Жаңалықтар

Алматыда «Сергек» камералары 3 миллионнан астам тәртіпсіздік дерегін анықтады

Алматыда «Сергек» камералары 3 миллионнан астам тәртіпсіздік дерегін анықтады
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 29.11.2024 22:45 457

Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізгеннен кейін 17%-ға азайған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабектің айтуынша, «Сергек» кешендерінің үш жылдық жұмысы барысында Алматы жолдарында апаттар мен өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмендеген. 

Бүгінде мегаполисте 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр, бұл 9152 бейнебақылау камерасын қамтиды. 2021 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта жолдардағы өлім-жітім 40%-ға, жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал апат салдарынан жарақат алғандардың саны 30%-ға азайды, - деді ол. 

Сонымен қатар, жоба іске қосылғаннан бері қалалық бюджетке 44,08 миллиард теңге түскен.

Айта кетейік, тек биылғы жылдың тоғыз айында Алматыда 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, 18,6 миллиард теңгеден астам айыппұл өндіріліп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға