімен осындай алмағайып кезеңмен тұспа-тұс келді. Бүгінде Меркі музейінің қызметкерлері Т.Рысқұловқа қатысты құнды дүниелерді жинастыру үстінде. Сталиннің өзі ату жазасына қол қойып, қырықта аса бергенінде қыршын кеткен Тұрар Рысқұловтан қалған бұл дүние иісі қазақ үшін құнды жәдігер екені даусыз.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға