Жаңалықтар

Астанада шенеуніктер мен кәсіпкер тергеушіден кек алған

Астанада шенеуніктер мен кәсіпкер тергеушіден кек алған
Фото: ©El.kz 29.11.2024 11:45 1592

Сот үкімімен билік өкіліне қатысты күш қолданғаны үшін үш адам сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана прокуратурасының мәліметінше, құқық қорғау органының тергеушісі мемлекеттік орталық органдардың бірінің лауазымды тұлғалары мен ЖШС басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп, компанияның активтерін бұғаттаған.

Оның қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кек алу мақсатында сотталған үш адам тергеушіге шабуыл жасауды ұйымдастырған. Қылмыстық ниеттерін іске асыру барысында олар жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына барып, үйінің кіреберісінде оған шабуыл жасаған, - делінген мәліметте.

Сотта мемлекеттік айыптаушы шабуыл жасағандардың кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен шабуылдың ұйымдастырушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылып, қалған екі қатысушы сәйкесінше 4 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға