Жаңалықтар

Тимур Сүлейменов: 2025 жылы инфляцияны 4 пайызға жеткізу мүмкін емес

Тимур Сүлейменов: 2025 жылы инфляцияны 4 пайызға жеткізу мүмкін емес
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 29.11.2024 12:55 353

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Президенттің 2025 жылға дейін инфляцияны 3-4 пайыз деңгейіне жеткізу тапсырмасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Көріп отырғаныңыздай, сыртқы және ішкі факторлар өзгеруіне байланысты келесі жылы инфляцияны 3-4 пайызға жеткізу мүмкін емес. Мойындау керек. Өйткені доллардың бағамы, күші өзгерді. Сол себепті келесі жылы 7 пайыз, 2026 жылы 5 пайыз деңгейіне жеткіземіз деген сенімдеміз,-деп нақтылады ол.

16 қарашадан бастап интервенция жүргізуге 13 күнде 1 мрд доллар кеткенін мәлімдеген Ұлттық банк төрағасы оның жеке тұлғаларға әсер етпейтініне сендірді.

Кеше барлық бөлімшеден ақпарат жинадық. Ешқандай артық сұраныс болмай тұр. Қазақстан қор биржасында жұмыс істеп жатқан заңды тұлғалар ғана осы ұсынысты құрап отыр»,-деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға