Жаңалықтар

Жыл соңына дейін 17 ерте араласу орталығын ашу жоспарланып жатыр – Ажар Ғиният

«Қамқорлық» бастамасы аясында осы жылы балаларға арналған 8 оңалту орталығы, 2 ерте араласу орталығы ашылды
Жыл соңына дейін 17 ерте араласу орталығын ашу жоспарланып жатыр – Ажар Ғиният
Фото: egemen.kz 05.07.2022 12:32 1176

«Қамқорлық» бастамасы аясында осы жылы балаларға арналған 8 оңалту орталығы, 2 ерте араласу орталығы ашылды. Жыл соңына дейін 17 ерте араласу орталығын ашу жоспарланып жатыр,– деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі айтты.

Министрдің айтуынша қалпына келтіру емі және медициналық оңалту төсектерімен қамтамасыз ету 62% - ды құрайды.

– Жыл сайын балаларға арналған қалпына келтіру емі төсектері санының өскені байқалады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен бері медициналық оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 7,2 есеге ұлғайды. 2022 жылға 74,6 млрд. теңге көзделген. Оның ішінде балаларды оңалтуға 11,4 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, – деді Денсаулық сақтау министрі.

Осылайша министр пациенттерді медициналық оңалту қызметтерімен қамту 6 есеге дейін ұлғаятындығын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға