Жаңалықтар

«Бетін пышақпен кескілеген». Ақтөбеде әйелді өлтірген ер адам сотталды

«Бетін пышақпен кескілеген». Ақтөбеде әйелді өлтірген ер адам сотталды
Фото: iStock 21.11.2024 09:57 6237

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтірген күдіктіге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті У. жәбірленуші С.-ны көлікте жүргізушінің қауіпсіздік белдігімен тұншықтырған. Сөйтіп ол жәбірленушіні өлітіріп, оның 150 мың теңге тұратын алтын алқасы мен Toyota Camry автокөлігін иемденген. Күдікті жәбірленуші С.-ның жеке басын анықтауды қиындату үшін оның бетін пышақпен тіліп, мәйітін ауылдық жолдың жанындағы бұталар арасына тастап кеткен.

Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді тінту және қарау хаттамаларымен, сараптамалардың қорытындыларымен және алынған заттай дәлелдемелермен расталды.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сонымен, сот полиция департаментінің басшылығына тиісті шара қолдану үшін жекеше қаулы шығарды, – делінген сот хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға