Жаңалықтар

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы
Фото: El.kz/Ақмарал Ағзамқызы 11.09.2024 11:55 10394

Қытайдағы сапарымыздың екінші күні пойыз арқылы Шанхайдан Ляньюньган қаласына бет алдық. Бұл қала Қытай үшін ғана емес, Қазақстан үшін де маңызды миссияны атқаруда. Құрлықта орналасқан еліміз теңіз арқылы тауар тасымалын дәл осы Ляньлюнган порты арқылы жүзеге асырып отыр. Ендеше, Қытайдың туристік қаласына, Орта Азия елдері мен Қытай үшін ынтымақтастық нысанына айналған қаланың тыныс-тіршілігімен таныс болыңыздар.

Ляньюньган қаласы – Қытайдың орталық жағалаудағы ауданында, Цзянсу провинциясының солтүстік-шығысында орналасқан. Қытайдың солтүстік пен оңтүстікті, шығыс пен батысты байланыстыратын ерекше қаласы. Біз күткен темір жол мен контейнерге толы кемелерден бөлек, әсем табиғаты, тауы мен теңізі бар туристік қала екенін бірден байқадық.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Ал Қазақстан үшін Ляньюнган порты тек транзиттік орталық емес, халықаралық сауда-саттықты дамытатын маңызды қақпа, сондай-ақ елдің экономикалық байланыстарын және логистикалық мүмкіндіктерін арттырады.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Қытайдың ХХІ ғасырдың мегажобасына айналған «Бір белдеу, бір жол» жобасының жарқын жетістігі – порт пен логистикалық базаның жұмысы өркендеп жатқанына куә болдық.

Ляньюньган порты арқылы жүк Шығыс, Орта және Батыс деп аталатын 3 бағыт бойынша тасымалданады. Біріншісі Манджурия арқылы Ресейге қарай бағытталса, екіншісі Ішкі Моңғолиядан бірінші желіге қарай тартылған. Ал үшінші бағыт Алашанькоу-Хоргос арқылы Орталық және Батыс Азия елдерімен Еуропаға қарай созылады.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы

Тарихқа көз жүгіртсек,1995 жылы Қазақстан мен ҚХР арасында Қазақстанның Қытайдағы Ляньюньган портын жүк тасымалы үшін пайдалануы туралы келісімшарт жасалған. Ал 2013 жылы ҚХР басшысының Қазақстанға сапары аясында Ляньюньган портында жеке терминал салу туралы келісімге қол қойылды. Осылайша 2014 жылы «ҚТЖ» ҰК» мен Ляньюньган порттық компаниясы арасында «Ляньюньган қаласындағы қазақстандық-қытайлық халықаралық логистикалық компаниясы» атты бірлескен кәсіпорын құрылды.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Порттың инфрақұрылымы контейнерлерді, көлемді тауарларды және өндірістік өнімдерді қоса алғанда, кең ауқымды жүк түрлерін өңдеуге дайындалған. Қытайдың теңіз сауда қабілеттерін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Бір белдеу, бір жол» стратегиясының негізгі нысанына айналды.

Қытайда шығатын «Халық газетінің» ақпаратынша, 2024 жылы порт арқылы тасымалданатын тауар көлемі көбейген. Нанкин кеденінің статистикасына сәйкес, биылдан бастап Қытай-Қазақстан (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасында Қытай-Еуропа (Азия) пойыздары 50 000-нан астам TEU тасымалдады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға өсті. 

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Портта ең заманауи контейнер терминалдары, көлемді жүк өңдеу құрылғылары және тиімді логистика жүйелері бар. Сары теңіздің бойында орналасқан Ляньюнган Азия, Еуропа және Америкаға тікелей жол ашады. Ең бастысы, тауар жеткізу уақыты едәуір қысқарған.

Бұған дейін Ляньюньганнан Алматыға жүк жеткізу 20 күннен астам уақытты алса, қазір ол 7-8 күнде жетеді. Мысалы контейнерлік терминалда кемеден түсірілген электрондық өнім бірден Қазақстанға баратын пойызға тиеледі. Небәрі 15 минуттың ішінде тауарларды кемеден түсіріліп, пойызға тиеледі, – дейді Қытай-Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясының басшылығы.

Порт теміржол және автожол желілерімен жақсы байланысқан, бұл тауарларды ішкі аймақтарға жеткізу мен тасымалдау процесін жеңілдетеді.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Логистикалық база ішінде Қазақстаннан келетін тауарлар қойылған көрме бар. Ұлттық аспабымыз домбыра мен өз елімізде шығарылған өнімдер көзімізге оттай басылды.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Қытай-Қазақстан логистикалық базасы бас директорының орынбасары Әзілхан Беделовтің айтуынша, порт транзиттік жұмысын 100 пайызға орындап отыр.

2023 жылдың қараша айында жұмысқа келдім. Ляньлюнган портының транзиттік рөлі маңызды. Корея мен Жапониядан тасымалданатын жүк порт арқылы Орта Азия елдеріне жіберіледі. Қазіргі таңда жүктің 80 пайызы тасымалданатын санатқа жатады. Кеме арқылы портқа келіп, алдымен Алматыға, кейіннен Ташкентке жіберіледі. Көбінесе Кореядан автокөліктер мен автобөлшектер Алматыға жіберіледі. Қытай экспорттайтын жүктер де бар. Негізінен құрылыс материалдары, резиналар, құрал-жабдықтар жіберіледі. Қазақстандағы кең өңдейтін зауытқа ауыр металдарды майдалайтын құралдар жіберіледі. Ал Қазақстаннан ұн, бидай мен жартылай өңделген шикізат материалдары,  ферроқорытпа, асбест секілді өнімдер Қытай арқылы Жапония мен Қазақстанға жіберіледі. Орталық Азиядан айына 20-25 пойыз келеді, - дейді Әзілхан Беделов.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Портта 4 мың шақырым жердегі Қорғас кеден бекетіндегі жүктің бағыт-бағдарын тікелей бақылауға болады. Арнайы бейнекамера арқылы жүктің қалай кетіп жатқанын әрі тиеліп жатқанын көріп отырдық.

Елдің Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі стратегиялық орналасуы оны аймақтық сауда желілерінде маңызды ойыншы етеді. Ляньюнган порты Қазақстанға жаһандық нарықтарға маңызды теңіздік байланыс қамтамасыз ете отырып, осы контексте негізгі рөл атқарады.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

ШЫҰ Халықаралық логистикалық паркі

ШЫҰ Халықаралық логистикалық паркі – Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер арасында сауда, көлік және логистикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ауқымды бастама. Бұл әдетте шекарааралық сауданы жеңілдетуге, тауар жеткізу тиімділігін арттыруға және ШЫҰ елдері арасында экономикалық байланыстарды нығайтуға арналған орталық хаб ретінде қызмет етеді.

Еуразиядағы негізгі сауда жолдарының бойында орналасқан бұл парк Қазақстан сияқты теңізге шыға алмайтын елдерді теңіз порттарымен және жаһандық нарықтармен байланыстырады. Ол теміржол, автомобиль және теңіз байланыстарын біріктіретін маңызды торап болып табылады.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Логистикалық парк көбінесе кедендік рәсімдерді, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы шекаралық сауданы жеңілдетіп, кедергілерді азайтады. Бұл жоба да «Бір белдеу – Бір жол» бастамасы аясында жүзеге асып отыр.

Паркте тауарларды сақтау, сұрыптау және аймақтық әрі жаһандық нарықтарға қайта тарату мүмкіндігін қамтамасыз ететін заманауи қойма кешендері жетерлік. Экспортқа тәуелді салаларды қамтып отыр.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Сонымен қатар, ШЫҰ елдері арасында экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге арналған алаңға айналды, сауда келісімдерін, бірлескен кәсіпорындарды және әріптестікті нығайтады.

Автоматтандырылған жүйелер, қорларды басқару және логистика тиімділігін арттыру сияқты озық цифрлық технологиялар парктің инфрақұрылымының негізгі құрамдас бөлігіне айналған. Уақыт жағынан тиімді әрі шығынды азайтатын инновациялық технология қолданылуда.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Қазақстан үшін осындай жобаларға қатысу оның аймақтағы орталық транзиттік ел ретіндегі рөлін нығайтады, Қытай, Ресей және басқа көрші мемлекеттермен байланысын және сауда мүмкіндігін арттырады.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Портта ауыр жүк контейнерлерін көтеретін осындай электромобильдер бар. Оның қуаты 5-6 сағатқа жетеді екен. Көз алдымызда ауыр контейнерді биіктіктен көтеріп, келесі орнына жеткізді.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

 Осындай Terralord маркалы көліктеріне ақтаулық кәсіпкер тапсырыс берген. 100 дана көлік Қазақстанға жеткізіледі. Қазіргі таңда қоймада сақтаулы тұр. 

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Ал төмендегі қораптарда бұршақ крахмалы бар. Франциялық кәсіпкердің тапсырысын қоймада жинап, жүк пойыздары арқылы жеткізеді.

Ляньюньган – Қазақстан мен Қытайдың достық қақпасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға