Жаңалықтар

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілді

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілді
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 21.06.2024 20:00 5197

Бүгін Ақмола облысының Зеренді ауылында «Ауыл» партиясының кезекті ХХІV съезі өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Съезге орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен қоғамдық пікір көшбасшылары және мәжіліс депутаттары, әр өңірден делегаттар келді.

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілдіфото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Ақтөбе облысында үш жылдың ішінде 17 мың тұрғын ауылдан көшіп кеткен

Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов съезге қатысып, ауылдағы мәселелерге тоқталды. Айтуынша, ауылға бөлінген қаншама қаржы шетелге кетіп жатқанын тілге тиек етті.

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілдіфото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Қазақстан бойынша есептейтін болсақ, қаншама ақша сыртқа кетіп жатыр. Бұл жердегі мақсат - Президент айтқандай, ауылдағы азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету, сол жерде тұратындардың табысын көтеру. Қазір ауылдан адамдар көшіп жатқанын жақсы білесіздер. Ал кейбір облыстарда керісінше Түркістан, Маңғыстау, Ақмолада адам көп. Бірақ Ақтөбе облысында үш жылдың ішінде 17 мың адам ауылдан көшіп кетті. Бұл сан аз емес, 17 мың деген бүтін бір ауданның тұрғындары қалаға көшіп кетті деген сөз. Қалада олар жұмыс тапқысы, отбасын құрғысы келеді. Десе де, бітпейтін мәселе қалада да бар. Сол себепті қаланың мәселесін шешу үшін ең алдымен ауылдың мәселесін шешу керек, - дейді премьер-министрдің кеңесшісі Тоғжанов.

Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 2 трлн-нан астам қаражат жұмсалған

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков аталған партияның өздеріне ең жақын партия екенін айта келіп, Президент өзінің Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытуға бірқатар тапсырма бергенін атап өтті.

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілдіфото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Алдымыздағы бес жылдың ішінде ауылшаруашылық өнімін екі есеге арттыру және ауылшаруашылық өнімін өңдеу, терең өңдеуді үш жылдың ішінде 70 пайызға ұлғайтуды, сондай-ақ ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту мәселесін 10 пайызға дейін ұлғайтуды жүктеді. Сол бойынша министрлік үлкен жұмыс атқаруда, - деді вице-министр Ербол Тасжүреков.

Бұдан өзге ведомства басшысы былтырғы жылы бюджет 400 млрд-тан 500 млрд-қа дейін ұлғайғанын жеткізді.

Биылғы жылы көтемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру мәселесін 180 млрд-тан 580 млрд-қа дейін ұлғайттық. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 2 трлн-нан астам қаражат жұмсалды, – деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков.

Съезде жаңа жарлық пен саяси бағдарлама қабылдадық

«Ауыл» партиясының төрағасы Серік Сегізбаев съезде күрделі мәселелер қаралғанын айтты. Сондай-ақ партияның атауын да өзгерту жөніндегі үрдіске кіріскелі жатқанын атап өтті.

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілдіфото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Съезде жаңа жарлықты қабылдап, жаңа саяси бағдарламаны қабылдадық. Келесі жылы партияның құрылғанына 25 жыл болады. Партиямыз былтырғы жылы алғаш рет сайлауда Парламент құрамына кірді. Аудандық әкімдер сайлауында біздің партияластарымыз аудан әкімдерін басқарып, бірнеше аудандадарда әкімдер сайланды. Халық сеніміне ие болып жатырмыз. Мәжілісте ауыл фракциясының құрамында 8 депутат бар, – деді «Ауыл партиясының» төрағасы.

Партия төрағасы Серік Сегізбаев Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Ауыл аманаты» бағдарламасының ауыл, өңірлерде дұрыс жүзеге асуына мұрындық болып, соны үнемі бақылауда ұстау қажеттігін айтты.

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілді

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілдіфото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Алайда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асырылуы қарқынды жүріп жатқан жоқ. Оған біздер наразылық білдіріп, сын да айттық. Бөлініп жатқан ақшалары толық емес, игерілуі де шамалы. Президент 2024 жылға дейін осы бағдарламаға 1 трлн ақша бөлу керегін айтты. Оның артында үлкен әлеуметтік мақсат тұр. Соны жүзеге асырмағанда, нені асырамыз?! Кешегі комитет отырысында биылғы «Ауыл аманаты» бағдарламасының қаржысы әлі бөлінбегені айтылды. Үкіметке осы мәселені қолға алуды тапсырдық, – деді партия төрағасы Серік Сегізбаев.

Екі күнге созылған съезде жергілікті мәселердің бәрі көтерілді

«Ауыл» партиясының «Жастар қанатының» төрағасы Дәурен Рахымбектың айтуынша, партияның логотипі ауысады.

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілді

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілдіфото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Бұл - біз үшін жауапты әрі тарихи съез. Шараға 17 облыс, 3 республикалық маңызы бар қалалармен, аудандардан, «Ауыл» партиясының атынан сайланған 8 мәжіліс депутат пен 150-ге жуық қонақтар қатысты. Өңірлерде конференциялар өткен кезде облыс төрағалары, жергілікті мәселелердің бәрін көтерген болатын. Бұл съез бір күндік ғана емес екі күнге жоспарланған. Кешеден бері ой бөлісіп, сол мәселелерді талқылап, жүйелеп, алдағы уақытта Үкіметке шешу жолдарын ұсынамыз, - дейді Дәурен Рахымбек.

«Жастар қанатының» төрағасының сөзінше, ең басты мақсат ауылдық жердегі халықтың әлеуметтік-экономикалық, жағдайын жақсарту, сондай-ақ кәсіпкерлікке баулу бойынша бірнеше жобалар жүзеге асып жатыр.

Тасқыннан зардап шеккендерге 50 үй салып жатырмыз

Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс жасағының командирі Санжар Темірбай бүгінгі таңда жасағымен бірге «Ауыл» партиясының атынан су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үйін қалыпқа келтіріп жатыр.

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілдіфото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы

«Ауыл» партиясы мен үшін үлкен мүмкіндік берді. Себебі су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қалай көмектесерімді білмей жүргенімде, маған партия жұмыс пен форма кигізіп жасақ құруға көмектесті. Қазір тасқыннан зардап шеккен отбасыларға 50 үй салуға көмектесіп жатырмыз Тасқыннан зардап шеккендердің ішінде әрқайсымыздың туысымыз да бар. Осындайда көмек қолын созбасақ, азаматтығымызға сын емес пе?!, - дейді жас командир Санжар Темірбай.

Айтуынша су тасқынынан зардап шеккен адамдардың бүлінген баспанасы өте көп және осы ретте «Ауыл» партиясы оларға жаңа баспана салуға көмек қолын созуда.

«Ауыл» партиясының ХХІV съезінде қандай мәселелер көтерілдіфото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы

Съезд жұмысы барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шаралары мен тетіктері туралы пікір алмасу болды. Сондай-ақ, партияның саяси кеңесі мен ревизиялық комиссиясының есебі тыңдалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға