Жаңалықтар

Алғашқы қазақстандық Кореядағы референдум учаскесінде таңдауын жасады

Алғашқы қазақстандық Кореядағы референдум учаскесінде таңдауын жасады
Фото: t.me/pressmfakz 06.10.2024 04:01 96

Қазақстан Республикасының азаматтары референдумда өздерінің конституциялық құқықтарын алғашқылардың бірі болып Корея Республикасында өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ мәліметінше, Сеулдегі референдумда бірінші қазақстандық болып халықаралық ұйым қызметкері Камила Маутова дауыс берді.

Бұл шешімнің еліміздің болашағы үшін маңызы зор, ал референдум - қоғамның барлық көзқарастарын ескеру, шешім қабылдауда ашықтықты қамтамасыз ету мүмкіндігі. Үкімет әркімнің пікірін тыңдауға тырысады және біз, азаматтар үшін бұл үдеріске белсенді қатысу өте маңызды, - деді Камила Маутова.

Ол сондай-ақ шетелде тұратын көптеген қазақстандықтар біздің дипломатиялық өкілдіктердің күш-жігерінің арқасында референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын айтты.

Бұл біздің еліміздің болашағы үшін маңызды шешім қабылдаудың ұжымдық мүмкіндігі және бұл референдум экономикалық даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймын, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға