Жаңалықтар

Осы жақсы тәжірибені неге іліп әкетпеске

Осы жақсы тәжірибені неге іліп әкетпеске дегендей емеурін білдіреді. Соның бірі - түріктердің термин жасау принциптеріне үңіледі. Тіл жанашыры ретінде мұның бізге пайдалы тұстарын атап көрсетеді. Айталық, олар белгілі бір ұғымның баламасын іздегенде сөздерді ең алдымен өз тілінен, одан қалса, басқа түрік халықтарының тілдерінен іздейтінін, осындай мүмкіндіктерді сарқып болғаннан кейін ғана еуропалық, интернационалдық терминдерді қабылдайтынын, ақылға қонымды, өмірге икемді осындай принциптерді біздер де негізгі нысана етіп ұстауымызға болатынын еске салады. Ой айту, пікір білдіру арқылы халқының мәртебесін асырсам, бір кезде дүниені тітіренткен түрік жұртының соңғы ғасырларда қағажу көрген қаһарман тарихын, ол туралы жосықсыз бұрмаланған шындықты оның өзі де, өзгелер де таныса екен деген арман ғалым шығармасының бүкіл лейтмотивінен көрінеді. Әрідегі дәуірлердің терең қатпарларына бойламай-ақ, Түрік қағанатынан бергі бір жарым мың жылдық тарихымыздың өзі ата-бабаларымыздың іргесі берік, айбынды мемлекет құрғанын, бүгінгі Монғолияның даласында сақталып тұрған Құлтегін, Білгеқаған, Тоныкөк жазулары өз кезеңінің ақиқатын мәңгілікке қалдырған жазба ескерткіштер екенін, бұл жазудың өзінің шығу дәуірі жағынан славян халықтары қолданып жүрген әліппе – кирилицадан көнелігін әңгімелеуден бастайтын "Түрік қағанатынан Түркістанға дейін" деген көлемді туындысында, Қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістан қаласының қилы тарихы туралы жазылған "Баскент туралы бірер сөз" деген мақаласында, қазақ халқының аумалы-төкпелі тарихын ақтаратын, халық болып қалыптасу жолындағы қиындықтардан сыр шертетін "Шерлі шежіре" деген еңбегінде, жау шапқыншылығынан бас сауғалап, шетел асып кеткен қазақтардың өмірінен мәселе қозғап, ой тастайтын "Ата жұртты аңсаған" деген шығармасында, дін сенімін нығайту, экология қатері, тілді дамытуға қатысты проблемалар төңрегінде оқырманмен пікір бөлісетін "Үш бірлік" деген жаратындысында, месхет түріктерінің трагедиялық тағдырын әңгіме арқауына айналдырған "Арман алдамайды" деген мақаласында ғалым өзіне ғана тән стильмен көптеген тың мәселелер, халқымыз үшін маңызы зор проблемалар көтереді. Олардың бәрін тізіп шығу мүмкін болмағандықтан, автор ойының желісі нені меңзейтінін атап өтумен ғана шектелмекпіз. Біз кімбіз, қандай елміз, халықтың бірлігін қалыптастыру, бүтіндігін нығайту үшін, ислам діні аяқ асты болмау үшін не істеу керек, рулық өлшемнен қайтсек құтыламыз, ұлттық сана деңгейін көтерудің жолдары қайсы, шеттен келген қандастарға қамқорлық қай дәрежеде, түркі тілдес бауырлармен тұрақты байланыс орнатудың тиімді жолдары қайсы? Осы және тағы басқа мәселелер ғалымды толғандырады.
22.07.2013 11:22 3389

Осы жақсы тәжірибені неге іліп әкетпеске дегендей емеурін білдіреді. Соның бірі - түріктердің термин жасау принциптеріне үңіледі. Тіл жанашыры ретінде мұның бізге пайдалы тұстарын атап көрсетеді. Айталық, олар белгілі бір ұғымның баламасын іздегенде сөздерді ең алдымен өз тілінен, одан қалса, басқа түрік халықтарының тілдерінен іздейтінін, осындай мүмкіндіктерді сарқып болғаннан кейін ғана еуропалық, интернационалдық терминдерді қабылдайтынын, ақылға қонымды, өмірге икемді осындай принциптерді біздер де негізгі нысана етіп ұстауымызға болатынын еске салады.

Ой айту, пікір білдіру арқылы халқының мәртебесін асырсам, бір кезде дүниені тітіренткен түрік жұртының соңғы ғасырларда қағажу көрген қаһарман тарихын, ол туралы жосықсыз бұрмаланған шындықты оның өзі де, өзгелер де таныса екен деген арман ғалым шығармасының бүкіл лейтмотивінен көрінеді.

Әрідегі дәуірлердің терең қатпарларына бойламай-ақ, Түрік қағанатынан бергі бір жарым мың жылдық тарихымыздың өзі ата-бабаларымыздың іргесі берік, айбынды мемлекет құрғанын, бүгінгі Монғолияның даласында сақталып тұрған Құлтегін, Білгеқаған, Тоныкөк жазулары өз кезеңінің ақиқатын мәңгілікке қалдырған жазба ескерткіштер екенін, бұл жазудың өзінің шығу дәуірі жағынан славян халықтары қолданып жүрген әліппе – кирилицадан көнелігін әңгімелеуден бастайтын "Түрік қағанатынан Түркістанға дейін" деген көлемді туындысында, Қазақ хандығының ежелгі астанасы Түркістан қаласының қилы тарихы туралы жазылған "Баскент туралы бірер сөз" деген мақаласында, қазақ халқының аумалы-төкпелі тарихын ақтаратын, халық болып қалыптасу жолындағы қиындықтардан сыр шертетін "Шерлі шежіре" деген еңбегінде, жау шапқыншылығынан бас сауғалап, шетел асып кеткен қазақтардың өмірінен мәселе қозғап, ой тастайтын "Ата жұртты аңсаған" деген шығармасында, дін сенімін нығайту, экология қатері, тілді дамытуға қатысты проблемалар төңрегінде оқырманмен пікір бөлісетін "Үш бірлік" деген жаратындысында, месхет түріктерінің трагедиялық тағдырын әңгіме арқауына айналдырған "Арман алдамайды" деген мақаласында ғалым өзіне ғана тән стильмен көптеген тың мәселелер, халқымыз үшін маңызы зор проблемалар көтереді. Олардың бәрін тізіп шығу мүмкін болмағандықтан, автор ойының желісі нені меңзейтінін атап өтумен ғана шектелмекпіз. Біз кімбіз, қандай елміз, халықтың бірлігін қалыптастыру, бүтіндігін нығайту үшін, ислам діні аяқ асты болмау үшін не істеу керек, рулық өлшемнен қайтсек құтыламыз, ұлттық сана деңгейін көтерудің жолдары қайсы, шеттен келген қандастарға қамқорлық қай дәрежеде, түркі тілдес бауырлармен тұрақты байланыс орнатудың тиімді жолдары қайсы? Осы және тағы басқа мәселелер ғалымды толғандырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға