Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
23.11.2024 19:10
9667
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура мәліметінше, прокуратура қызметкері 2023 жылғы 23 қарашада құзырлы ведомствоның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар барысында ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жариялануға жатпайды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Келесі жаңалық
Актриса үйлену тойының алдында суға батып кетті