Қазақстанда референдум өтті деп танылды
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы
06.10.2024 14:20
474
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина сағат 14:00-дегі жағдайды баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ОРК мүшесінің сөзінше, тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77%-і бюллетень алды. Республика бойынша 6339425 адам дауыс беруге қатысты. Өңірлер бойынша Түркістан облысы көш бастады (67,38%).
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 52,99 %
2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 %
4. Алматы облысы бойынша – 59,32 %
5. Атырау облысы бойынша – 52,91 %
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52 %
7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 %
8. Жетісу облысы бойынша – 55,42 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 %
10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19 %
13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%
15. Түркістан облысы бойынша – 67,38 %
16. Ұлытау облысы бойынша -59,65 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73 %
18. Астана қаласы бойынша – 45,19%
19. Алматы қаласы бойынша – 16,91 %
20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38 %
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады. Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға