Қырық жастағы ер адам туған қызын пышақтап өлтірді
Фото: iStock
Фото: iStock
09.09.2024 15:50
8206
Санкт-Петербург қаласында ер адам туған қызын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
SHOT таратқан мәлімет бойынша, өткен түні мас күйде 40 жастағы Дмитрий С. Поликарп аллеясындағы пәтерде қалалық экономика политехникалық колледжінің екінші курс студенті 18 жасар қызына пышақпен шабуылдап, бірнеше жерін жарақаттаған. Онымен қоймай, қолындағы суық қарумен баспалдақпен жүгіріп, көршілерін қорқытқан.
Қыз алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ер адам қазір ауруханада жатыр. Жағдайы қалыпқа келгенде полиция бөлімшесіне жөнелтіледі. Күдікті бұған дейін сотты болғаны белгілі болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте Достық мерекесі тойланды