«Төсек тартып жатырмын». Мақпал Жүнісова халі нашар екенін айтты
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
17.09.2024 13:35
6882
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова төсек тартып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, оқырмандарымен сырласты.
Өмірден өтіп кететін сияқты күйде төсек тартып жатырмын. Ешкімге тіл тигізген жоқпын, аман болыңыздар! Күз айы мен үшін депрессия. Осы айда қатты күйзеліске түсемін. Зәкеңнен айрылып, жаралы жүрек осы күнге дейін шерлі. Осы күнге дейін өлтірген адамды таба алмай, халықтың алдында ешкімді ұстап бермеді. Сол ашылған күні тек айран ішер едім, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, өнер иесі жақында видео жариялап өзінің бір литр қымыз ішкенін, мас емес екенін айтып, мұң шаққан. Бұл видеосы көпшілік арасында қызу талқыға түсті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан сайланды
Келесі жаңалық
Ресейден табылған тарихи құжаттың көшірмесі жарық көрді