Жаңалықтар

Доктор Курокаваның экологиялық-қала салу бастамасы

Аумағы осынша үлкен дала кеңістігінде жатқан кішкентай ғана Есіл өзені қазір тек ауызсу көзі ғана емес, кең ауқымда алып қарағанда, тіршілігіміздің күре-тамырына айналып отыр. Өзеннің ластануы тек астананың ғана емес, сонымен қатар тұтастай осы өңірдің болашағына қауіп тудыратын апатпен бірдей. Доктор Курокава қаланың экологиялық саулығын қамтамасыз ететін қала салу шараларының аясында, Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын бойлай эко-дәліз қалыптастырумен бірге, Астананың айналасына эко-орман өсіруді де қажетті деп есептеді. Бұл орман Астананы жазғы құрғақшылықтан, қысқы бұрқасынды боран мен дауылдан қорғап, қала климатын жұмсартады және ондағы ортаның жайлылығы мен коркемдік сипатын арттвірвш отырады. Доктор Курокаваның экологиялық-қала салу бастамасын Елбасы қолдап қана қойған жок, сонымен қатар оны дамытты: солтүстік бағытта курортты аймақ Бурабайдың табиғи орман жыныстарына ұласқанға дейін эко-орман отырғызуды жалғастыру туралы тапсырма берді. Соңғы 6 жыл ішінде қала маңындағы 30 мың гектардан аса алаңға орман отырғызылды. Алғашқы көшеттер көктеп, биіктігі 6-10 метрге дейін жетті. Алдағы бес жылда эко-орман отырғызылатын аймақтың көлемін 40 мың гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Алайда аталған қала салу шаралары, табиғатты жаңғыртушы қала салу шараларының тек бір ғана бөлігі болып табылады. Осылардың қатарында ескі және жаңа құрылыстардың ішінде шағынбақтардың, саябақтардың тұтастай желісін құру мәселесі де қарастырылған. Сонымен бірге, қалалық ортада органикалық табиғатты бейнелеудің алғышарттары құрылады, қала тұрғындарының демалуына мүмкіндік тудыру мақсатында, пәтерлерге жақын қашықтықтағы бұрыштарда әр түрлі көркем биологиялық флоралар мен фауналар орнатылады. Жаңа мен ескінің байланысын, қалалық ортадағы тарихи-мәдени құндылықтарды айғақтайтын нысандардың сақталуын, оларды қаланың жоспарлы кұрылымына органикалық енгізуді доктор К. Курокава алдағы міндеттердің қатарында жеке бөліп алды және оны астананың қайталанбас сәулеттік кескінін қалыптастыруда қаланың айқын мәнері мен өзіндік келбетіндегі жетістіктерді қамтамасыз ететін шарт ретінде қарастырды. Осы мақсатпен доктор К. Курокаваның шығармашылық тобы қаланың тарихи мұраларымен танысып шығу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соған сәйкес жобалық ұсыныстар дайындады. Жапон сәулетшісінің пікірі бойынша жаңа астана әрі қарай дамуға бейім болуы керек. Бұл орайда, қысқа мерзімді (ауыстырылып отыратын) элементтерден тұратын ұзақ мерзімді құрылымның бір мезгілде динамикалық өсуі мен өзгермелілігінің өзара үйлесімі қағидаттары бойынша қаланы дамытудың өзгермелі (жетілдіріліп отыратын) жоспары ұсынылды. Жаңа астананың сәулеттік келбетін қалыптастыру кезінде доктор К. Курокава абстарктілі символизм әдісіне сүйенуді ұстанды. Оның пікірі бойынша, бұл тәсіл қалада халықтың мәдени және дәстүрлі мұраларының бейнеленуіне, сондай-ақ халықаралық қала бейнесінде үйлесімді суреттелетін қала ландшафын құруға мүмкіндік береді. Абстарктілі символизм тәсілінің мәні Қазақстанның дәстүрлі мәдени символдарын абстрактілі түрде білдіретін, түсінікке жеңіл карапайым геометриялык фигураларды пайдалану болып шығады. Соның ішінде, көшпелі халық ұғымында белгілі бір мәнге ие, олардың өрнектері мен киімдерінде жиі пайдаланылатын үшбұрыштар, конустар, сопақ және жартылай сопақ формаларды қолдану ұсынылды. Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы
26.02.2013 06:17 2605

Аумағы осынша үлкен дала кеңістігінде жатқан кішкентай ғана Есіл өзені қазір тек ауызсу көзі ғана емес, кең ауқымда алып қарағанда, тіршілігіміздің күре-тамырына айналып отыр. Өзеннің ластануы тек астананың ғана емес, сонымен қатар тұтастай осы өңірдің болашағына қауіп тудыратын апатпен бірдей. Доктор Курокава қаланың экологиялық саулығын қамтамасыз ететін қала салу шараларының аясында, Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын бойлай эко-дәліз қалыптастырумен бірге, Астананың айналасына эко-орман өсіруді де қажетті деп есептеді. Бұл орман Астананы жазғы құрғақшылықтан, қысқы бұрқасынды боран мен дауылдан қорғап, қала климатын жұмсартады және ондағы ортаның жайлылығы мен коркемдік сипатын арттвірвш отырады.

Доктор Курокаваның экологиялық-қала салу бастамасын Елбасы қолдап қана қойған жок, сонымен қатар оны дамытты: солтүстік бағытта курортты аймақ Бурабайдың табиғи орман жыныстарына ұласқанға дейін эко-орман отырғызуды жалғастыру туралы тапсырма берді. Соңғы 6 жыл ішінде қала маңындағы 30 мың гектардан аса алаңға орман отырғызылды. Алғашқы көшеттер көктеп, биіктігі 6-10 метрге дейін жетті. Алдағы бес жылда эко-орман отырғызылатын аймақтың көлемін 40 мың гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Алайда аталған қала салу шаралары, табиғатты жаңғыртушы қала салу шараларының тек бір ғана бөлігі болып табылады. Осылардың қатарында ескі және жаңа құрылыстардың ішінде шағынбақтардың, саябақтардың тұтастай желісін құру мәселесі де қарастырылған. Сонымен бірге, қалалық ортада органикалық табиғатты бейнелеудің алғышарттары құрылады, қала тұрғындарының демалуына мүмкіндік тудыру мақсатында, пәтерлерге жақын қашықтықтағы бұрыштарда әр түрлі көркем биологиялық флоралар мен фауналар орнатылады. Жаңа мен ескінің байланысын, қалалық ортадағы тарихи-мәдени құндылықтарды айғақтайтын нысандардың сақталуын, оларды қаланың жоспарлы кұрылымына органикалық енгізуді доктор К. Курокава алдағы міндеттердің қатарында жеке бөліп алды және оны астананың қайталанбас сәулеттік кескінін қалыптастыруда қаланың айқын мәнері мен өзіндік келбетіндегі жетістіктерді қамтамасыз ететін шарт ретінде қарастырды. Осы мақсатпен доктор К. Курокаваның шығармашылық тобы қаланың тарихи мұраларымен танысып шығу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соған сәйкес жобалық ұсыныстар дайындады. Жапон сәулетшісінің пікірі бойынша жаңа астана әрі қарай дамуға бейім болуы керек. Бұл орайда, қысқа мерзімді (ауыстырылып отыратын) элементтерден тұратын ұзақ мерзімді құрылымның бір мезгілде динамикалық өсуі мен өзгермелілігінің өзара үйлесімі қағидаттары бойынша қаланы дамытудың өзгермелі (жетілдіріліп отыратын) жоспары ұсынылды.

Жаңа астананың сәулеттік келбетін қалыптастыру кезінде доктор К. Курокава абстарктілі символизм әдісіне сүйенуді ұстанды. Оның пікірі бойынша, бұл тәсіл қалада халықтың мәдени және дәстүрлі мұраларының бейнеленуіне, сондай-ақ халықаралық қала бейнесінде үйлесімді суреттелетін қала ландшафын құруға мүмкіндік береді. Абстарктілі символизм тәсілінің мәні Қазақстанның дәстүрлі мәдени символдарын абстрактілі түрде білдіретін, түсінікке жеңіл карапайым геометриялык фигураларды пайдалану болып шығады. Соның ішінде, көшпелі халық ұғымында белгілі бір мәнге ие, олардың өрнектері мен киімдерінде жиі пайдаланылатын үшбұрыштар, конустар, сопақ және жартылай сопақ формаларды қолдану ұсынылды.

Дереккөзі: АСТАНА энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға