Жаңалықтар

Моңғолиядан келген қандас Қазақстан Ғылым академиясының ең жас академигі атанды

Моңғолиядан келген қандас Қазақстан Ғылым академиясының ең жас академигі атанды
Фото: «Отандастар» қоры 26.06.2024 18:38 10044

Қауымдастырылған профессор Сураған Дурвудхан ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі болып таңдалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жалпы отырысы өтті. Отырыс барысында ҚР Ғылыми-техникалық ғылымдар академиясы өткізген конкурс қорытындысы бойынша академик атағын беру туралы шешім қабылданды. 

Лондон Корольдік колледжінің түлегі Сураған Дурвудхан көрнекті ғалым ғана емес, сонымен қатар отандық білім берудің дамуына елеулі үлес қосып жүр. Ол математика және теориялық физика саласындағы мамандарды даярлаумен белсенді айналысады.

PhD доктор Сураған беделді халықаралық The Ferran Sunyer i Balaguer Prize сыйлығымен марапатталған. Ол сондай-ақ шетелде ең көп цитата алатын қазақстандық ғалымдардың бірі ретінде мойындалған. Scopus дерекқорына сәйкес, оның еңбектері 383 рет жинақталған, ал Хирш индексі (h-index) 13 құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға