Жаңалықтар

Қазақстандық тағы бір әнші қытайлық тыңдарманды тамсандырды

Қазақстандық тағы бір әнші қытайлық тыңдарманды тамсандырды
Фото: Ертай Нүсіпжановтың instagram-дағы парақшасы 01.07.2024 03:22 16951

Көптеген халықаралық ән байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова бұл жолы Қытай халқын тамсандырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бойжеткен отандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің ізімен қытайлық «Singer» жобасына қатысты.

Ән байқауының 8-кезеңінде жерлесіміз «All By Myself» әнін шырқады. Алайда қазылар шешімімен ол келесі кезеңге өте алмай қалды.

Сөйтет тұра Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде жерлесіміздің талантына тамсанғандар көп. Тіпті кейбірі оны келесі кезеңде өнер көрсетуге лайық әнші деп бағалауда.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға